Жапониядан үйренеріміз көп

Жапониядан үйренеріміз көп

Өткен ғасырдың басында Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш арыстарының қазақтың тәуелсіз мемлекетін құрып, оған Жапонияны үлгі етуді алға қойғаны есімізде. Өкінішке қарай, қызыл үкіметтің қанды шеңгелі олардың өзін де, асқақ армандарын да күл-талқан еткен болатын. Сөйтсек, дүниенің шығысындағы шағын аралда жатып азуын айға білеген жапондардың беталысын сол заманның өзінде тани білген екен ғой жарықтықтар. Сонан бері өткен аласапыранда қазақтар да, жапондар да тағдырдың теперішін бастан өткерді. Алайда Жапония ғылымы мен экономикасы, жалпы мемлекеттік қуаты жағынан әлемнің алдыңғы қатарына өтті. Ал қазақ жері «Семей полигоны» деген атпен дүниеге танылды. Сөз орайында тілге алып жатқанымыз болмаса, ауқымды тақырыпты бірер мақаламен талдап шығу мүмкін емес. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі қазақ-жапон дипломатиялық қатынасы жылдар өткен сайын беки түсті. Дегенмен Азияның шығысында жатқан алпауыт пен біздің елдің арасындағы жан-жақтылы қарым-қатынастар жыл өткен сайын тереңдеп келе жатыр. Қазақстан нарығына қомақты инвестиция салып отырған 10 мемлекеттің ішінде жапондардың бар екенін ескергенде, біздің елдің болашағы жапондарды да баурап отырғандығына күмән болмаса керек.

Шағын мақалада ауқымды тақырыптарды қоя тұрып, жақында ғана өткен «C5+Жапония» бірінші бизнес форумы кезінде Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен жапондық Challenge and Lead компаниясы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойғанына тоқтала кетуді жөн көрдік. Тамыздың 12-сі күні Астанда Орталық Азияның бес мемлекеті мен экономиканың негізгі салаларында жұмыс істейтін 100-ден астам жетекші жапондық компаниялар мен ұйымдардың өкілдерін біріктіретін «C5+Жапония» бірінші бизнес форумы өтті. Бұл маңызды жиналысқа Премьер-министр Фумио Кисида келеді деген хабар таралған еді. Өкінішке қарай,  8 тамызда Жапонияда болған жер сілкінісіне байланысты Кишида мырзаның Қазақстанға сапарын тоқтату туралы шешім қабылдапты.

Министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта «бұл құжат тығыз ынтымақтастық үшін негіз қалайды, оның шеңберінде Қазақстаннан IT мамандары Жапонияда оқуға және тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады. Challenge and Lead компаниясы Жапониядағы IT-жүйелерді дамытумен қатар Оңтүстік Корея, Өзбекстан және Моңғолия сияқты елдердің IT мамандарын оқытуға және жұмысқа орналастыруға белсенді қатысады. Қол қойылған Меморандум қазақстандық мамандарға жаңа мүмкіндіктер ашып, олардың біліктілігін арттыруға және халықаралық жобаларда қолдануға мүмкіндік береді. Форумда жасанды интеллект технологияларын енгізу, дата орталықтарын салу және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осы салалардағы ынтымақтастық Орталық Азия елдеріне де, Жапонияға да айтарлықтай пайда әкеліп, өзара тиімді серіктестіктің жаңа перспективаларын аша алады», – делінген екен.

Жапондық сайт беттерінде Challenge and Lead туралы берілген анықтамаларда оның ақпараттық технологиялар (IT) және цифрлық трансформация шешімдеріне бағытталған компания екендігі айтылыпты.  Компания кәсіпорындарға тиімділікті арттыруға, инновацияларды ынталандыруға және бизнес мақсаттарына жетуге көмектесу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, жүйе интеграциясы, IT-кеңес беру және техникалық қолдауды қоса алғанда, әртүрлі қызметтерді ұсынады. Оның қызмет аясына төмендегідей бірнеше түрлі бағыттар кіреді.

1. Бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу: Тұтынушыларға арналған қолданбалы бағдарламалар мен бағдарламалық шешімдерді өңдеу.

2. Жүйелік интеграция: бизнес-процестерді оңтайландыру үшін кәсіпорындарға әртүрлі технологиялар мен жүйелерді біріктіруге көмектесу.

3. IT-кеңес беру: тұтынушыларға тиімді IT стратегияларын қалыптастыруға көмектесу үшін кәсіби кеңес беру қызметтерін ұсынады.

4. Жобаны басқару: Біркелкі аяқталуын қамтамасыз ету үшін IT жобаларын жоспарлауға, іске асыруға және бақылауға жауапты.

Компанияның мақсаты – технологиялық инновациялар мен шешімдер арқылы тез өзгеретін нарық жағдайында кәсіпорындарға табысқа жетуге көмектесу.

Кезекті форумда қол қойылған келісім Қазақстанның цифрландыру саласын онан ары дамытуға пайдасын тигізетін зор мүмкіндік дер едік. Бұл туралы осыған дейінгі кездесулерде де айтылған болатын. Мәселен биыл 12 қаңтарда Астанада өткен бизнес-форумда Қазақстан мен Жапония арасында жасыл және цифрлық трансформация саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы мәселелерді талқылаған еді.

Сол форумда сөз сөйлеген Жапония-Қазақстан экономикалық ынтымақтастығы комитетінің тең төрағасы Наоши Хиросе мырза екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынастардың даму перспективалары кең екендігіне тоқтала келіп: «Жасыл және цифрлық трансформация – климаттың өзгеруімен күресудегі ынтымақтастығымыздың жаңа бағыттары. Бұл адамзатқа ортақ міндет және оны шешу үшін Жапонияның озық технологиясы мен Қазақстанның әлеуетін біріктіруге болады. Мен жақсы болашақ болатынына сенемін. Ынтымақтастық жобалары ақпараттық технологиялар саласын цифрлық түрлендіруді ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік мәселелерді шешу үшін ақпараттық технологияларды пайдалануды көздейді», – деген болатын.

Қазіргі таңда елімізде цифрландыруды дамыту бойынша қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мұнда бай тәжірибесі бар әлемдік алпауыт компаниялармен ынтымақтастық орната отырып, Қазақстанның цифрландыру саласын дамыту жолында жан-жақтылы талпыныстар жасалып, өзара мамандар алмасу, тәжірибе қабылдау, технологияларды енгізу жөнінде көптеген игі істер қолға алынуда.

ЕРҚАЗЫ СЕЙТҚАЛИ
21.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 197
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 191
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 700
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 823
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 736

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8892
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8287
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11515
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9271
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10499