Зорлық-зомбылыққа қарсы оңалту бағдарламасы керек

Зорлық-зомбылыққа қарсы оңалту бағдарламасы керек

Қазақстанда соңғы жылдары тұрмыстық зорлық-зомбылық зардабын тартушылар саны күрт өскен. «Отбасындағы зорлық-зомбылықтың негізгі себептері қандай?» деген зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, негізгі себеп әлеуметтік-экономикалық сипатқа ие екеніне көз жеткізуге болады. Атап айтсақ, бір ғана мысал тек жұмыссыздық салдарынан орын алатын әлімжеттік барлық зорлық-зомбылықтың 55,9%- ын құрайтынына көз жеткіземіз. Сондай-ақ көбіне жақындарынан жәбір көріп, қысымға ұшырайтындар – жасөспірім балалар. «Zertteu Research Institute» қоғамдық қорының ұсынған мәліметіне сәйкес былтыр елімізде 36 дағдарыс орталығы жұмыс істеген және орталықтың көмегіне жүгінген жәбірленушілердің 61 пайызын балалар құраған.

Қазақстанда «тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» ҚР Заңы жұмыс істейді. Бірақ, соған қарамастан, тұрмыстық жанжал құрбандарының 70- 90 пайызы құзырлы органдарға шағымданбайды.

Бұл деректерді Қазақстандағы Фридрих Эбрет қорының өкілдігі, «Дағдарыс орталықтарының одағы» ЗТБ және «Zertteu Research Institute» қоғамдық қоры бірлесе жүргізген зерттеу нәтижелері бойынша ұсынып отыр. Астанада өткен «Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күреске арналған шығындарды талдау және бағалау» тақырыбындағы жиында ұйымдастырушылар тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты тың деректер ұсынды. Ұйымдастырушылар зерттеу нәтижесіне сәйкес былтыр 114 мың тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі тіркелгенін, бірақ жәбірленушілерден түскен үш шағымның тек біреуі ғана сотқа жететінін анықтаған.

«Zertteu Research Institute» қоғамдық қорының директоры Шолпан Әйтенованың айтуынша, шынайы статистика тіркелген құқық бұзушылықтан әлдеқайда көп.

– Статистика көрсетіп отырған 114 мыңды шынайы көріністің төрттен бірі деп алсақ, жасырын көрсеткішті қоса алғанда бір жылда 500 мың тұрмыстық зорлық-зорлық құрбаны бар деп болжауға болады. Демек қорлық көрген әр жәбірленуші орталыққа кәмелетке толмаған баласымен бірге келеді. Назар аударатын мәселе, жасырын статистикадағы 500 мың әйел деп алсақ, оның әрқайсысында екі баладан болса, барлығы 1 млн бала зорлық-зомбылықтың куәгері болды деген қорытынды шығаруға болады. Бұл екі фактор бойынша маңызды мәселе – біріншіден, ДСҰ зерттеуіне сәйкес, зорлық-зомбылық куәгері болған балалар дер кезінде оңалтудан өтпесе, оның көргендері кейін менталдық саулығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Екіншіден, егер ол балаларға психологиялық көмек беріп, сауықтыру жұмысын жүргізбесе, олар есейген кезде бала күнінде көрген тұрмыстық зорлық-зомбылықты қайталауы мүмкін, – дейді Шолпан Әйтенова.

Сондықтан отбасында зорлық-зомбылыққа ұшырап, тұрмыстық жанжалдың құрбаны болатын балалар үшін мемлекет психологиялық оңалту бағдарламасын әзірлеу қажет. Былтыр мемлекет отбасылық зомбылықпен күреске 4,5 млрд теңге бөлгенін ескерсек, зерттеу нәтижесіне сәйкес оның тек 1,5 млрд теңгесі ғана отбасылық зорлықтың алдын алу мен күреске жұмсалғанын көруге болады. Мәліметке сәйкес 1,5 млрд теңге үш түрлі бағыттағы шығынды құраған. Атап айтқанда, дағдарыс орталықтарында зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсетуге 765 млн теңге бөлінді. 744 млн теңге әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі арнайы бөлімнің қызметін ұйымдастыруға жұмсалды. Ал проблеманың алдын алу үшін мемлекеттік тапсырысқа 25 млн теңге берілген. Сонымен қатар 2,9 млрд теңге құқық қорғау және сот жүйесінің шығындары, яғни әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау және оған әрекет ету шараларының шығындары болып саналады.

Сондай-ақ Шолпан Әйтенованың айтуынша, елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарымен жұмыс істеледі де, агрессормен ешқандай жұмыс жүргізілмейді. Зерттеу нәтижесіне сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша түскен арызды мың жәбірленушіге шаққанда алтауының екеуіне ғана әкімшілік жаза тағайындалатынын байқауға болады. Агрессорларды әкімшілік жазалау 2 сағаттан 3 тәулікке дейін ғана созылады. Жәбірленушілер әкімшілік жазалаудың жеңілдігі мен зорлықтың қайталануына ешқандай кепілдік берілмейтіндігіне байланысты өздерін қорғансыз сезінеді және полицияға шағымданудың пайдасынан гөрі зияны көбірек деп ойлайды. Сондықтан агрессордың қылығы қылмыс тұрғысынан қарастырылуы керек.

– Біз тұрмыстық зорлық-зомбылықты криминализациялауды ұсынамыз. Қазақстан 1998 жылы Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияға қол қойып, өзіне міндеттеме алды. Одан бөлек, Конституция сот шешімімен агрессорларға мәжбүрлеп жұмыс істетуге рұқсат береді. Біз бұл шараның орындалуын талап етеміз. Агрессорлармен жұмыс жүргізілуі керек әрі заңнамалық базада ол жұмыстың түзету бағдарламасы ретінде бекітілуі тиіс. Яғни құқық бұзушылық жасаған адам өз әрекетін түзеп, жауапкершілік алуы керек, – деді «Дағдарыс орталықтарының одағы» ЗТБ жетекшісі Зульфия Байсақова. 

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
29.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 44
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 145
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 40
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 47
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 45
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 140
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 145
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 332
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 325
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 948

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9021
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8417
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11644
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9401
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10627