Жас кезінен болаттай берік ерік-жігерімен, мұқалмас қажыр-қайратымен, аса зор ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түскен Сәуле Баймырзақызы үнемі өсу, өрлеу жолында болды. Сәуленің тағы бір аса зор дарынының бірі үлкен әлеуметтік проблемаларды саралап, терең идеяларды алға тартып, қажетті тұжырымдар жасай білетін ғалымдығы болатын және өзіне тән қасиеттерінің бірі – кез келген жағдайда биік парасаттылығын танытып отыратын, болмысбітімімен тұнып тұрған гумманист ғалым.
Әу бастан төңірегінде болып жатқан қоғамдық құбылыстарды талдап-саралап, оның тереңіне үңіліп, зерттепзерделеп жүретін Сәуле Баймырзақызы ғалым ретінде негізінен әдебиеттану бағытын таңдады. Аса ауқымды жұмыстарды атқара жүріп, ғылыммен айналысуға да уақыт таба білген ол 1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанындағы мамандандырылған кеңестің шешімімен филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. 2010 жылы «Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ поэзиясының көркемдік тұтастығы мәселелері» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 150-ден аса ғылыми мақалалары бар, оның кейбірі жоғары рейтингтегі халықаралық Импакт-факторлы-Tomson Reuters, Scopus журналдарында жарияланған. 4 монография, 3 оқу құралы, 8 көмекші оқу құралының, 5 мультимедиялық-электронды оқу құралдарының авторы мәселелерімен айналысып жүрген ғалым. Әдебиетті адамзаттың ғасырлар бойы жасалған мұрасы – сөз өнері әрі ғылым ретіндегі оның ерекшелігіне сүйене отырып, халқымыздың көркем тарихымен сабақтастыра отырып, білім мазмұнын жаңарту, теорияны тәжірибемен ұштастыруды көздеу – ғалымның басты қағидасы. Халықаралық ақпараттар Академиясының академигі, Ресей Жаратылыстану Академиясының корреспондент мүшесі, Ресей білімін жетілдіруде және дәріс оқудағы жетістігі үшін төсбелгімен марапатталған. «Ыбырай Алтынсарин» атындағы төсбелгі иегері атанған, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантының иегері болды.
Қазақ әдебиеті мен тілінің мәселесі көтерілгенде республикалық басылымдарда жанайқайын жазып, ұлттық сөз өнерінің маңызын түсіндіре білді. 2013 жылы алғаш рет республика көлемінде «Абайтану» пәнінің жаңа форматта оқытылу керектігін бастама етіп көтеріп қана қоймай, абайтанушы ғалым Қ. Мәдібаймен бірлесіп әр мамандық ерекшелігіне сай оқу-әдістемелік кешенін, силлабустарын жасады. Кафедра ұжымының ғылыми әлеуетін арттыруда да 11 оқытушының лауазымын университет Ғылыми кеңесінде ұсынып, әрқайсысының беделін қорғап шықты.
Өзінің білгенін, білімін шәкірттерге үйретіп қана қоймай, шәкірт еңбегінен қуат алып, қуана білетін тұлғалы ұстаз. Білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы ұстаз. Осы қасиетті ұғымды бүкіл болмыс бітімімен дәлелдеген де болатын. Кез келген уақытта заман ағымына сай біліммен қаруландыруды жастарға өнеге еткен ұлағаттылығы көпке үлгі болмақ. Қашанда жауапкершілік пен міндеттерді жүктейтін мамандықтың негізін білім ретінде таныған ғалым үздіксіз білім беру мәселесін кең ауқымда қойды. Ұстаз тұлғасы, ұстаз келбеті, ұстаз болмысы деген негізгі қағидалардың үдесінен шыққан, білімді де білікті тұлға екенін мойындатты.
Профессор С.Ержанованың көп жылдардан бері ден қойып зерттеп келе жатқан тақырыбы – қазіргі қазақ поэзиясы. «Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ поэзиясы» атты көлемді монографиясы осы мәселенің қыр-сырын зерттеуге арналған, іргелі ғылыми еңбек болды. Онда тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэзиясына тән идеялық-көркемдік ізденістерді пайымдау, тақырыптық-танымдық арналарды сараптап, тәуелсіздік тағылымы және шетелдердегі қазақ ақындарының жырларынан рухани сабақтастық, үндестік тапқанын, тәуелсіздік жылдарындағы ел, жер, ұлттық тіл тағдырына, мемлекеттік рәміздерге қатысты туған жырлардағы жаңа идеялық бағыт-бағдарларды айқындады. Үлкен ауқымдағы тұлғаның әрдайым да, күрескер, қиындықтан қашпайтын, қайта оларды табанды еңбегімен, зор қажыр-қайратымен жеңе білетін адамдар екені белгілі.