Еліміздің саяси өмірінде атаулы күндердің қатарына енген 23 тамызда елордамызда 25 сәби дүние есігін ашыпты. Бұл туралы қалалық денсаулық мекемелері хабарлап жатыр. Бас кенттің тұрғындары сайлауға дауыс беріп жатқанда, біраз адамдар сәбилі болып қуанып жатыпты. Елордадағы медициналық ұйымдардың мәліметінше, бұл күні 14 ұл, 11 қыз дүниеге келіпті.
«Елордадағы босандыру ұйымдарының дәрігерлері мен медицина қызметкерлері болашақ аналар мен жаңа туған нәрестелерге тәулік бойы қажетті медициналық көмек көрсетуді жалғастыруда», – деп хабарлады елорда әкімшілігінің баспасөз қызметі.
Астанада ана мен бала денсаулығын қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Елордада жүктілік және босану кезеңіндегі әйелдерге, сондай-ақ жаңа туған нәрестелерге көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр.














