Құрылтай сайлауы Ақмола облысында нәтижелі аяқталды

 Құрылтай сайлауы Ақмола облысында нәтижелі аяқталды

 Ақмола облысы бойынша  759 сайлау учаскесі  өңірдегі 518 ( 433) мыңнан астам дауыс беру құқығына ие сайлаушыларға қызмет етті. Сайлауға келушілердің ішіндегі арнаулы даяшылықты қажет ететін тұлғаларғада жақсы жағдай жасалды. Жүре алмайтындарға сайлау жәшігін үйіне жеткізсе, мүгедек жандарға арнайы таксилер даяшылық етті.

Өңірде дауыс беру құқығына ие 2915 мүгедек  тұрғын тіркелген. Олардың сайлау учаскесіне кедергісіз жетіп, өз таңдауын жасауға барлық қажетті  жағдай жасалыпты. Олар үшін 149 арнайы көлік пен 22 инватакси қызмет етті.

Сайлау күні  «Тегін көлік» акциясы жарияланып өңір тұрғындары сайлау учаскелеріне тегін жету мүмкіндігіне ие болды.

Акцияға облыстың қала және аудандарындағы жүргізушілер мен қоғамдық көлік қызметі қосылып,  тұрғындардың сайлау учаскелеріне жеткізді.

Мәселен, Көкшетау, Степногорск қаласында таңертеңнен бастап жүргізушілер тұрғындарды сайлау учаскелеріне тегін жеткізді. Игі бастамаға өз еркімен жеке  жүргізушілерде қосылып  дауыс берушілерге жақсы жағдай жасады.

Дахан ШӨКШИР,

Ақмола облысы

 

26.08.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 27220
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26722
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44058
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39810
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 44392