Әбілқайыр хан және Күсеп батыр

Әбілқайыр хан және Күсеп батыр

Қазақ – башқұрт – орыс қатынасы тарихында өз атын алтын әріппен жазып кеткен тарихи тұланың  бірі Әбілқайыр болса, екіншісі – Күсеп батыр (туған жылы белгісіз  - 9 қыркүйек, 1738 ж.). Оның ұрпақтары Адай – Балықшы руының ішіндегі Көрпежан атты бөлігінің бір баласы Күсеп деп аталады. 

Күсеп батыр – башқұрт ағайындардың Ресей отаршыларына қарсы 1737-39 жылдардағы көтерілісін қолдап ұзақ уақыт соғысып, ерлікпен қаза болған батыр қолбасшы.

Туысқан халықтар тарихын әріден қарайтын болсақ, татарлар мен башқұрттар жерін XVI ғасыр ортасында Иван Грозный басып алды. Содан бергі заманда башқұрт халқының ұлт-азаттық көтерілісі толастаған  емес. Қысқаша айтқанда, Ресей отаршыларына қарсы соғыспаған, яғни қан төгілмеген жыл болған жоқ... Солардың ішінде ХVІІІ ғасырдағы ең ірі көтерілістер: 

1.   1704-11  жылдардағы Башқұрт көтерілісі. 

2.    1737-39 жылдардағы  Башқұрт көтерілісі.

3.   1757-58 жылдардағы Башқұрт көтерілісі т. б.

4.  ХVІІІ ғасырдың 60-шы, 70-жылдарында Салават Юлаев басқарған башқұрттар Е.Пугачев көтерілісіне белсене қатысқан... Салават Юлайұлы  (қазақша Жолайұлы, 1742-1800) – башқұрт халқының даңқты ұлы...

Айта кететін бір тарихи жәйт – татар халқы ешқашан көтеріліс жасаған жоқ, керісінше олардың басшылары Ресей отаршыларына көмектесті. Сондықтан татар ағайындарда ұлт-азаттық соғыс ешқашанда болған емес. Алайда әрбір халықтың тарихында ұлт-азаттық соғыстар ерекше орын алады...

Осы Ресей жендеттеріне қарсы соғыстарда башқұрт халқына туысқандық жәрдем бергендер тек Кіші жүз қазақтары болды. Ең көп жәрдем берген кезі Әбілқайырдың тұсында 1700-1748 жылдар еді. 

Башқұрттардың Әбілқайырға ұсынысы (1704-11  жылдардағы Башқұрт көтерілісі)

Башқұрт ағайындардың 1704-11 жылдардағы көтерілісіне  қазақтар бұрынғыдай көмек беріп қолдап жатты. Алайда  Әбілқайырдың көмегі бәрінен де асып түсті. Ол Арал мен Каспий өңіріндегі қазақтардан үш мың әскер жинап, 1709 жылы Башқұрт жеріне жетіп келді. Әрине, мынандай ірі күш келген соң, башқұрт көтерілісшілерінің ісі оңға басты. Сонда башқұрт халқы және оның игі жақсылары  Әбілқайырға «Біздің ханымыз бол, бізді  Ресей қол астынан босат, құтқар» деп сөз салды, өтініш айтты... Көп ұзамай сол 1709 жылдың күзінде Әбілқайырды Қазақ мемлекетінің Билер кеңесі мен Тәуке хан  Ордабасына шұғыл шақырып алды. Сол билер кеңесінде Әбілқайырдың 1700-1708 жылдардағы Ресей басқыншыларына қарсы тұрған ерліктері жоғары бағаланып: «Енді сен Кіші жүзді Хан болып басқарасың», – деп, оны бірауыздан хан сайлады... Сол 1709 жылдың ақырынан бастап Әбілқайыр хан атанды. Ал біздің оқулықтарда оны «1718 жылы Тәуке хан өлген соң ғана Кіші жүз ханы болды» деп жазудан жалықпады. Шындығында, Тәуке хан 1715 жылы қайтыс болған еді...

1704-1711 жылдардағы болған башқұрттардың Ресей отаршыларына қарсы ұзақ уақытқа созылған қарулы көтерiлiсi кезiнде Кiшi жүзден оларға көп көмек бергендердiң бiрi Әбiлқайыр батыр едi. Сол көтерiлiстiң ең күштi болған кезi 1708-1709 жылдарда Әбiлқайыр сонау Арал өңiрiнен 3000 әскермен келiп башқұрттарға көмектескені туралы жоғарыда қысқаша айтып өттік... Сол Арал өңірі деп аталатын өлкенің бір шеті қазіргі Маңғыстау жері екенін айта кету міндетіміз... Сонда ол қарақалпақтардың 100 жiгiтiн өзiмен ала келедi… Және Табын ағайындардан 250 жігіт бар еді.  Сол кездегi Әбілқайырдың беделiнiң өскенi соншалық, башқұрт халқына Ресей отарынан босану үшiн Әбілқайыр сияқты ұлы қолбасшы керек болды. Сондықтан оны башқұрт халқы хан көтермекшi болды. Осы хабарды есiткен қазақ елiнiң игi жақсылары Әбілқайырды жедел шақыртып алып, Кiшi жүз ханы етiп сайлаған едi…

Сол кездегi құжаттарда Әбілқайырдың Башқұртстанға келiп көтерiлiстi қолдағаны туралы:             «…Пришли к ним казачьи орды силы многое число…»

«С ним за одно каракалпаки, касаки и ногайской даруги башкиры все…» – деп жазған болатын. Басқа бiр құжатта «…из казачьи орды ушли в башкирцы воевать 3000 человек, да каракалпаков 100 человек, да каратабунцев 250 человек…» /2/ – деп нақты санын жазған…

1. Акманов И.Г. Башкирское востание 1704-1711 гг.//Из истории Башкирии. Уфа. 1968. стр. 116; 

2. Акманов И.Г. Башкирские востания. Уфа. 1993. стр.202; МИ БАССР. Ч.1. М, Л. 1936. № 129. стр.393; ПСИ-1. стр. 368, 393.

Алайда сол башқұрт көтерiлiсiне көп жәрдем еткен Әбілқайыр батыр өз әскерiмен 1709 жылдың күзiнде Арал жаққа қайтып кетедi. Сондықтан Башқұрт көтерiлiсi жеңiледi… Мiне, Әбілқайыр өмiрiндегi осы аталған жылдар Қазақ тарихында ерекше орын алады. Осынау өзi қызу араласқан башқұрт көтерiлiсiн Әбілқайырдың тастап кетуіне не себеп болғанын жоғарыда қысқаша айттық. 

 

48 жыл Ресеймен  соғысқан хан (1735-40 жылдардағы  Башқұрт көтерілісі)

Әбілқайыр хан Қазақ хандарының iшiнде өмiр бойы Ресеймен соғысқан жалғыз хан. Сондай-ақ, ол барлық даңқты өмірінде туысқан башқұрт халқына көп материалдық және әскери көмек бергені белгілі. Осы көтеріліс туралы Ресейдің ресми құжатында былай жазылған:

«...Летом 1735 года массовое движение башкир охватило всю европейскую часть Башкирии. Нападению подверглись русские деревни под Уфой, Табынская крепость, в осаде оказались Мензелинск и другие населённые пункты. В августе был разгромлен продовольственный обоз, шедший из Теченской слободы в Оренбург. Основные силы повстанцев сосредоточились в излучине реки Белой и вдоль реки Дёмы. В столице о начавшемся восстании узнали в конце июля. Для борьбы с ним была создана Комиссия башкирских дел. Во главе ее и в качестве главного командира вооруженными силами в Башкирию 13 августа 1735 года был назначен генерал-лейтенант А. И. Румянцев. В его распоряжение поступили 3 регулярных полка, 500 яицких казаков, 3000 калмыков. Против повстанцев был проведен ряд карательных экспедиций. Общая численность карательных отрядов превышала 20 тысяч человек. Наиболее крупной и жестокой явилась расправа А. И. Тевкелева с башкирами деревни Сеянтус Балыкчинской волости...

Көтерілістің екінші кезеңі 1736 жылы басталды. Сол тарихи жағдайды Ресей тарихы былай хабарлайды:

«... Причинами нового подъема восстания явились жестокое подавление движения в 1735-1736 годах, тяжелые условия принесения повинных. Первыми весной 1737 года выступили башкиры Сибирской и Осинской дорог. В апреле-мае повстанцы нападали на Чебаркульскую, Челябинскую, Красноуфимскую крепость.

Зимой-весной 1738 года на территории Сибирской, Осинской и Ногайской дорог восстание вспыхнуло вновь. В апреле-мае башкирские отряды атаковали Чебаркульскую, Челябинскую, Красноуфимскую крепости, Ревдинский завод, в июне вели бои с правительственными командами полковника И. С. Арсеньева и майора Люткина. Карателями под руководством начальника Комиссии башкирских дел Л. Я. Соймонова летом-осенью 1738 года было разорено и сожжено свыше 30 деревень, убито около 900 человек[5].

Наибольшей крупной операцией восставших было нападение отряда под руководством батыра Кусяпа Султангулова на военный лагерь генерала Л. Я. Соймонова. Мероприятия разработанные летом Татищевым и Соймоновым по окружению Башкирии войсками, привели к прекращению активных действий повстанцев и вызвали начало переговоров. В сентябре 1738 года видные предводители башкир Бепеня Торопбердин и Алланзиагул Кутлугузин пришли с повинной[2].

1. ↑ Башкирия в составе русского государства. Восстания против гнёта и насилия 

2. ↑ Перейти к: 1 2 Статья в Башкортостан: краткая энциклопедия 

3. ↑ Жуковский П. В. Дополнения к «Истории Оренбургской» П. И. Рычкова //Труды Оренбургской ученой архивной комиссии. Вып.33. Оренбург.1916. С.102-103; РГАДА. Ф.248. Кн.1236. Л.34-35. 

4. ↑ Витевский В. Н. И. И. Неплюев и Оренбургский край в прежнем его составе до 1758 г. Казань, 1897. Т. 1. с.146. 

 

Ағайын халықтардың арасына қағылған сына

Осылай башқұрттар мен қазақтар арасындағы тағдырлас достық, туысқандық  қатынастар жалғасып жатты. Себебі екеуінің де қарсыласы, яғни ата жауы Ресей болатын. Сондықтан Ресей басшылары қалай болмасын екі халықтың достығын бұзу үшін неше түрлі айла-шарғыны көп жылдар бойы жасады. Мысалы, түнде барып казачьи отрядтар башқұрт ауылын шабады, кісілерін өлтіреді және малын айдап кетеді де, жаланы қазақтарға жабады…Сонан соң башқұрттарға көмектесіп, қазақ ауылын шабады. Қысқасын айтқанда, 1730 жылға дейін қазақ пен башқұрттың арасындағы достық бұзылған еді. Әбілқайырдың жанына батқаны да сол еді. Ал енді «осы достықты қалпына келтіру үшін патша ағзамға хат жазу керек» деп башқұрт Алдарбай айтып келгенде Әбілқайыр алданып қалған еді. Бұл 1730 жылдың маусым (июнь) айы болатын…Ресейге керегі де сол еді. Хат жазды деген факті бар, оның түпнұсқасын ешкімге көрсетпей, аудармасымен келешекте Әбілқайыр өлген соң, оның балаларын және талай қазақ төресін алдауға болады…

Башқұрттармен достық қатынасты Әбілқайыр жалғастыра берді. 1736 жылы башқұрт көтерілісі бұрқ еткен кезде, патша өкіметі қазақтар мен башқұрттарды және бір рет жауластырмақшы болып көп ақша бөлді. 1738 жылдың ақпан айында И.Н.Татищев сонда «Әрбір башқұрттың басын әкелген қазаққа 60 рубльден ақша беріледі. Кек алатын және байып қалатын жағдайыңыз бар»/4. Олкот М.Б. Әбілқайыр хан. //газета «Аруана», 1994, 23 қыркүйек/ – деп қазақ еліне жар салды. Кейбір қылмысты істерді башқұрттан көріп жүрген қазақтар осыны пайдаланып кек алмақшы және ақша таппақшы болған еді, бірақ олардың бірде-бірін Әбілқайыр жібермеді, керісінше ол бұрынғыдай башқұрт халқына көмек берді. 

Сонымен, осы уақытқа дейін орысша аудармасы арқылы «1731 жылдан бері Қазақ елінің Кіші жүзі мен Орта жүздің бір бөлігі Ресейдің боданы болды» деген жалған ұғым да келмеске кетті. Әбілқайыр хатының түпнұсқасын көрмесе де, кезінде бұған талай ғалымдар күдікпен қарағаны рас. Мысалы, белгілі зерттеуші В.Я.Басин: «…широко употребляемый термин о подданстве казахов…правомерен лишь на завершающем этапе присоединения Казахстана к России» /5, 250 б./ – деп, қазақ елінің түгелдей Ресей отары болғаны жөнінде 1865 жылы Шымкент пен Ташкентті алған кездерді көрсетеді. Шын мәнінде өмір бойы Ресеймен соғысқан Кіші жүздің және оның әйгілі батыр ханы Әбілқайыр сынды тарихи тұлғаның ата жауы етегіне жармасуының ешқандай қисыны жоқ еді. Тарихи шындық оның 1748 жылы қаза тапқанынша Ресеймен соғысып өткенін көрсетеді. Өзі жалынып, бодан болған адам осындай әрекет жасауы мүмкін емес. Біз де бұрын осылай күдіктеніп келдік, ал оны түгелдей дәлелдеуге Әбілқайырдың «тарихи хатының» түпнұсқасын көргенде ғана қол жеткіздік…

Мысалы, Шоқан Уәлиханов Әбілқайырға қатысты Сібір губерниялық канцеляриясының бір құжатының көшірмесін алыпты. 

«Номер 3. Указ Сибирской губернской канцелярии от 10 декабря 1739 г. /за номером 10659/ в Верхне-Иртышскую крепость командующему, господину секунд-майору Нелюбову, дабы иметь предосторожность от киргиз-кайсаков, потому что оренбургский казак Измаил Обрязаков, бывший в Орде у Абульхаир-хана, сообщал, что Джанибек-батыр собирает войско, но куда идут, того не знал он, Обрязаков… Это сообщено в Сибирскую губернскую канцелярию полковником и воеводой Татищевым из Исецкой провинциальной канцелярии с произведением копии с указа канцелярии Оренбургской комиссии, порученной господину генерал-лейтенанту князю Урусову» (6, том. 3. 267 б.). Міне, осындай құжаттар Әбілқайырдың Ресеймен өлгенінше, яғни 1748 жылға дейін соғысқанын көрсетеді. Ресейге «қолтығыңа ал» деп жалынған адамда сондай жағдай болуы мүмкін емес. Қорыта айтқанда, барлық тарихи оқиғалар оның Ресейге бодан болғанын теріске шығарады. Әлгі Измаил Обрязаков деген орыс-казак емес, татарин. Ал Урусов Василий – Адмиралтейство коллегиясының кеңесшісі. Сол 1739 жылы В.Н.Татищевтің орнына /Начальник Оренбургской комиссии/ тағайындалған еді. Жәнібек батыр – Кіші жүздегі белгілі батыр, Әбілқайырға жасынан көп қамқорлық жасаған тарихи тұлға. Сондай-ақ, екі Жәнібек бар екенін ұмытпауымыз керек. Бірі – Кіші жүздегі сұлтан Жәнібек, екіншісі – Орта жүздегі арғын Шақшақұлы Жәнібек. 

 

Шоқан Уәлихановтың күдігі

Шоқан жинаған және бір құжатта қазақтар мен башқұрттардың қайтадан мәмілеге келіп достасып кетуінен қауіптенген Ресей үкіметі Верхне-Иртыш крепостының секунд-майоры Нелюбовқа «…чтобы киргиз кайсаки, с башкирами не помирились…» деп қатаң ескертпесі сақталған (6, том. 3. 267-268 бб.).

Міне, сонша нақты материал жинаса да, осындай тарихи шындықтың түбіне жете алмай кеткендердің бірі Ш.Ш.Уәлиханов болатын. Дегенмен ол Орта жүздің Ресей отары болуы 1820 жылдардағы өз атасы Уәли хан өлгеннен соңғы кезең екенін жазып қалдырған. Дәл осындай пікірді сол заманда өмір сүрген К. Маркс пен Ф. Энгельс те айтқан болатын. Олар: «…до  30-х годов ХІХ в. …власть России над тремя ордами или племенами киргизов оставалась чисто номинальной…»/7/ – деген болатын. 

Ш.Ш.Уәлиханов 1863 жылы жазған зерттеуінде отарлық жағдайдағы қазақ елінің аса қиын проблемасының бірі билер институтінің тағдыры туралы: «Если 40-летнее русское владычество, внесшее много совершенно новых элементов в общественную жизнь казахского народа, не имело никакого влияния на древней казахский суд биев, если суд этот мог устоять против неблагоприятных условий русского законодательства/например, закона 1854 года/, ясно, что он вполне удовлетворяет настоящему развитию казахского народа» (2.том 1. А. 1961. С.506) деп суреттеп, Орта жүздің отар болғанына 40 жыл болғанын көрсетеді. Сондай-ақ, ол мұсылманшылықпен айналысып қазақ елін алдап, патша саясатын жүргізуші татардың дүмше моллаларына шек қою керектігін айтып көптеген өтініштер жазады. (2. том 1. А. 1961. С. 528). Ш.Ш.Уәлиханов қазақ хандарының жерленген жерлері мен басына тұрғызылған мавзолейлер туралы жазған еңбегінде Әбілқайыр моласына көп көңіл бөлгендігі көрінеді (6. т. 3. А. 1964. С. 31). Қалай болғанда да Ш.Ш.Уәлиханов басқа зерттеушілерге қарағанда Әбілқайырдың және басқа хандардың Ресейге отар болғаны туралы жазғандарына күдікпен қараған және сенбегенін көреміз.

1. Валиханов Ч. Ч. Собрание сочинении. т. 1. А. 1961. С. 604. 

2. Устюгов Н. В.. Башкирское востание 1737-1739 гг. Москва-Ленинград 1950.

4. Олкот М.Б. Әбілқайыр хан. //газета «Аруана», 1994, 23 қыркүйек. Ағылшын тілінен қазақшаға аударылған мақала/.

5. Басин В.Я. Россия и казахские ханства в ХVІ-ХVІІІ вв. А. 1978. С. 250. 

6. Валиханов Ч. Ч. том 3. А. 1964. С. 267. 

7.  Маркс К. и Энгельс Ф… т. 12. с. 615. 

Башқұрт көтерілісі қызып жатқан 1738 жылдың жазында Ресей басшылары Қазақ басшыларымен кездесу ұйымдастырды. Оның негізгі себебі Кіші жүз қазақтарының Башқұрт көтерілісіне көмектесуін тоқтату еді. Бұл кездесуге Әбілқайыр 27 адаммен Башкириядан келді, Орта жүзден Шақшақ Жәнібек 26 адаммен келген еді. Әбілқайыр 1737-38 жылдары түгелдей Башкирия жерінде болып, көтерілісшілерге көмектесіп жүрген еді. Әрине, бұл кездесудің ешқандай нәтижесі болған жоқ. Алайда Ресей басшылары жалған құжат жасап, 1738 жылы Кiшi жүз ханы Әбілқайыр патшаға бодан болуға ант бердi және оған 56 адам қол қойды  деп, соған қатысқандардың бәрінің атын жазып қойды...  Осынау тарихи құжат туралы кейін Халел Досмұхамбетұлы ...қандай құжат жасалса да, Кіші жүздегі халқының саны көп ең үлкен рулар Адай мен Беріштен ешкім қатыспағанын жазған еді.              (Х.Досмұхамедұлы. Аламан. Ташкент, 1926)

 

Патша өкіметінің жауыздығы қазақ хандарының алдында жасалды

1740 жылы 28 тамыз күнi  Орта жүз түгелдей өз еркiмен қосылды деп, дәл сондай құжатты жасады. Осынау ант беруге Ор қаласына Орта жүз ханы Әбiлмәмбет пен Абылай сұлтан келдi. 

1740 жылдың тамыз айындағы Әбiлмәмбет пен Абылай сұлтанның Ресейге ант берген оқиғасын қайта қарайық. Осынау Орта жүз ханы мен Абылай сұлтанға көп құрмет көрсеткен салтанатты жиналысқа Кiшi жүз ханы Әбілқайыр келген жоқ, бiрақ екi баласы Нұралы мен Ералыны жiбердi… Сол тарихи кездесуде Әбiлмәмбет пен Абылай қазақ арасында бой тасалап жүрген Башқұрт көтерiлiсiнiң басшысы Қарасақалды Ресейге ұстап беруге уәде бердi… Осыған  және басқа мәселелерге өкпелеген Әбілқайыр балалары кетiп қалады. Бұл  жағдай туралы В.А.Мойсеевтiң: «Встреча феодальной знати Младшего и Среднего жузов с царскими властями была омрачена неожиданным отъездом сыновей Абулхаира. Причиной этого явились ссора их с Абулмамбетом и Аблаем и полученные от отца известия о вторжении в казахские кочевья волжских калмыков». /18/– (18. Сулейменов Р.Б. Моисеев В.А. Из истории Казахстана ХҮІІІ вв. А.1987. Стр. 32) – деп жазғанына қарағанда, Кiшi жүздiң Ресейге ешқандай бодан болмағаны, осыдан екi жыл бұрынғы (1738) ант бердi деп жалған құжат жасағаны көрiнiп-ақ тұрған жоқ па? Егер Кiшi жүз Ресей құрамына кiрген болса, оларға итаршы болып жүрген қалмақтар кенеттен шабуыл жасамаған болар едi… Және сол 1740 жылдың күзiнде шығыстан Жоңғар шабуылы басталды. Бұл жағдай да Ресейдің қатысуынсыз болатын iс емес едi…

Осы оқиғаға қатысты және бiр деректi беруге мiндеттiмiз. Дәл  сол Әбiлмәмбет пен Абылайды қабылдаған күнi патша өкiметi тарапынан үлкен бiр жауыздық көрсетiлдi…Орынбор өлкесiнiң бастығы Урусовтың бұйрығымен көтерiлiске қатысқан башқұрттарды Орта жүзден барған қазақтардың алдында азаптап өлтiрдi. Әрине, бұл қазақтарды қорқытқаны едi. Осынау масқара оқиға туралы нақты деректерде былай деп жазылған: «Пятерых посадили на железные колья, 21 - отрубили головы, 11 – повесили за ребро на железных крюках, 85 человек человек были повешены. В другой раз 300 башкирам отрезали носы и уши, а жен и детей раздали служилым людям…» 

1. Стариков Ф. Исторический очерк присоединения к России Оренбургского края  и участия в этом местного казачества. – Оренбург, 1891. Стр. 57.;

2. Рычков П. История Оренбургская. Оренбург, 1896. Стр. 55.

3.  Абдиров М. История Казачество Казахстана. А. 1994. Стр. 69.

Осындай масқара жағдайда, яғни туысқан башқұрт халқына жасап жатқан Ресейдiң зұлымдығы мен хайуандығын көрген қазақ төрелерi бей-жай қалуы мүмкiн емес едi…Әрине, Әбілқайыр балаларының кетiп қалуына себеп болған жағдайдың бiрi осы. Сондай араздықта болған Әбілқайыр сынды тарихи тұлғаның Ресейге бодан болуы еш ақылға сыймайтын жәйт емес пе?

 

Орыстардың қазақ батырын дарға асуы

Біз жоғарыда  Күсеп батыр өмір сүрген заманға жалпы шолу жасап, Қазақ-Башқұрт қатынасы тарихынан біраз хабар бердік.  Жоғарыда айтқанымыздай,  1737-38 жылдары  Башқұрт жерінде болып, олардың  көтерілісіне  әскери көмекті аямай берген  Әбілқайырға башқұрттар: «Енді ханымыз болып басқарыңыз» деп қолқа салғанын Н.В.Устюгов  «Башкирское востание 1737-1739 гг.» (м – Л. 1950)  атты зерттеуінде былай деп суреттеді:

«....Все это не могло не производить впечатления на Абулхаира. Он согласился дать башкирам отдельного хана, решив  послать к ним своего сына Ходжи-Ахмета. Чтобы поднять  значение нового башкирского хана, Абулхаир, по согласию  восставшими старшинами, решил отправить в свои кочевья  особое посольство за Ходжи-Ахметом. Во главе посольства  направлялся влиятельнейший из повстанческих вождей Ногайской дороги батырь Кусяп Салтангулов. С этой целью Кусяп в середине апреля 1738 г. приехал к хану под, Оренбург. Оренбургский комендант Г. Л. Останков своевременно об  этом узнал и поставил себе целью не допустить посольства  и захватить Кусяпа. При помощи ахуна Мансура Абдрахманова, состоявшего в должности учителя и переводчика при сыне Абулхаира султане Эрали, находившемся в аманатах в Оренбурге, ему это удалось. 19 апреля ахун Майсур явился к Абулхаиру с приглашением посетить на следующий  день Оренбург, так как 20 апреля «Е. И. В-ва будет в городе  торжественны праздник». Это было придумано для того, чтобы заманить в Оренбург Абулхаира и находящихся при нем башкирских старшин, которые также приглашались принять  участие в празднестве. Хан как будто согласился. Неуверенный в том, что хан не обманет, ахун Мансур вновь явился к нему утром 20 апреля с повторным приглашением. Хан стал  собираться. Заподозрив неладное, хан потребовал от ахуна присяги в том, что «нет ли чего у майора про Кусяпа речей, и ежели поедет и он в город, не учинит ли ему что». Верный слуга царского правительства, Мансур не остановился перед клятво преступлением и «присягнул, что подлинно об нем не слыхал и, надеюсь, ничего не учинит». Абулхаир поверил и поехал в Оренбург со свитой в 20 человек, в состав которой  входил и Кусяп. Как только гости прибыли в Оренбург, Кусяп и еще трое башкир были немедленно схвачены и заключены под  стражу...) (стр. 106)

Осынау нақты мәліметтерден біздің көріп отырғанымыз Күсеп батырдың Әбілқайырға өте жақын адам, яғни үзеңгі жолдастарының бірі болғаны. Оның ең сенімді адамдарының бірі болғандықтан, башқұрттардың игі жақсыларымен Ордаға барып, Әбілқайырдың баласы Қожахметті салтанатты түрде алып келіп, Башқұрт елінің ханы етіп көтеретін  елшінің («особое посолство») басшысы етіп Күсеп батырды жібергелі жатқанын Ресей басшылары біліп қалған. Сол елшілікті  қалай да болдырмас үшін Орынбор коменданты  Г.Л.Останков  көтеріліс басшыларының бірі Күсеп батырды бірнеше адамдармен тұтқынға алады. Ресей басшылары Күсеп батырды енді қолдан шығармас  үшін оны өлтіруді ғана ойлады. Күсеп батырдың  Г.Л.Останков  тергеген сотта берген жауабы нағыз батыр екенін көрсетті. Дәл сол эпизодты Н.В.Устюгов былай суреттеген: 

«...Пойманный Кусяп держался во время допроса с большим  достоинством. Своего участия в восстании он не отрицал.

   На вопрос Г. Л. Останкова, когда он примкнул к восстанию и где именно, Кусяп ответил: в 1736 г., когда карательные экспедиции разорили Башкирию. «И с того времени, – продолжал Кусяп, – я, Кусяп, с изменниками вместе при всех нападениях на российские войски и городы был и верноподданных башкирцев и других иноверцов разорял. А где имянно, о том всем известно. И был при тех изменниках я главным старшиною», вместе с другими крупными вождями Кильмяком, Бепеней и прочими, которых Кусяп назвал поименно.

Не скрыл он и своих дальнейших планов. Он подробно рассказал о том, что когда Абулхаир был в башкирских волостях и встретил там Шигая, сына султана Барака, то он посоветовал башкирам отпустить Шигая обратно к отцу. Вместо Шигая Абулхаир предлагал башкирам взять сына его «Кузяхметя (Ходжи-Ахмета. – Н. У.) в салтаны». По прибытии Кусяпа к Оренбургу Абулхаир стал ему говорить, чтобы он «поехал в Киргизские орды и сына ево Кузя-Ахметя взял». Отъезд этого посольства был намечен на 21 апреля. 20 апреля Кусяп был схвачен, и эта поездка расстроилась. (Стр.107-108)

Ресей жендеттерімен Башкирия жерінде көп соғысқан есіл ер, осылай ойламаған жерде орыстардың қолына түсті. Сол кездегі Орынбор аймағының губернаторы А.И.Татищев Күсеп батырды тірілей қолдан шығаруға болмайтынын жазған хаттар сақталған. Әбілқайыр Татищевке Күсеп батырды босатыңыз деп талай өтініш жіберген.  Алайда орыстар Күсеп сияқты аса беделді батырды қолдан шығарса, көтерілісті басуға мүмкіндік болмайды және ұзаққа созылатынын жақсы білді. Олар сонымен Күсеп батырды дарға асты...

Башқұрт көтерілісінің аса ірі басшыларының бірі Күсеп батырды тұтқынға алу  Татищев үшін үлкен олжа болды. Осы оқиға Устюгов зерттеуінде былай жазылған: 

«...В руках В. Н. Татищева уже находился самый крупный из вождей восставших башкир Ногайской дороги Кусяп батырь Салтангулов. Закончив свои дела в Оренбурге, В. Н. Татищев поехал осенью 1738 г. в Самару, захватив с собой и Кусяпа. Абулхаир хан во время своих встреч с В. Н. Татищевым в Оренбурге неоднократно ходатайствовал об освобождении Кусяпа. В. Н. Татищев не исполнил этой просьбы и принял решение казнить Кусяпа.... 

...Самая казнь состоялась 9 сентября в Сакмарске, где В. Н. Татищев временно остановился по пути в Самару. Кусяп батырь умер мужественно и гордо. Он отказался давать какие бы то ни было показания перед казнью, хотя В. Н. Татищев и очень желал их получить.  (стр. 115-116)

Біз негізге алған қысқаша  мәліметтер мына кітапта жазылған:

 Устюгов H. В. Башкирское восстание. 1737-1739 гг.. – М.-Л.: Издательство Академии Наук СССР, 1950. – 154 с. – 2000 экз. 

 

Түйін: Күсеп батыр мен башқұрт батырлары отбасыларының тағдырлары

Жалпы Күсеп батыр және басқа Башқұрт көтерілісінің басшылары туралы архивтік  нақты материалдар өте көп. Сол басшылар мен батырлардың кейбір тірі қалғандары қазақ жерін паналады. Солардың бірі Қарасақал атанған Шона батыр өмірінің ақырына дейін Қазақстанда болды. Ол туралы нақты мәліметтерді Ш.Ш.Уәлиханов алғаш жинаған болатын. Оларды Әбілқайыр туралы зерттеуімізде бергенбіз. 

Башқұрт пен қазақ халқы үшін  Күсеп батыр өлімі үлкен қайғы болды. Сондықтан оның балалары Әбілқайырдың ерекше қамқорлығына алынған. Оларды 1748 жылы Әбілқайыр қаза болғаннан кейінгі заманда да патша өкіметіне білдірмей жасырын ұстаған.... Екі халықтың тарихына өз есімін алтын әріппен жазып кеткен Күсеп батыр ұрпағы Адай тайпасы Балықшы руының Көрпежан бөлігінде алты Күсеп деп аталады. Бұл ауыл өскен ауылдың бірі...  

Жоғарыдағы мәліметтерде Ресей басшылары 1738 жылдың 9 қыркүйегінде Күсеп батырды дарға асып өлтіргені нақты материал болса, содан бір ай бұрын, яғни тамыздың басында Орынбор басшыларымен Әбілқайыр мен Жәнібек батырдың кездесуі болғаны рас болса, олардың ешқандай мәмілеге,  яғни келісімге келе алмағаны емес пе? Ал Ресей басшылары бізді осы уақытқа дейін «Әбілқайыр ант берді» деп алдап келді, яғни жалған құжат жасады. Ешқандай анттың да, бодандық туралы сөздің де болмағанын осы жағдай дәлелдейді. Ресей басшыларының қол жеткізгені Башқұрт көтерілісіне көмек беріп жатқан Әбілқайырды уақытша болса да тоқтатқаны еді. Ол Устюговтың зерттеуінде жақсы баяндалған.

 

Самат ӨТЕНИЯЗОВ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, т.ғ.к.
11.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 28
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 50
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 18
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 23
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 29
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 25
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 53
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 50
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 258
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 255
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 877

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8952
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8346
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11572
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9330
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10556