Жеңіс Қасымбек: Елордамызда заманауи әрі қолайлы көлік жүйесін дамыту өте маңызды қадам

Жеңіс Қасымбек: Елордамызда заманауи әрі қолайлы көлік  жүйесін дамыту өте маңызды қадам

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек тұрғындармен жиі кездесіп отыратын басшы. Өзі  әлеуметтік желіге де белсенді. Қат-қабат жұмысы бола тұра, халықпен кездесу сәтінде көптің көкейінегі жол құрылысы жайлы бірнеше сауалымызға жауап алдық. Соны назарларыңызға ұсынып отырмыз.

 

– Елорданың жол көлік инфрақұрылымы туралы айта кетсеңіз? Биылғы жоспар қалай болмақ? 

– Елорданың жол-көлік инфрақұрылымын кешенді дамыту жұмысын жүргізіп жатырмыз. Биыл 50-ге жуық жол нысанында жұмыс жүріп жатыр, оның аясында жыл соңына дейін тағы 15 шақырым жол салынады. Бұл қаланың көлік қозғалысын жақсартып, көлік жиі қатынайтын жол учаскелеріндегі кептелісті азайтуға мүмкіндік береді. Тәуелсіздік көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі құрылысы» жобасы бойынша инженерлік желілерді, нақтырақ айтқанда, нөсер кәрізі желісі мен шаруашылық-тұрмыстық кәріз жүйесін, кабельдік арнаны, жылу трассасын және байланыс желілерін, сондай-ақ кәріз сорғы станциясын (КСС) салу жұмысы жүріп жатыр. Қазіргі уақытта жол төсемін салу жұмысы қарқынды жүріп жатыр.

Аталған жобаны іске асыру Мәңгілік Ел мен Тұран даңғылдарындағы көлік кептелісін азайтуға, сол сияқты сол жағалаудағы құрылыс жұмысы қарқынды жүріп жатқан Хусейн бен Талал көшесі аумағын қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру қажеттілігі осы аумақта құрылыс жұмысының қарқынды жүргізілуіне және оның одан әрі дамуына, соның ішінде жаңа нысандардың, атап айтқанда, «Мега» сауда-ойын-сауық орталығының салынуына байланысты туындап отыр.  Қараша айының соңына дейін учаскенің бойында жолдың бір жағымен көлік қозғалысын толықтай қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Жангелдин көшесінің құрылысы К. Күмісбеков және Ш. Бейсекова көшелерінің арасындағы көлік қатынасын қамтамасыз етеді, сол сияқты №65 мектеп-гимназиясына, техникалық колледжге және «Білім-Инновация» мектеп-интернатына көлікпен жетуді ыңғайлай түседі. Қазіргі уақытта инженерлік желілерді жүргізу және жол төсемін салу жұмысы жүріп жатыр. Биыл 10 қарашаға дейін жобаның барлық учаскесінде көлік қозғалысын қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз.

– «Н. Тілендиев даңғылы мен Ш. Бейсекова көшесінің қиылысында екі деңгейлі жолайрық салу» жобасы аясында құрылыс жұмысы басталды. Көпірдің металл конструкциясын құрастыру жұмысы толық аяқталғанға ұқсайды. 

– Иә, жақсы аңғарыпсыздар! «Н. Тілендиев даңғылы мен Ш. Бейсекова көшесінің қиылысында екі деңгейлі жолайрық салу» жобасы аясында құрылыс жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Көпірдің металл конструкциясын құрастыру жұмысы толық аяқталды. «Астықжан» сауда үйі жағындағы учаскеде асфальтбетон жабынының екінші қабатын төсеу жұмысы бітті. Инженерлік коммуникацияларды тарту бойынша негізгі жұмыстың 90%-ы аяқталды. Су құбыры, шаруашылық-тұрмыстық және нөсер кәрізі желілері, жылу желілері мен байланыс желілері салынды. Сонымен қатар, Сейфуллин көшесі жағындағы жұмыс қарқынды. Қазіргі уақытта жол төсемін салу және асфальт төсеу үшін негіз дайындау жұмысы атқарылуда, сондай-ақ инженерлік желілерді жүргізу жұмысы жүріп жатыр. Аталған жобаны іске асыру Ақан сері, Ш. Қосшығұлұлы және К. Күмісбеков көшелеріндегі көлік жүктемесін азайтуға, сондай-ақ Көктал мен Агроқалашық елді мекендерінің тұрғындары үшін көлік қатынасын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, жаңа жолайрық елорданың сол жағалауы мен Ш. Айтматов көшесі арқылы Үркер елді мекеніне апаратын бағыттағы қаланың оң жағалауын байланыстыратын көлік қозғалысын жақсартады. «Тілендиев даңғылынан Бейбарыс Сұлтан көшесіне дейінгі учаскеде Абайдың 150 жылдығы көшесін салу» жобасы іске асырылып жатыр. Қазіргі уақытта жол төсемін салу жұмысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін көлік қозғалысын қамтамасыз ету жоспарланып отыр.  «Пригородный елді мекеніндегі көшелерді салу. Местная 7 және Е522 көшелері (жобалық атаулары)» жобасы аясында Е522 көшесінде нөсер суы кәрізі салынды. Қазіргі уақытта су құбыры желілерін салу және жол төсемі жұмысы жүріп жатыр. Қазіргі уақытта асфальтбетон жабынының төменгі қабатының 600 метріне асфальт төселді. Қазан айының соңына дейін Е522 көшесінде көлік қозғалысын қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Елорданың барлық ауданында жол жөндеу және құрылыс жұмысы жүріп жатыр. Мердігер ұйымдарға белгіленген мерзімдерді қатаң сақтау және тиісті сапада орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.

– Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінің екінші кезеңі туралы білгіміз келеді.

– «Tarlan Astana» жеңіл рельсті көлік жүйесі іске қосылғалы бері жолаушылар тасымалының көлемі 11,5 миллионға жуықтады. Бұл көлік түрі қала тұрғындары арасында сұранысқа ие болып, олардың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналып келеді. Бұған қоса елорданың көлік инфрақұрылымын ары қарай дамытуға бағытталған жобаның екінші кезеңін іске асыру жұмысын қатар жүргізіп жатырмыз.

Құрылыс жұмысы бірнеше бағыт бойынша жүріп жатыр: 

 

Қосшы қаласына қарай

Тіректерді, эстакадалық құрылымдар мен станцияларды салу бойынша құрылыс-монтаж жұмысы жүріп жатыр. Қазіргі уақытта 294 тірек (97%) орнатылып, 385 эстакадалық құрылым (73%) монтаждалды.

2026 жылдың соңына дейін №401, 402 және 403 станцияларда бетондау жұмысын аяқтау жоспарланып отыр. Бұл бағытта барлығы үш станция салу көзделген.

 

Жағалау шағынауданына қарай

Жоба аясында сегіз станция салу көзделген. Геологиялық зерттеу жұмысы аяқталды. Қазіргі уақытта қоршаулар орнату, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмысын бастау үшін инженерлік желілерді көшіру және қайта орнату жұмысы жүріп жатыр.

«Астана-1» теміржол вокзалына қарай бағыт (оң жағалау)

Бұл бағытта №201 ауысып міну станциясын есепке алғанда, тоғыз станция салу көзделген. Геологиялық зерттеу жұмысы аяқталды.

Сығанақ даңғылының бойында (Қабанбай батыр мен Тұран даңғылдарының арасындағы учаскеде) №201/301 станцияларының ауысып міну торабын салу жұмысы жүріп жатыр.

Қазақ радиосы көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының арасындағы учаскеде екі тірекке бетон құю жұмысы аяқталды. Сондай-ақ қадалар мен арқалықтарды орнату жұмысы жүріп жатыр. Өзге учаскелерде алдағы құрылыс-монтаж жұмысына дайындық жүргізілуде.

Жеңіл рельсті көлік желісін дамыту – елордамызда заманауи әрі қолайлы көлік жүйесін қалыптастыру жолындағы өте маңызды қадам.

– Уақытыңызды бөліп сұрақтарымызға жауап бергеніңізге рақмет!

 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
23.10.2026

Ұқсас жаңалықтар

Ұлытау – ұлттың жүрегі, тарихтың тірегі
Гүлден ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ, Ұлытау облысы - 29.10.2026 426
Еуропа  дүрлігіп жатыр
Ерғазы Сейтқали - 23.10.2026 368

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 29153
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 28697
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 45975
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 41599
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 46289