Айтылмаса, сөз жетім Қазақ шынымен «жалтақ, сорлы» ма?

Айтылмаса, сөз жетім Қазақ шынымен «жалтақ, сорлы» ма?

«Қазақтарға не болған? Жалтақ па, сорлы ма?» – деп  марқұм  Герольд  ағамыздың  тым  ащы      айтқаны шымбайыма батты. Қайтадан ой сарабына салсам, шындық бар. Өзін «мен қазақпын!» деп өткен Гер-ағаң әбден намысына тиген соң айтып отыр ғой.

«Мәңгілік әкім» деген атқа ие болған Даниал Ахметов ақыры кетті. «Қара орыс» қалпымен келіп еді, ақыры содан өзгерген жоқ. Мәңгүрт әкімдердің көшін бастады. Қазір де қазақшаны қақпайтын, мемлекеттік тілді менсінбейтін басшылар, министрлер жетіп артылады. Неге бұлай етеміз? Әрине, олар Президентіміздің үкімімен қызметке келеді. Сол кезде оның қазақ тілін білмейтіндігі неге ескерілмейді?

Қазір басқа этнос өкілдері қазақ тілін үйреніп жатыр. Бірен-саран... Олар қазақша сөйлесе, қазекең мәз болады. Мәселен Парламент депутаттарының арасында қазақша білетіндерді көп көтермелейміз. Бәлкім, бұл да дұрыс шығар. «Мен 141 мемлекетте болдым. Солардың арасында өз тілінде сөйлемейтін бір ғана мемлекет бар. Ол – Қазақстан» деген бір ғұламаның тұжырымы фейсбукта кезіп жүр. «Жалтақ, сорлы қазақты» осы сөз де селт еткізбей отырғаны таңғалдырады. Қалың ел басшыларға қарайды. Ал басшылар, Президентіміз жаныңды түршіктіретін осы сөзді оқыды ма екен? Ең болмаса олар Гер-ағаңның «Намыс қайда?» деген күркіреген сөзін неге оқымайды екен? Оқыса, ойланар ма деп ойлайсың ғой. Өткен аптада боксшы балалардың жарысына қатыстым. Дінмұхамед Қонаевтың құрметіне арналған жарыс екен. Оның жарнамасы мен хабарламасы теп-тегіс орысша жазылған. Дикторлар да тек орысша сөйлеп тұр. Ашуландық,  шамырқандық.     Ұйымдастырушылар кешірім сұрады. Осы кішкентай жарыста да қазақ тілі есіктен кіре алмай отыр...

30 жыл бойына мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру жөнінде қаншама сөздер айтылды. «Қайран сөзім қор болды-ау...» деп назаланған Абайымыз еске түседі. Бұрын халық «Шал, кет!» деп айтатын. Енді осы сөз Тоқаевқа да айтылып жүр. «Ештен кеш жақсы» дегендей, Президентіміз етек-жеңін жинап, тіл, рухани дүние жөнінде жаңаша көзқарасын кіргізбесе, бұл айқай сөз күшейе бермек. «Қазақстанда 130 ұлт бар» деген демагогиялық ұранды мүлдем алып тастау керек. Жаңа жүйе құрылмаса, онда қазақтар жалтақ, сорлы, бейшара деген қара таңбадан арыла алмаймыз. Жаңа Қазақстан,  Әділетті Қазақстанды  да  ешқашанда   құра    алмаймыз.

 

 

ЕРТАЙ АЙҒАЛИҰЛЫ
14.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕ
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі - 01.04.2025 142
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
Жамбыл облысы әкімдігі - 01.04.2025 192
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ ГҮЛМЕН КӨМКЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 66
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ  ТӨЛЕБИЛІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 246
ШАРДАРАЛЫҚ ЗІЛТЕМІР ШЕБЕРІ ТҰҢҒЫШ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 54

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3570
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 3778
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 18700
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17384
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 20805