Жамбыл облысында егін егу науқаны басталды

Жамбыл облысында егін егу науқаны басталды

 Жамбыл облысында егін егу науқаны басталды. Диқандар жер жыртуды қыс мезгілінде бастап, қазір дән сеуіп жатыр. Шаруалар мұндай қадамға су тапшылығынан баруға мәжбүр. Былтыр қуаңшылықтан шығынға батқан шаруаларға бұл сабақ болған. Қазір облыстағы су қоймалары мен тоғандарды көктемгі еріген сумен толтырып алу көзделіп отыр. Бұл жұмыстарға алғашқылардың бірі болып Талас ауданы кірісті.

Гауһарбек Шонтаев былтыр 50 гектардай арпа егіп қуаңшылықтан егіні күйіп кеткен. Шаруа соған қарамастан биыл да дән сеуіп, өнімнен үміттеніп отыр.

Ақпанда жер жыртып жердегі ылғалды пайдаланып қалмақ.

Гауһарбек Шонтаев, шаруа: – Жауын болмай тұр. Жерде қар жоқ. Мына влаганы пайдаланып қалу керек. Осыған егіп үлгерсек көктемнің бірінші жауынына ілініп кетсе онда өніп шығады ол. Содан кейін қалған жауындармен шыға ма деп отырмыз. Биыл су жоқ. Қуаңшылық болып жатыр былтырдан бері. Биыл да сондай болып тұр. Каналда су аз. Келмей жатыр. Берілмей жатыр. Жоқ. Асада сәл табанында шылжырап ағып жатыр. Жылда тасып Ақкөлге құйылып жататын. Былтырғы қуаңшылық диқандардың тірлігін тежеп, біразы шығынға батты. Салдарынан мал азығы шарықтап кетті. Енді биыл ауа райының қолайлы тұсын пайдаланып қалу үшін жұрт жанталасып жатыр.

 

Нұржан Шапазилов, шаруа: – Өнім алмасақ та егіп жатырмыз. Қорықпайсыздар ма? Егін ала алмай қаламыз, шығынға батамыз деп? Шығынсыз болмайды ғой. Шығынға батсақ та жауын-шашын болса суымыз болса өнім аламыз.  Талас ауданы бойынша 21 мыңнан астам суармалы алқап болса, биыл оның 14 мың гектарына егін егілмек. Оған су жеткізу үшін мамандар әуіттер мен тоғандарды суға толтырып алуға тырысып жатыр. Суды үнемдеу үшін арнайы кесте жасалды. Аудандағы 55 канал тазартылып, диқандар арық-атыздарды асарлатып тазартуға көшкен.

 

Медет Үстенов, Талас ауданы әкімінің орынбасары: – Талас ауданы бойынша 19 су қоймасы бар. Қазіргі таңда 18 су қоймада 50 процентке суды құйып үлгірдік. Өңір басшысының осы су тапшылығын жою мақсатында көл-тоғандарды дер кезінде толтырып алу тапсырылған. Марттың 15-іне дейін 100 процентке жеткізу жоспарымыз бар. Бұл жерде Ақкөл қиындық туғызып отыр. Не қиындық туғызып отыр? Ылғал түспеуіне байланысты судың көлемі аз келіп жатыр. Аймақта су тапшылығы қазірдің өзінде сезіліп отыр. Жауын-шашын болмаса биылғы жыл ауыл шаруашылығына тағы бір сынақ болмақ. Жалпы Жамбыл облысы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарын 741 мың гектардан астам жерге себу жоспарда.

Руслан Бақытбекұлы, Бақытжан Бапаев, Руслан Ахатіллә

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/530956-zhambyl-oblysynda-egin-egu-nau-any-bastaldy?fbclid=IwAR2gJ8ysPJElsRQqH7WlLo193DAcy5RWBTTp6tTJDPzR1oHPsY7109mWWYM
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz

Руслан Бақытбекұлы, Бақытжан Бапаев, Руслан Ахатіллә
02.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 137
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 57
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 174
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 171
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 137
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 282
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 284
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 498
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 457

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9154
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8554
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11781
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9548
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10761