Жамбыл облысында 68 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүруде

Жамбыл облысында 68 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүруде

 

 

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте тұрғын үй саясаты мен осы бағыттағы жаңа тәсілдерді жүзеге асыру мәселелері қаралды.

- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес осал топтағы отбасылардың тұрғын үй жалдау құнын субсидиялау бағдарламасы іске асады.

Бұл еліміздегі 70,0 мың отбасының өмір сүру деңгейін жоғарылатуға бағытталып отырған игілікті шара.

Облыс тұрғындары да мемлекет қолдауын пайдалануы керек.

Бұл жұмыстарды нәтижелі жүргізіп, нақты шараларды жоспарлау маңызды,-деді аймақ басшысы.

Басқосудың күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасаған құрылыс басқармасының басшысы Ерлан Орынбаевтың айтуынша, 2022 жылы құны 23,9 млрд.теңгеге 4388 пәтерлі 68 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүруде. (47 нысан 2021 жылдан өтпелі). Биыл 3120 пәтерлі 47 үй пайдалануға беріледі деп күтілуде.

- Жалпы, тұрғын үй құрылысының жаңа саясаты жобасында бірқатар тетіктер қарастырылған. Атап айтқанда, «Оффтейк контрактілер» арқылы белгіленген мемлекеттік оператор – кредиттік тұрғын үй компаниясы жеке құрылыс салушылардан дайын тұрғын үйді сатып алу. Бұл ретте, қолдау шаралары ретінде мемлекет инженерлік инфрақұрылымы бар жер телімдерін беретін болады.

«Оффтейк контрактілер» бойынша біз бұған дейін облыстағы құрылыс компанияларының әлеуетін зерттедік. Бүгінгі күні бағдарламаны бекіту кезінде 8 кәсіпорын 22 үй салуға ниет білдірді,-деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ, жаңа жобада табысы төмен әлеуметтік топ үшін тұрғын үйді жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау, жұмыс беруші өз қызметкерлеріне ауылды жерде тұрғын үй салған жағдайда құрылысына кеткен шығынның 50%-субсидиялау арқылы ынталандыру тетігі енгізілуде. Бұдан бөлек, құрылыс сапасын бақылауды арттыру үшін қала құрылысы сараптамасын енгізу, сондай-ақ МСҚБ (ГАСК) органдарын нысанды қабылдауға қатыстыру, «Онлайн» бақылау арқылы құрылыс процестерін цифрландыру, электрондық орындау актілеріне қол қою, «Е – Құрылыс» жүйесі арқылы техникалық қадағалау есептерін автоматтандыру мәселелері де қамтылған.

Тұрғын үй саясатындағы жаңа тәсілдер азаматтардың мүмкіндіктеріне қарай тұрғын үймен қамтамасыз етуді көздейді. Өкінішке қарай, бүгінде бағдарлама бекітілмеген және өткен жылдың тамыз айынан бастап жалға берілетін тұрғын үйді қаржыландыру тоқтатылған.

«Отбасы банк» АҚ облыстық филиалының төрайымы Гүлзат Бекназарова көп балалы отбасылар, 1 және 2 топтағы мүгедектер, жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар тұрғын үйді жалдау ақысын субсидиялауға өтініш тапсыра алатынын атап өтті. Алайда үміткерлер тұрғын үй алу кезегінде тұрулары қажет.

«ҚР Ұлттық банкінің» облыстық филиалы директорының міндетін атқарушы Нұрлан Берікбосынов атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

​Облыс әкімі «7-20-25» бағдарламасының орындалу барысын сынға алды. Сондай-ақ, зейнетақы қорындағы жинағының бір бөлігін пайдалану арқылы  тұрғындардың  үйлі болу мүмкіндігін сұрады.

​Жұмысы сылбыр аудан басшыларынан жауаптар алды.

Аймақ басшысы құрылыстардың сапалы әрі мерзімінде орындалуына, тұрғын үйлердің түрлі үлгіде бой көтеруіне, «Асарлатып үй салу» жобасын жемісті түрде жалғасуына, сақалды құрылыстардың мәселесіне айрықша тоқталып, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

 

Жамбыл облысы әкімдігі
11.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 131
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 169
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 51
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 165
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 44
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 131
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 275
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 279
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 492
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 451

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9150
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8548
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11776
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9543
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10756