Агроөнеркәсіптік кешен Қазақстанның негізгі салаларының бірі болып табылады. Қазақстанда өнім шығару көлемі жыл сайын артып келеді. 2023 жылы Қазақстанның ауылшаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 8,3 трлн теңгені құрады. 2024 жылғы көрсеткіште өсім байқалған. 8.7 трлн.
Агроөнеркәсіптік кешеннің қазақстандық өнімі ішкі нарықта ғана емес, сыртқы нарықта да сұранысқа ие. Қазақстанның ауылшаруашылығы тауарларын негізгі сатып алушылары ЕАЭО, Қытай және Иран елдері болып табылады. 2023 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсуі 10,3%-ға жетіп, 981,1 млрд теңгені құрапты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында негізгі мақсат ауылшаруашылығының дамуына серпін беру екенін баса айтты.
– Ауылшаруашылығы бәсекеге қабілетті озық сала болуы керек. Агроөнеркәсіп кешені экономикадағы басты қозғаушы күштің біріне айналуға тиіс. Бизнес те, мемлекет те осыған мүдделі. Бұл, ең алдымен, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды. Ауылдағы ағайынның тұрмысы да осы салаға тікелей байланысты, – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде алда атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттарына тоқталды. Атап айтқанда, агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыруды жүйелі жүргізу, саланы индустрияландыруды белсенді түрде жалғастыру, ауылшаруашылығы ғылымын өркендету, селекция мен тұқым шаруашылығын жандандыру, озық технологияларды енгізу, ауылшаруашылығы техникасының қолжетімділігін арттыру және агроөнеркәсіп саласының экспорттық әлеуетін күшейту мәселелерін қозғады.
Мемлекет республикалық және жергілікті атқарушы деңгейде елде бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау жолымен осы саланы дамыту үшін жағдайлар жасайды. Инвесторларға жеңілдетілген несие шарттары, кедендік баждар, салықтық жеңілдіктер және заттай гранттар ұсынылады.
Агроөнеркәсіптік кешен саласында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау АӨК субъектілері үшін жеңілдікті салық салуды енгізу, субсидиялар беру, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге жеңілдетілген кредит берумен қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен мемлекеттік қолдаудың келесі түрлері қарастырылған:
Инвестициялық салымдар кезінде АӨК субъектілерінің шығыстарының бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау;
Ауылшаруашылығы малдарын сатып алуға, сондай-ақ ауылшаруашылығы техникасының лизингі бойынша кредиттер және технологиялық жабдықтың лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау.
АӨК индустриялық дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын ұйым «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ және оның еншілес ұйымдары болып табылады.
Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына көз жүгіртсек көңіл тоғаяды.
Жобаның мақсаты: еңбек өнімділігін үш есеге арттыру, агроөнеркәсіптік кешен өнімінің экспортын екі есеге ұлғайту және отандық өндірістің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету арқылы бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешен құру.
Есепті кезеңге 20 нысаналы индикаторға қол жеткізу, 74 іс-шараны орындау жоспарланды.1 нысаналы индикатор. «Ауылшаруашылығындағы еңбек өнімділігін 2020 жылмен салыстырғанда 3 есе арттыру, 2024 жылға арналған жоспар – 164,9%».
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросының (бұдан әрі – СЖРА ҰСБ) алдын ала деректері бойынша ауылшаруашылығында жұмыспен қамтылған 1 адамға еңбек өнімділігі 2024 жылғы 9 айда 174,3%-ға ұлғайды және 3 177,9 мың теңгені құрады (2020 жылғы 9 айда – 1823,5 мың теңге).
Соңғы жылдық деректер 2025 жылдың 1 шілдесінде СЖРА ҰСБ арқылы қалыптасады және жарияланады.
Дайындаған – Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК