Umami балмұздақ бренді Қазақстанның бай гастрономиялық дәстүрлеріне арналған жаңа дәмдер топтамасының шығарылғанын мақтанышпен хабарлайды. Бұл соңғы жылдары байқалған қазақ мәдениеті мен ұлттық бірегейлікке деген қызығушылықтың артуын, сондай-ақ ата-баба мұрасын қазіргі қалалық өмірде – музыка, сән және гастрономия арқылы қайта жаңғырту үрдісін көрсетеді.
Жаңа дәмдер топтамасы дәстүрлі қазақстандық ингредиенттерді заманауи үлгіде ұсынады. Идеялық шабыттандырушы және рецепттердің авторы – брендтің тең құрылтайшысы, технолог әрі халықаралық деңгейдегі джелатерье Оксана Ким-Флайоск. Франция мен Италияда білім алған Оксана гастрономия саласында мол тәжірибе жинаған.
«Маған оқиға желісін дәм арқылы жеткізу ұнайды, – деп бөлісті Оксана. – Тек қарапайым десерттерді емес, әр ингредиенті оркестрдегі аспап сияқты өз рөлін атқаратын күрделі, көп қабатты композициялар жасауды ұнатамын. Тарихтан шабыт іздеп, классиканы құрметпен интерпретациялап, өз авторлық көзқарасымды қосамын. Мысалы, тәтті мен тұздыны үйлестіріп, гастрономиялық үйлесімнің шыңына жетемін».
Жаңа топтама үш ерекше дәмді қамтиды: «Кілегейлі Құрт» – құрттың тұзды дәмі мен сүтті негіздің үйлесімі, «Тары мен Талқан» – сүтті шай мен қуырылған тарының үйлесімі, «Балқаймақ пен Ірімшік» – балқаймақтың қышқылтым дәмі мен ірімшіктің карамельді тәттілігі.
Жаңа балмұздақ топтамасын әзірлеу барысында Umami өзінің дәмнің мінсіз теңгерімі, жасанды қоспаларсыз таза ингредиенттерді қолдану және жергілікті шикізат жеткізушілерге басымдық беру сияқты қағидаттарына берік болды.
Umami балмұздақ топтамасы дәстүрлі қазақ дәмдерінің заманауи инновациялармен үйлесіп, ерекше гастрономиялық әсер сыйлай алатынының жарқын мысалы болып табылады.
«Біз командамен бірге тұтынушыларға жай өнім емес, дәм арқылы шынайы саяхат ұсына алатынымызды мақтан етеміз. Әркім заманауи десертке айналған дәстүрлер арқылы Қазақстанмен байланысты сезінсе, оны жаңа қырынан тани алса дейміз. Бұл балмұздақ – мәдениетті сақтай отырып, жаңашылдыққа ашық болудың және таныс дәмдермен тәжірибе жасаудың символы», – деп атап өтті Umami брендінің тең құрылтайшысы Ксения Шенцова.
Жаңа топтаманың тұсаукесері баспасөзге арналған таныстырылыммен қатар өтті. Іс-шарада этнограф Айгерім Мұсағажинова әсерлі баяндама жасады, ол қонақтарға осы дәстүрлердің тарихи тамырлары туралы ғана емес, олардың бүгінгі күні қалай өмір сүріп, өзгеріп, заманауи мейрамханалар мен кафелердің мәзірінде көрініс табатыны жайлы әңгімеледі.
«Дәстүрлі қазақ тағамы – бұл жай ғана ас емес, бұл – біздің мәдениетіміздің, қонақжайлығымыздың және табиғи ресурстарға деген құрметтің көрінісі. Жаһандану ықпалына қарамастан, біздің бірегей гастрономиялық дәстүрлерімізді сақтау және дамыту маңызды. Бұл дәстүрлерді сақтау мен жаңарту – ата-бабалармен және болашақ ұрпақтармен байланысымыз», – деді этнограф Айгерім Мұсағажинова.
Бұл сөздер Umami-дің мұра мен жаңашылдық тоғысында жасалған жаңа дәмдерін таныстыруға қажетті мәдени контекст берді.
Umami бренді туралы: Umami – Алматы қаласынан шыққан балмұздақ бренді. Ол ингредиенттердің сапасына деген ымырасыз көзқарасы және дәм үйлесіміндегі бірегейлігімен танымал. Брендтің миссиясы – шын ниетпен балмұздақ жасау арқылы жарқын гастрономиялық әсер сыйлау.