Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде өңірдегі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай баяндады. Ол Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы М.Әуезов атындағы №33 орта мектебімен бірлесе биылғы «Балалар жылына», қазақ балалар әдебиетіне өзіндік үлес қосқан Ескен Елубаевтың туғанына 80 жыл толуына орай «Біздің өлкенің мақтаныштары» атты еске алу кешін өткізгендігін жеткізді.



«Іс-шараға М.Әуезов атындағы №33 орта мектеп оқушылары мен ұстаздары және «Болашақ» мектеп-интернатының тұрақты оқырмандары қатысты. Сондай-ақ, арнайы кітапханада зағип және нашар көретін жандарды қоғам көшінен кеш қалдырмау, халқымыздың рухани және мәдени мұраларын қастерлеп, жаңғырту үшін «Шебердің қолы алтын» атты тифло-тігін жобасы жүзеге асты», — деді спикер.
Қазіргі уақытта өңірдегі жас таланттарды іздестіру, оларға қолдау көрсету, дарынды жастардың орындаушылық шеберлігінің шыңдалып, танылуына мүмкіндік жасау мақсатында «Жаңа Есім -2022» жобасы облыстың аудандарында өтуде.