Жемқорлықты жою міндет

Жемқорлықты жою міндет

Облыс әкімдігінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеровтың төрағалығымен құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Жиында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бағытындағы жұмыстары», «Білім саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері» және «Облыста әкімшілік айыппұлдарды өндірудің жағдайы» туралы сөз болды.

– Полиция органдарымен осы жылдың өткен кезеңінде 301 273 адамға 4 миллиард 390 миллионнан астам сомада айыппұл салынған. Осы салынған айыппұлдың тек 3 миллиард 230 миллионнан астам сомасын немесе 73,57 пайызын ғана өндіріп алған. Облыстың полиция органдары салған әкімшілік айыппұлдар облыстық бюджетке түседі. Сондықтан, бұл қаражат біздің облыстың қажеттіліктеріне арналған, – деді өз баяндамасында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің облыс бойынша департаменті бастығының міндетін атқарушы Гүлнар Дүйсембекова.

Сондай-ақ, Гүлнар Берікбайқызы әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу пайызын арттыру бойынша жұмысты жандандыру мақсатында әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу уәкілетті органдардың оның ішінде, аудан әкімдерінің қызметін бағалаудың басым көрсеткіші ретінде белгілеуді, әділет органдарына мәжбүрлеп орындату сатысында әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу жөніндегі жұмысты нақты бақылауға алуды ұсынды. Құқық қорғау органдарына құқық бұзушылардың жұмыс орнын анықтау және жұмыс орны бойынша жалақыларынан айыппұлдарды өндіріп алу мақсатында құқық қорғау және арнайы органдардың ақпарат алмасу жүйесінің мүмкіндіктерін барынша пайдалануды, әкімшілік тәжірибе субъектілері айыппұлдардың жергілікті бюджетке түскендігін анықтау үшін қазынашылық және салық қызметі органдарымен салыстыру жұмыстарын жүргізу керектігін айтып өтті.

Сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтудің ең тиімдісі – оның алдын алу шаралары мен қоғамдағы парасаттылық құндылықтарын насихаттау арқылы жүзеге асады. Осындай шараларды іске асыру мақсатында қызметшілер арасында жүйелі түрде семинар, кеңес және басқа да түрлі шаралар арқылы жүзеге асырылады.

Қоғамдағы негізгі проблемалардың бірі – бақылау функцияларын жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері екені айтылды.

– Мемлекеттік мекемелердің ұжымдары тексеруші лауазымды тұлғаларға ақша жинаса, тексерушілер салған әкімшілік айыппұлдар ұжымдық түрде төлеу деректері қоғам тарапынан жиі сынға алынады. Бұл туралы анонимді түрде «1424-CALL» орталығына да хабарласады. Осы бағыттағы профилактикалық жұмысты күшейту мақсатында Бас прокуратура жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің облыстық департаментімен бірлескен меморандум жобасы әзірленді. Қазақстандағы өңірлік теңсіздікті зерттеу жобасы аясында «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ 2023 жылғы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі туралы талдау жүргізуінің нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлықтың ең жоғары деңгейі Жамбыл облысында екендігін көрсеткен. Осылайша, білім беру саласында жұмысқа орналасу, тест тапсыру, денсаулық сақтау саласында медициналық қызметтер алу, сондай-ақ әлеуметтік гранттар мен кредиттер алу кезінде тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың жиі болатыны анықталды, – деді Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті басшысы Болат Жылқыбаев.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ
25.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 145
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 59
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 182
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 179
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 145
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 293
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 291
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 507
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 464

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9163
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8561
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11788
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9557
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10769