ТУЫСҚАННЫҢ АҚЫСЫ…….

ТУЫСҚАННЫҢ АҚЫСЫ…….
Адам туыспау керек, бір туғанмын- дедің бе? Онда сөз қуыспау керек. Бас жарылса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде. Қамшы тисе, сен көкпарыға келдің бе? Әлде дойбы ойнауға келдің бе?
Бауырыңның шаңырағына келген екенсің, онда асын ішіп, төсегін тілме. Төсекте басы, төскейде малы қосылған елміз. Қыз алып, қыз берген құда-жегжатпыз.
Ойында әділетсіздік болса, болған шығар төрешілер де періште емес, пенде ғой, қанына тартқан болар. Шаңырағым-деп бауырына бүйрегін бұрса, бұрған шығар. Өз елінде өткізсе, оны әркім жасайды.
Туысқанның ақысы, жамандығын жасырып, жақсылығын асырады. Қатесін кешіреді, әділетсіздігін санасынан өшіреді. Ол сонысымен туысқан.
Айдай әлемге абыройыңды шашып, артыңды ашқан, ағайындыққа жатпайды бауырлар. Мына майдаланып кеткен заманда, ірі болып үйренейік.
Бауыры атқа шапса, тақымын қысқан бір туған емес пе едік? Қаңқу сөздер сүттей ұйып отырған екі елдің ауызбіршілігіне сызат түсірмесін.
“Қапиямды аңдығандар қапсыра құшақтаған болып, қабырғамды санады”- демей ме? Атам қазақ.
Ойыннан от шығады. Екі елдің қапиясын аңдып отырғандар, ағайындардың ортасына жік салмасын.
Көкпар деген не тәйірі, “Атасының құнын кешкен”, бір туған бауырға, ренжуге болмайды, айыр қалпақ ағайын………
МАҚСАТ СҚАҚОВ әлеуметтік парақшасынан алынды
17.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 20.01.2025 87
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 20.01.2025 66
Жамбыл облысында 600-ден астам мемлекеттік қызметшінің құқықтары қорғалды
Р.Ш.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 20.01.2025 38

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 13325
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 12165
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 15407
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 14333
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 19368