«50 де 50» кімдер үшін тиімді?

«50 де 50» кімдер үшін тиімді?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай Үкімет  еліміздегі баспанаға аса мұқтаж азаматтардың тұрғын үймен қамтылуы проблемасын шешу мақсатында қаулы қабылдаған болатын. Қаулыға сәйкес Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау үшін төлемдерді тағайындау және төлеу тәртібін айқындап, тетігін әзірледі. Атаулы тұрғын үй көмегі негізінде жалға алған тұрғын үй құнының  50%-ын мемлекет, қалған 50%-ын жалға алушы төлейді. Шартқа сәйкес мұндай тетік жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған азаматтарға тиесілі және олардың табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 еселенген (36 018 теңге) көлемінен аспауы керек. Сонымен қатар мұндай мүмкіндік көп балалы отбасыларға, 1 және 2 топтағы мүгедектерге, мүгедек балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі.

Министрліктің есептеуінше, қазір елімізде мұндай 70 000 жан бар. Олардың мұқтаждығын өтеуші оператор ретінде «Отбасы банкі» ұсынылған. Алайда тұрғындар тарапынан жалға алу, әсіресе «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға сәйкес баспанаға мұқтаж ретінде есепте тұру және тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін алу шартына сәйкес наразылық көп айтылады. Өйткені тіпті жалға алатын тұрғын үйге қол жеткізу үшін Заң бойынша тұрғын үйге мұқтаж ретінде жергілікті атқарушы органда кезекте тұруың керек. Ал кезекке тұру үшін 3 жылдық тұрақты тіркеу (прописка) болу маңызды. Яғни кезекке тұру үшін 3 прописка басында баспанасы жоқ «квартирантта» қайдан болады. Үлкен қалаларда таныстар арқылы пропискаға ақысын төлеп отырғаныңмен, көбіне екі-үш айдан кейін пропискадан шығып қалғаныңды білесің. Сондықтан «жақсылық қылсаң, сыпыра қыл» дегендей Үкімет халықтың мұң-мұқтажын түбегейлі қарап, тұрғын үйді жалға алу шартындағы біріне бірі қайшы қағидалардың бір ізге түскенін қадағаласа абзалырақ болар еді. 

 

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
03.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 144
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 142
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 656
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 776
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 689
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 699

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8838
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8236
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11463
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9220
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10447