Жаңа заман, жаңа талап, жаңа мүмкіндік

 Жаңа заман, жаңа   талап, жаңа мүмкіндік

Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ көптеген бағыттар бойынша білім берудің барлық деңгейлерінде мамандар даярлайтын еліміздің жетекші көпсалалы университеті бола отырып, ерекше рөл атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ құрамында 16 факультет және 67 кафедра, жаратылыстану және техникалық бейіндегі 8 ғылыми-зерттеу институты, әлеуметтік-гуманитарлық бейіндегі 29 ғылыми-зерттеу институты менорталықтар жұмыс істейді. Университеттің құрамында 2 мыңнан астам жоғары білікті оқытушы-профессорлар құрамы бар, оның ішінде: 9 ҚР ҰҒА академигі, 548 доктор, 891 ғылым кандидаты, 435 PhD докторы. Оқытушылардың 35%-дан астамы шет тілін біледі, оның ішінде IELTS және TOEFL сертификаттары бар. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жұмыс берушілермен және халықаралық серіктестермен келісілетін бакалавриат, магистратура және PhD докторантураның 640-тан астам білім беру бағдарламасын жүзеге асырады. Университет базасында даярлаудың 9 бағыты бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің Оқу-әдістемелік бірлестігі жұмыс істейді. Қазіргі заманғы еңбек нарығының қажеттіліктерін және жұмыс берушілерді тартуды, білім беру бағдарламаларын құруда шетелдік тәжірибені қолдануды, кәсіби қоғамдастықтардың мойындауын және сертификаттауды ескере отырып, білім беру бағдарламаларын трансформациялау жүзеге асырылады. Жақын және алыс шетелдердің әріптес-жоғары оқу орындары арасындағы тікелей келісімдер шеңберінде университетте бірлескен және екі дипломды бағдарламалар бойынша кадрлар даярлау жүргізіледі. Бірқатар бағдарламалар бойынша әріптес-жоғары оқу орындары QS WUR халықаралық рейтингісінде жетекші орындарға ие (Жапония, Осака университеті – 72-орын, Бельгия, Гент университеті – 135-орын, Италия, Ла Сапиенца университеті – 171-орын және т.б.). 

2020 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектерін бакалавриат бойынша жұмысқа орналастыру - 90%-ды құрады, ал магистратура бойынша жұмысқа орналастыру көрсеткіші - 93%-ға, ал докторантура бойынша-100%-ға жетті. Университетте жарияланымдық белсенділік бойынша жоғары көрсеткіштерге ие шетелдік профессорлар мен ғалымдарды тарту бағдарламасы жүзеге асырылуда. Университет жақын және алыс шетел білім алушылары үшін білім беру қызметтерін экспорттау орталығына айналуда. Шетелдік білім алушылар контингенті 70 есе өсті: 2016 жылғы 33-тен 2021 жылы 2400-ге дейін. Университеттің ғылыми-инновациялық инфрақұрылымы ұжымдық қолданыстағы 2 ғылыми зертхананы, 8 аккредиттелген зертхананы, ғылыми-технологиялық паркті, коммерцияландыру офисін, бизнес-инкубаторды, стартап-компанияларды және шағын инновациялық кәсіпорындарды қамтиды. 

Қ.Т. Акимбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы
14.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 178
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 173
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 683
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 803
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 717

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8873
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8268
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11496
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9252
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10479