Алматыда инновациялық шығармашылық орталықтар мен инновациялық колледж құрылысына ақша бөлу жоспарлануда

Алматыда инновациялық шығармашылық орталықтар мен инновациялық колледж құрылысына ақша бөлу жоспарлануда

Алматы бюджетінің жобасында инновациялық шығармашылық орталықтар мен инновациялық колледж құрылысына ақша қарастырылған

Алматыда ағымдағы жылы  төрт инновациялық шығармашылық орталық ашылды, енді тағы екеуі салынады. Үш жылдық бюджеттің тиісті жобасын Алматы Мәслихатының алдағы сессиясында қарау жоспарлануда. Бұл туралы қалалық Мәслихаттың баспасөз қызметі хабарлады. 

Биыл Алматыда қаланың жас тұрғындарының әлеуетін дамытуға мүмкіндік беретін 4 инновациялық шығармашылық және инклюзивті білім беру орталығы ашылды. Нәтижесінде алматылық оқушылар республикалық және 20 халықаралық олимпиадаларда 64 алтын медаль алды. 

Бұл бағыттағы жұмыс 2025 жылға дейін жалғасады. Осылайша, Вахтангов көшесі бойындағы Бостандық ауданында даму және шығармашылық орталығының құрылысы жалғасады және Алатау ауданындағы «Саялы» ш/а даму және шығармашылық орталығының құрылысы басталады. 

Бұдан басқа, келесі жылы Алғабас  ш/а инновациялық техникалық колледжінің құрылысы жалғасады, №2 гуманитарлық-педагогикалық колледж бен жатақханасы бар телекоммуникация және машина жасау колледжінің ғимаратына қосымша құрылыс салынады.

Жансая Толқынбек

 

05.12.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 13163
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 11999
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 15245
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 14174
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 19205