ЖАЗУШЫ ДУЛАТ ШАЛҚАРБАЕВ 100 ЖАСТА.

ЖАЗУШЫ ДУЛАТ ШАЛҚАРБАЕВ  100  ЖАСТА.
«Ө м і р ө з і с ө й л е й ді»
ЖАЗУШЫ, ЖУРНАЛИСТ ДУЛАТ АХМЕТҰЛЫ ШАЛХАРБАЕВ БИЫЛҒЫ ЖЫЛЫ 16- ҚЫРКҮЙЕКТЕ 100 ЖАСҚА ТОЛДЫ.
25 ӘР ТҮРЛІ ЖАНЫРДАҒЫ ТІРЛІГІНДЕ ЖАРЫҚ КӨРГЕН ДУКЕҢНІҢ СОҢҒЫ «ӨМІР ӨЗІ СӨЙЛЕЙДІ» АЙДАРЫМЕН 26- ЖИНАҒЫН МАРҚҰМ ТУҒАН ІНІСІ ҒАЛЫМ АМАНБАЙ АХМЕТОВ ЖАРЫҚҚА ШЫҒАРЫП , ОҚЫРМАНДАРҒА ТАПСЫРЫП, КЕШІКПЕЙ КЕШЕГІ АДАМЗАТҚА ТӨНГЕН ҚАТЕРЛІ ІНДЕТТЕН ӨЗІ ДЕ КӨЗ ЖҰМДЫ.
***
Өз ғұмырнамасын өлеңмен жазып кеткен ақын аға:
"Мен туыппын бетбақтың даласында,
Баялыш пен қандымның арасында.
Әбігер боп жүргенде туған екем ,
Көшкен ауыл кездесіп борасынға"- деп, толғанғанына қарағанда ол кісі 1923 жылы ,Арқада Кенжебай- Самай өңіріндегі Жағалбайлы атаны біріктірген «Қосағалы» болысында ел жұрт буынып -түйініп күзектен Шуға бет түзегелі отырған абылаңқы күзінде көзі ашық,көңілі ояу отбасында дүниеге келген. Кейін бір күзде жақсы көретін немересі Аика бауырларының бас қостырып, бүгін "атамның туған күні" -деп тойлатып 16 қыркүиекті белгілеп бергенін Дукең күліп айтып отыратын.
Үргін-сүргін кезең небір кедергілерге де кездестірмей қойған жоқ.Ұлы Отан соғысы басталған жазда Байқадам орта мектебінің 9-сыныбын бітірді.
Ер азамат майданға аттанып жатқанда 1941 жылы есеп- санақ мекемесінде инспектор болып еңбек жолы басталды. 1946-48 жылдары аудандық астық дайындау мекемесінде есепші, агент болып ,1953 жылға дейін қызыл отау меңгерушісі ,аудандық кеңес атқару комитетінің инспекторы қызметін атқарды. Ал, 1965 жылға дейін аудандағы №124 кәсіптік техникалық училешінде директордың орынбасары, аудандық "Социялистік шаруа" газетінде жауапты хатшы ,Мойынқұм ауданындағы "Коммунизм таңы" газетінде редактордың орынбасары,облыстық "Еңбек туы" газетінің Талас, Сарысу аудандарында меншікті тілші болды.1967 жылы аудан Талас ауданынан қайта бөлініп Байқадамға келгенде "ОктябрЬ таңы" газетінің редакторының орынбасары,бөлім меңгерушісі ,Кино жүйесінің директоры, мәдениет үиінің директоры ,одан кейін Шығанақ кеңшарында автоклуб меңгерушілігінен зейнет демалысына шыққан. Осы аралықта сырттай Киров атындағы университетінің журналистика факультетін бітіріп алды.Міне, өздеріңіз байқап отырғандай аудан өмірінде сан салалы қызметтің бұидысын ұстаған Дукене журналист болып қай саланың да әрін аша жазу онша қиын болмаса керек.Ол өмір мектебінен осылай өткен ақынтын.
Мен есептеп отырсам 1976 жылдан 39 жыл бойы Дукең ағаның қасында жүріппін. Шәкірті ретінде аудандық газетке келуіме редактор Т.Махашев екеуі ықпал етіп,басқа бөлімнен өз жанына сұрап алып баулыды. 9 жылдай газетте қатар істедім. Одан, Шығанақта 13 жыл көрші отырдық.Жаңатасқа келгенде де ақыл -кеңесін арқау еттік.Сондықтан болар ізденпаз, жалғандық пен кемшілікке төзбейтін ,көпшіл ағаның өмір кезеңі бүгінге дейін көз алдымда. Ауданның өсіп -өркендеуіне үлес қосып, шырылдап жүріп мәселе қойып, жақсы бастамаларыға өмірінің соңына дейін ұйытқы болып жүрді. Ол біреуге ұнады ,біреуге ұнамады. Кейде тірлігінде шікірейе қараған басшылар да болып жататын.
Біз әкімдердің , ақындарын өлгенде іздейтін болып келетіні бар ғой.Бұл күнде сол тұнған тарих қарттың шешен, шежіре болымысы мен аудан- облыс тыныс тіршілігінің мұрағаты болғанын сезіп, іздеп елегізіп жүрміз.
Өмір соқпақтары аядай осы аудандық газетпен сабақтасып жатты. Бұл Сарысуда газет бетінде қозғамаған тақырыбы мен жазбаған жаныры қалмаған жалғыз журналист, жазушы ,ақын тек Дукең десек ешкім таласа қоймас. Дулат аға үнемі есіне алып: "1935жылы 12 жасатамын .Кәзіргі Саудакенттегі Ә.Әбдіқалықов атындағы мәдениет үйінің орнында арбадан түсіріліп, кендір арқанмен шандылған бір темір -терсектер жатты.Ол солай ұзақ жатты.Сөйтсем қолмен бұрап газет шыңаратын қондырғы екен.
1937 жылы асығыс екі бөлмелі шым үй тұрғызылды да 5-мамырда газет ашылды. Бұл кезде мен Құлымбетов атындағы мектептің 5-сыныбында оқитынмын. (Кәзіргі Шоқайдатқа мектебі). Бұл үйге сырттай қызығып қарай беретін едім. Сөйтсем ,енді бұдан әрі тағдырым осы аядай газетпен сабақтасатынын белмеппін ғой."- деп тебіреніп отыратын.
Сол газеттің алғашқы редақторы Ибрагим Оспанов ,тілшілікке Балтабай Адамбаев,Нармахан Тоқұлиев ,Әлі Сқақов,Қияш сиақты бейім жігіттері тартқан. 14 жасқа толғанда ағасы Әлі Сқақов бала Дулатты көшеден ұстап алып " штаттан тыс тілші"- деген құжат бергізеді. Бала мәз. Міне ,шағармашылық жолы осылай 14 жасында басталды.Сол жылы талантты жас,болашақ шешендік сөздің шебері Балтабай Адамбаевтің "Толқын" шығармашылық үйірмесіне қатысып, кейін дүниеден өткенше аудандық мәдениет үйінен бір бөлме алып, сол ұстазы бастаған істі жалғастырып,жас таланттарға бағыт беріп отырды... .
... Дулат Шалқарбаев 2012 жылы 16- ақпанда 89 жасында дүниеден өткенге дейін қарымды, қасиетті қаламын тастамай өмір атты үлкен шыңға адалдығымен тік қарап, мұқалмай өтті. Олай дейтініміз "Ұзақ жас қайғыдан құтқармайды"-деп шығыстық ғұламалар айтып кеткендей осы ғұмырында не бір тағдырдың жүгін қара нардай көтеруіне тура келді. Жеңгеміз дүниеден өтті, от басындағы Алланың салған үкім салмағы да осал болмады. Жүрек шанышыды ,жаны ауырды. Оның бәріне іштей тынса да сырт пішінінде ешкімге мұң шақпады. Айтатынын өлеңге ғана ақтарып ,өзі бағалайтын Қадыр ақынның сөзімен айтқанда "Өмірдің «айтпа»- дегенін өлеңге айтып қойыппын" -деген ауыр тыныспен ғұмыр кешті.
Ақын аға, өте сергек жүретін. Жаяу жүргенде жігіттердің өзі ілесе алмай отыратын. Көбіне көзәйнексіз оқып, жазатынын көріп таңдай қақты талайлар. Ауданда шығармашылықтың шыңына көтерілген қанша ақын, жазушы,журналст болмасын Дукеңнің мектебіне соқпай кеткені жоқ шығар сірә, Шәкірттері де көп болды. Оларға шығармашылық бағалы бағыт бере білді.
Алғашқы жұп жұқа "Бораш батыр" кітабынан бастап 25-тей әр жанрда кітаптары жарық көрді. Алматымен екі арада шапқылап жүріп. кешегі кеңестік кезеңде кітаптарын әрең қиналып шығарып жүргенінің куәсі болдық. Жасымайтын, ұмтылуды мәре еткен жан болды. Адалдығы мен тазалығы жарқ еткен жаңашылыдығы мен іскерлігі көрінген жасты жетектеп жүріп қызметке орналасуға көмектесіп жүргенін талай көрдік
Марапатсыз болған жоқ. Құрмет,беделі ел арасында егіздің сыңарындай көрініп тұратын.Ауданның "Құрметті азаматы", Халықаралық "Дарабоз" сыйлығын иеленді.Сан рет шығармашылық байқаулардың жеңімпазы болды.
Дукең бір кітабы жарық көрісімен табан астынан жазушы болып, артынып тартынып Алматығы көтеріліп көшіп жататындарың тобын толықтырған жоқ. Француздар айтпақшы: " Ақындар қыстақта туып Парижде өледі"-деген санға кірмеді. Мүмкіндігі болса да,қасиетті құт мекені, Сарысуын қимайтын. Топырақ та туған жерден бұйырды.
..."Елде жүріп, көгердім мен көктедім,
Елде таптым қасиеттің көп кенін.
Бермесе де шені менен шекпенін
Елім менің мәртебелі мектебім--деп кеше марқұм Таластық Нарша дос төгілгендей оның рухтас Дулат Шалқарбаев ағасы да саналы ғұмырын өзі туған сағымы ойнаған Сарысуымен сабақтастырып өтті.
Дукең бауыры Әңкеңді (марқұм Аманбайд Ахметовты) аузынан тастамай айтып отыратын.Қиналғанда арқа сүйейтін. Осыған орай Әңкеңнің де ағасының айтқанын жерде қалдырмай зыр жүгіріп жүретінін көріп өстік. "Орнында бар оңалар"- деген осы .Талай шығармасынң баспадан шығуға ұйытқы болып ай бойы шапқылап жүргенде сол алматыдағы ғалым бауыры осы Аманбай Ахметов болғанын көзім көрген .
Кейде біздің көзден кеткенді ,көңілден де ұщырып алатын бейқамдығымыз бар. Дукең жерлестері арасында қандай құрметке болса да ылайықты жазушы. Оның туған күндері мен мүшел жастар және атын қалдыратындай,шағын мұражайы мен көше аттарына да сұранып тұрған тұлға екенін ұмытпаған жөн. Бұл тек жоғарыдан тапсырма келгенде ғана шапқылап асығыс,әсерсіз кеш, кездесулер мен көрме өткізіп жататын науқангершіліктің тұсауындағы аудандық мәдениет бөлімі,кітапхана клубтардың қызметкерлеріне құлаққағыс.Станиславскийдің "Театр босағадан басталады"- деген қанатты сөзі бар. Әуелі босағадағы болымды тұлғаларды әспеттеп отыру елге де жарасымды болар еді. Киелі Сарысу талай таланттарды дүниеге әкелген,әлі де әкеле бермекші. Олай болса олар өз кіндік қаны тамған жерінде орынды бағасын алып отырса игі. Олардың кіндік қаны тамған жері біреу-ақ- деп Дукең ұстаздың өз жырымен аяқтайын бұл сөзді:
... Осының бәрінен де қымбат арың,
Білу абзал туған соң күн батарын.
"Адамдарға адам ша өмір сүр"- деп
Тірілерген тіріше үн қатамы.-деген екен дүниеден өтерінде жарықтық ақын
 
Бергентай НҰРМАХАНҰЛЫ Шәкірті. Журналист. Сарысу ауданынның «Құрметті азааматы» «Облысқау, Ауданға еңбегі сінген»- төс белгісінің иегері.
07.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 88
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 91
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 59
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 200
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 204
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 418
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 381
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 1000

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9075
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8473
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11699
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9462
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10681