Таң атпай елең-алаңда,
Жиналдық жастар алаңға,
Азаттық тұр санамда! (2 рет)
Қайырмасы:
Ұранда, қазақ, ұранда!
Еркіндігің тұр алда!
Адамның ұлы арманы – (2 рет)
Елінің аман болғаны. (2 рет)
Кедергі қамал көп қандай,
Тоқтатардай талайды,
Еркіндік үшін жасаған, (2 рет)
Ерлікті жаным қалайды! (2 рет)
Қайырмасы:
Ұранда, қазақ, ұранда!
Еркіндігің тұр алда!
Адамның ұлы арманы, (2 рет)
Елінің аман болғаны. (2 рет)
Қадамда, дос, қадамда!
Сүймеген елін адам ба?
Ел үшін және жер үшін,
Жан берген ғой бабам да! (2 рет)
Қайырмасы:
Ұранда, қазақ, ұранда!
Еркіндігің тұр алда!
Адамның ұлы арманы, (2 рет)
Елінің аман болғаны. (2 рет)