Үнемі ізденіс үстіндегі ұстаз

Үнемі ізденіс үстіндегі ұстаз

Ұстаз үшін шәкіртінің әрбір жетістігі бір мерей. Тіпті мектепке алғаш келген бүлдіршіннің  «Әліппені» қолға ұстап, әріптерді жазбай тануы да мұғалім үшін  жеңістің бірі. Себебі  бастауыш сыныпта алған білім  бала ғұмырының сәулелі бағдаршамы іспетті. Осындай жауапкершілікті бар болмысымен қабылдап, оқушыларды баласындай көретін  Бақыт Әлназарқызы әріптестеріне қашанда үлгі болып келеді.  Арал ауданындағы №71 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бақыт Өтемұратованы өз ортасы жалынды жас әрі жаңашыл ұстаз деп таниды.

 

 Бұл Бақыттың үнемі ізденіс үстінде жүретін жан-жақты қасиетіне берілген  баға десе болады. Бақыт оқушыларға дәріс беріп қана қоймай, шәкірттерін адамгершілікке, мейірімділік пен  имандылыққа тәрбиелеуді парыз деп санайды. Өйткені мектеп партасында тарыдай боп отырған бала елдің ертеңгі болашағы  екенін біледі. «Мұғалім – бала жанының бағбаны» деген ұлағатты сөзді биік ұстаған ұстаз әр баланың жан дүниесін ұғынып, қиялы мен қабілетін дөп баса біледі. Ал Бақыттың өзі ұстаз болу табандылық пен төзімділікті талап ететінін үнемі айтады. «Қазір оқушыларымды көрмесем, сағынатын деңгейге жеттім. Жетістікке балалармен жеттім. Бір сөзбен айтқанда, балалармен бірге жұмыс істеу өмірімнің бір бөлшегіне айналды», –  дейді. Ұқыптылық пен тазалықты жанына серік өткен Бақыт білімі мен тәжірибесін, бар уақытын оқушыларына арнайды. Әрі баланың санасында адамгершілік қасиеттерді, Отанға деген рухани сүйіспеншілікті арттыратын мәліметтерді жиі айтып отыруға тырысады. Ол әр сабағын, іс-шараларды үлкен ізденіспен, қазіргі заманға сай технологияларды пайдалана отырып, бала жүрегіне жол  табатындай етіп өткізеді. Әр істі тыңғылықты атқаратын ол ата-аналармен де тығыз жұмыс «Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін аянбай жұмыс жасасаң, еңбегің еш кетпейді деп түсінемін. Қанша жыл тер төгіп еңбек етсең де, «болдым, толдым, мен бәрін де білемін» деп айтуға болмайды. Ұстаз үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Өмір бір орнында тұрмайды, үнемі алға жылжып отырады, осыған орай жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеу, оқыту үшін үнемі ізденіп, білімін, біліктілігін арттырып отыру керек.

 

Білген сайын келеді біле бергім,

Біле беру емес пе тілегі елдің?!

Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,

Қызыққаннан келмей ме, жүре бергің?!

Сондықтан да келеді біле бергім...

Сондықтан, әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру – кезек күттірмейтін өзекті  мәселе. Бұл мәселені шешудің кілті – ұстаздардың қолында. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату екінің бірінің қолынан да келе бермейді. Сондықтан «ұстаз болу – жүректің батырлығы» деп бағалауға болады.

ГҮЛАЙЫМ ИЛЬСОВА,үздік ұстаз, Қызылорда облысы Арал қаласы 

 

28.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1037
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7085
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10935
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7152
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7296