Жат ағымдар астыртын жұмыс істеуде

Жат ағымдар астыртын жұмыс істеуде

Қайсыбір сырттан келген ағымның көздегені – қазақ халқының ғасырдан ғасырға аман жеткен рухани мұрасы мен төл мәдениетін жоққа шығару. Қазір ел ішінде де ислам атын жамылған діни көзқарасы әртүрлі топтардың өзара жікке бөлініп алғанын байқаймыз. Әсіресе бұлар оңы мен солын ажырата алмайтын жастарға ауыз салуда. Аса өзекті мәселе деңгейіне көтерілген қазіргі ахуалға өз ойын бүкпесіз айтқан дінтанушы-ғалым Досай Кенжетай мынадай ойларды ортаға салады: «Жалпы дін саясатымен мемлекеттік институт айналысады. Онда республикалық, облыстық, аудандық ішкі саясаттың ішінде арнайы діни таныммен, дін мәселесімен, діни-теологиялық мәселемен айналысатын, сараптама жасайтын, бақылау жүргізетін арнайы институттар бар. Осы институттар конституциялық шеңберде мемлекеттің дінге деген қатынасын қадағалап, бағалайды. Соны біз дін саясаты категориясы ішінде түсіндіреміз. Ал мемлекеттің дінге деген саясаты зайырлылық ұстанымы арқылы көрінеді. Онда «дін мен мемлекет бөлінген» деген анықтама бар. Зайырлылық ұстанымы – құқықтық принцип. Бұл арнайы нормалармен ажыратылады. Құқық мемлекет конституциясына негізделіп жасалады. Осы нормалар діни нормадан бөлек қарастырылғандықтан да, дін – мемлекеттен бөлек деген мәселе нормалық-құқықтық тұрғыда айтылады. Яғни мемлекеттің негізінде – конституциялық нормалар, ал діннің негізінде – шариғи нормалар бар. Демек конституциялық норма адамның бақытын осы кеңістікте ғана қарастырады. Ал діни норма адамның бақытын екі дүниемен: бұ дүние және ақыретпен байланыстырады. Сондай-ақ саяси дін дегеніміз – террористік, экстремистік ұйымдар, жамағаттар, жат ағымдар. Бұлар саяси ислам категориясы ішінде қарастырылады. Ал діни саясат категориясымен қоғамдық институт ретінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы айналысады. 

Рас, қазір діни жат ағымдар әрекетін ашық емес, астыртын түрде жүзеге асыруда. Олардың үгіт-насихаты әлі күнге дейін жүріп те, жалғасып та жатыр. Діни салада пікір алмасу, айтысу – трагедия емес. Бұл – табиғи нәрсе. Оның үстіне бұл конституциялық шеңберде қарастырылады. Себебі біздің Конституцияда «кез келген азамат өзі қалаған діни ұстанымдық, доктриналық дініне немесе теологиялық-философиялық схемасына сенуіне ешқандай кедергі жоқ» делінген. Ал жазылмаған заңдар тұрғысынан қарасақ, ол біздің ұлтымыздың болашағы, қауіпсіздігі, бірлігі, тұтастығы, оның үш тарихи категориясы (өткен шағы, осы шағы, болашағы) біртұтас қарастырылған кезде діни танымды өз алдына бөлек қалдыруға болмайды. Оған да қамқорлық жасалып, бақылау болуы керек. Бұл тек мемлекет тарапынан ғана емес, қоғамдық институттар тарапынан да жасалуы қажет. Бұл – нағыз табиғи күрес. Осы жағынан алғанда, бізде орталықтандырылған, бір принципке негізделген қоғамдық ортақ тұғырнаманы табу қиын. Шын мәнінде, қазір миссионерлік ағымдарға тыйым жоқ. Әсіресе христиан әлемінен келген миссионерліктің ішінде ұлты қазақ қаншама поп, монах жүр. Мұны ұлттық болмыс тұрғысынан қарайтын болсақ – үлкен мәселе. Діни экстремизм және терроризм саяси ислам категориясына кіреді. Ал «саяси ислам» – жаһандық саясаттың қолданған қаруы. Яғни бұл идеологиялық құрал, аксиологиялық соғыс. Міне, соған жастардың еріп кетпеуі оның санасына байланысты. Ал сананы кемелдендіру, қалыптастыру, сақтау, бақылау – терең идеологиялық кешенді институттың жұмысы. Өкінішке қарай,  мемлекет тарапынан бір орталықтандырылған институт құрдық деп айта алмаймыз.   Бізде теологиялық, дінтанушылық, философиялық жаңа ізденістердің өзін тұтастай һәм кешенді түрде қарастыратын ғылыми-зерттеу орталықтары, институттар, факультеттер ашу мәселесі кемшін, ҚР БҒМ тарапынан орталықтандырылған жүйе жоқ. Бізде мемлекеттің дінге, діннің мемлекетке, діннің мәдениетке, діннің адам тұлғасына, діннің саясатқа қатынасын өлшейтін, таразылайтын мекемелер құрылуы керек еді. Өкінішке қарай, 30 жылдан бері мұндай комитет, не департамент құрылған жоқ. Бұл нені білдіреді? Бұл – дін деген құбылыстың феномен ретінде билік тарапынан, білім беру жағынан танылмауының көрсеткіші. Бұл да бір фобияның, түптеп келгенде демократиялық онтологиялық және саяси ұстанымдарға немқұрайлылықтың көрінісі. Дін мен ғылыми танымның, дін мен бүгінгі азаматтық қоғамның, дін мен жаһандық жүйенің қатынастарын өлшеуге құбылыс ретінде Білім және ғылым министрлігі араласып, өзіндік дайындық, ізденіс, платформа жасау қызметін Дін істері комитетіне беріп қойған. Бұл комитет Ақпараттық даму және қоғам министрлігіне, ал ол тікелей ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарайды. Сонда біз дінге күштік құрылымдардың спектрімен ғана қараймыз. Ал дінге мәдениет ретінде, құндылық ретінде, феномен ретінде оның моралдық, этика-эстетикалық қырының шарты ретінде қарау жағы кемшін. Осы тұрғыда тәрбие және білім беру, ақпараттандыру мәселесі ауадай қажет. Соны белгілі бір институттар, орталықтар, белгілі күштік құрылымдар шектеулі бағдарламасы арқылы жасап жатыр. Бұл да бір қаперге алатын түйткіл. Қазірдің өзінде саяси ислам категориясына кіретін – салафилік тенденция қарқыны басылған жоқ. Бірақ бұлар 5-10 жыл бұрынғыдай сырттай белсенді болмағанмен, астыртын, жабық күйде миссионерлік жұмыстарын жүргізіп келеді. Біз білім беру жүйесінде наразылықтарды жиі көріп жүрміз. Қазақстанда қазақтан басқа да этнос өкілдері тұрады. Соның ішінде әр ұлттың тарихымен қалыптасқан исламды қабылдау діни-танымдық ерекшелігі бар. Олар да кешенді түрде бақылауға, зерттеуге, талдауға алынуы керек. Әсіресе мектептегі қыз балалардың діни атрибутын, яғни киімдерін де қадағалау керек. Мұны зайырлы тұрғыдан қалай шешеміз? Бұл кезде қоғамдық институт пен мемлекеттік институт пікірі екіге бөлініп жатады. Оның да ортақ платформасын табу үшін терең әлеуметтік және психологиялық, діни-танымдық, теологиялық, философиялық зерттеулердің ортақ кешенін жасау қажет. 

Дін – өте нәзік мәселе. Оны мемлекеттен бөлек қарастырсақ та, айналып келгенде дінді саясатқа тықпалайтындар көп. Ал саясат – билік және басқару. Конституция бойынша, құқықтық, демократиялық, зайырлылық, әлеуметтік ұстанымдарға негізделген бүгінгі биліктің жағдайында дін ешқашан саясатқа араласпау керек. Бірақ қоғамда, бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желіде, кейбір телеарналарда діннің саясиланып кеткен. Осы мәселенің парқына мән бермейтін жайттар кездесіп жатады. Себебі, уағыз, үгіт, насихат дегеннің бәрі адамға байланысты өрбиді. Соған қарап түсіндіру де, пікір білдіру де өзгеріп тұрады. Соның ортақ тұғырнамасы тек зайырлылықпен ғана өлшенуі керек. Кейбір дін саясаттың қолшоқпарына айналып, әлдебір жамағаттардың мүддесін айшықтап жатқанын көресің. Әлеуметтік желіден соның ізін оңай байқауға болады. Біреуі гүленші, енді бірі салафит, тағы бірі сопы. Өзара жік-жік болып пікір жазып жатады. Ал құпия жамағаттардың астыртын білім беруі мемлекеттің зайырлы ұстанымына қарсы жасалып жатқан құбылыс. Қазір интернетте ислам атын жамылған ресурстар көп. Одан қорғану керек, әрине. Бұл мәселенің бәріне адамның сана-сезімі, сенімі жауап береді. Оларды бақылауға алу мүмкін емес. Себебі сіз адамның ішкі әлеміне араласа да, бақылай да алмайсыз. Өйткені бұл жерде сенім деген мәселе бар. Бейнелі түрде айтсақ, сенім – адамның анасы сияқты. Ал қай перзент өзінің анасын басқадан кем санайды? Сол сияқты діни сенім де тура сондай. Ол адамды қанша жерден райынан қайтардым, дұрыс жолға салдым десең де, бәрібір мойны сол жаққа қарай бұрылып тұрады. «Қасқырды қанша асырасаң да, орманға қарап ұлиды» демекші, оның алғаш рет ішкі әлеміне таңба салған ақидасы ізін қалдыра береді. Жастарды одан қорғау мәселесі үздіксіз процесте болуы керек еді. Олардың сыртқы ағымның жетегінде кетуіне көз жұмып, мән бермеу ұлттық қауіпсіздікке деген жауапсыздық болып есептеледі. Жастарды қорғау – білім беру саласымен бірлесіп жүргізілуі қажет. Яғни өркениетті қоғамда адамның сөз бостандығы, діни сенім-наным еркіндігіне ешкім де шектеу қоймайды. Әйтсе де Қазақстан әуел бастан діни мемлекет емес, зайырлы ел, яғни дін мемлекеттен бөлінген. Бұл – кім де кімнің діни сеніміне шектеу қойылмайды, бірақ мемлекеттік басқару, білім беру секілді стратегиялық маңызды салаларға діннің араласуына жол берілмейді деген сөз», – дейді. Ғалым сөзіне зер салсақ, дін саласында атқарылар жұмыстар шаш етектен сынды. Бастысы – соны естен шығармау керек-ау, сірә... 

Ермек САХАРИЕВ
23.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 123
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 50
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 118
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 123
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 314
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 308
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 931

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9004
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8399
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11625
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9382
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10609