ХҚКО операторларына жыл басынан бері 300 мыңға жуық бейнеқоңырау түсті

ХҚКО операторларына жыл басынан бері 300 мыңға жуық бейнеқоңырау түсті

Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен «ХҚКО» қосымшасындағы бейнеқоңырау арқылы байланысып, мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес алуға және өтініш беруге болады. Қазіргі уақытта 79 қызмет түрі қолжетімді.

Бұл қызметті пайдалану үшін қосымшаның басты бетінде "Бейне қызметі" батырмасын басу керек. Құжаттарды диалогтық терезеде тіркей аласыз, содан кейін оператор өтінішті қашықтан қалыптастырады. Мемлекеттік баж екінші деңгейлі банк қосымшаларында төленеді.

«Сервис өз уақытын бағалайтын азаматтар үшін ыңғайлы. Егер халыққа қызмет көрсету орталығы үйден алыс орналасса немесе қарбалас уақытта жету қиын болса, азаматтар ХҚКО қызметкеріне бейнеқоңырау шалыпқызмет ала алады. Қосымша қазақстандықтар арасында сұранысқа ие. Бүгінгі таңда қосымшаның 400 мыңға жуық қолданушысы бар", - деп атап өтті Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Айта кетейік, бейнеқоңырау арқылы қызмет алушылар мобильді азаматтар базасында нөмірді тіркеу және қайта тіркеу, ЭЦҚ алу және кері қайтарып алу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу қызметтерін алу үшін жиі жүгінеді.

Сонымен қатар, қосымша арқылы ХҚКО-ға бару уақытын брондауға, электрондық кезек талонын алуға, қажетті халыққа қызмет көрсету орталығының орналасқан жерін қарауға және өзге де өзекті сұрақтармен танысуға болады.

 

15.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

СӘБИДІҢ ОБАЛЫ КІМГЕ?
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 11.10.2024 200
Алаш жұрты  Ғарифолласынан айырылды
«Qazaqstan dauiri» газеті мен «Мөлдір бұлақ» журналының ұжымы - 25.09.2024 1071
13 жасар оқушы  бес түрлі қамшы өреді
Бағдәулет Нұрмат, Түркістан облысы - 25.09.2024 1110
Ұстаздар 8 перзент  тәрбиелеп отыр
Бағдәулет Нұрмат, Түркістан облысы - 25.09.2024 1091

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 6083
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 5525
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 8712
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 6516
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 7723