Жаңа реформа – жаңа кезеңнің бастауы

Жаңа реформа – жаңа кезеңнің бастауы

Жаңа реформалар – сөзсіз жаңа өзгерістердің бастауы. Бұл жаңа кезеңге қарай жасаған батыл қадам болмақ. Халық осыны күтіп отыр. Өйткені, жұрт жадағай жалаулатқан науқандық жұмыстардан шаршады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, барлық саладағы тоқырау тығырыққа тіреді. Ел ертеңге сенуден қалды.

Жалпы, мемлекеттің саяи-әлеуметтік жүйесіне өзгеріс көптен қажет еді. Басқару тетіктерінде де жаңа талаптар енгізу керек болды. Көпшілік нәтижесіз іс-шаралардан әбден шаршады. Орындалмайтын уәделер үмітсіздікке әкеліп соқты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен Жаңғыру жолы» атты Жолдауында осыған айрықша тоқталды.

Жаңа Жолдауында еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынған Мемлекет басшысы бұл өзгерістер жұртқа жақсы көріну үшін жасалмайтынын атап өтті. Президент қағаз бетінде ғана жүзеге асырылған, бірақ шындыққа еш жанаспайтын жалған табыстарға масаттанып отыратын заман келмеске кеткенін ашық айтты.

– Халыққа қажетті реформаларды жүзеге асыру – менің мемлекет басшысы ретіндегі басты міндетім. Саяси жаңғыру болмаса, елімізді орнықты дамыту, ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгеріс жасау мүмкін емес. Бұл – анық нәрсе»,  – деді Президент.

Сонымен, жұрт күткен жаңа реформалар елдегі басқару жүйесіне қандай өзгерістер әкеледі, соның маңызды бірнеше қадамдарына тоқталсақ. Мемлекет басшысы алдымен, бұған дейін қалыптасқан «барлық іс Президенттің араласуымен шешіледі» қағиданы өзгерту қажеттегін баса айтты. Жасыратыны жоқ, қоғам демократия үдерістеріне сай, Президенттік-парламенттік басқару жүйесінің іс жүзіндегі шынайы бейнесін қалыптастыратын осындай кесімді сөзді ұзақ күтті. Бұл бетбұрыс Парламенттің рөлі күшейетінін көрсетеді.

Негізі елде жүргізілетін саяси реформаның қарапайым формуласы мынадай: Күшті Президент, ықпалды Парламент, еститін Үкімет. Ендігі мәселе – осы жүйенің жұмысын жүйелі етуде жатыр. Мемлекет басшысы «Парламент республикалық бюджеттің сапалы орындалуына бақылауды күшейтуі қажет», деп атап өтті. Сол үшін Есеп комитетінің орнына Жоғары аудиторлық палата құруды ұсынды. Бұл – өзгерістердің сөз жүзінде қалмайтындығының көрінісі.

Т

Жаңа реформада тізбекті түрде өзара өзгеріске бастайтын – жаңа қайта құрулар бар екенін атап өткен жөн.

Ал, бетбұрыстардың негізгісі – өңірлердегі диспропорцияны жою мақсатында қабылданған шешімдер. Атап айтсақ, бірнеше жаңа облыстың құрылатындығы. Тарихымызды танытар Ұлытау даласының енді бір өңірге айналатыны, Абай атындағы облыстың пайда болатыны – жұрт құптайтын бастамалар. Жетісулықтардың көкейінде жүрген облыс орталығының шалғайлығы туралы мәселе  де шешімін табатын болды. Ең бастысы ұлттың арда ұлы Дінмұхаммед Алматы облысының орталығы – Қапшағайға Қонаевтың есімімен атауды көпшілік қуана қолдайтынына сенім мол. Қолдаймыз, қуаттаймыз!

Талғат Ешенқұлов, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің басқарма төрағасы-ректоры
16.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 129
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 167
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 163
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 129
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 273
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 277
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 490
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 449

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9148
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8546
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11774
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9541
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10754