«Алтын НИКА» статуэткасын тұңғыш алған қазақ

«Алтын НИКА» статуэткасын тұңғыш алған қазақ

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы, Дүниежүзілік «Қызыл Крест» комитетінің Алтын медалі иегері, грек мифологиясындағы  қанатты  жеңіс құдайы  «Алтын НИКА» статуэткасы иегері, Францияның  Алтын Ордені және  Грамотасы иегері, Дүниежүзілік психологтар, дәргерлер, рухани және халық емшілері Ассоциациясы мүшесі,  ҚР Денсаулық сақтау министрі «Қазақстанның Жұлдызды емшісі» белгісі иегері, Құртқа тәуіп атындағы Дәстүрлі және рухани медицина Академиясы  мүшесі Асқарбек Рахимов саналы өмірін еліне, халқына арнаған азамат. 

   

Бұқа палуанды жеңген Әйтен

Асқарбек Рахимов 1935 жылы 1 сәуірде Алматы облысы  Шелек ауданы Тескенсу ауылында дүниеге келген. Ол шаруашылық жұмыста табандылықпен еңбек еткен, үнемі саламатты өмір салтын уағыздаған және  қазақша күресті дамытуға  өмірін сарп еткен, сегіз қырлы, бір сырлы адам. Ширақ жүріс, қалыпты шабыс жинақы мінезге үйлесе кеткен. Табиғатынан о баста қонған ерекше қарапайымдылық, байыптылық пен байсалдылық аға тұлғасын шоқтықтандыра түседі. Табиғатынан ешкімге дауыс көтеріп сөйлемейді.  Ал палуандық, күрес туралы әңгіме қозғалса арқасы қозып кететіні бар. 

1880 жылдарда Талғар өңірінде лақап аты «зымиян», Кузнецов деген орыс байы билік жүргізіп, оның рұқсатынсыз таудан ағып жатқан судан ешкім бір құлақ су алуға қорыққан. Бойы 2 метр, салмағы 350 келідей, ат көтере алмай- тын болғандықтан пар ат жеккен кашаба арбамен жүреді. Сол «Күресте мені кім жеңген адамға байлығымның жартысын беремін» деп жар салып жүреді екен. Асекеңнің әкесінің Әйтен деген палуан ағасы бір күні Кузнецовпен белдесіп орысты аспанға тік көтеріп, шыр айналдырады. Жерге бір-ақ ұрайын десе өліп қала ма деп қорқып, бір жағынан «ұлтаралық достықты» ойлап ақырын  орнына қоя қойған екен. Орыс Әйтекеңе  бір қап тары сыйлапты.

Жетісу өңірінде өткен  бір аста Тезек төре палуандар бәсекесіне бұқа палуанын шығарады. Әйтен бұқа палуанның жауырынын әп-сәтте жерге тигізіп, басынан аттап кетіпті. Ызаланған бұқа палуан зұлымдық жасап, артынан аңдытып жүріп, шиті мылтықпен  Әйтенді атып өлтіртіпті. 

Асекең жас кезінде өзі де өлім мен өмірдің арасында қалғаны бар. Жоғарғы сыныпта оқып жүргенде қырмандағы жұмыстарға көмектесетін. Астықты  элеваторға өткізуге үшін жастар  дымқыл бидайды  кептіруге  жерге жайып, әлсін-әлсін аударып,  кешке  жапқышпен жабады.  Асқарбек бидай жапқан палатканың астына кіріп ұйықтап қалады. Таңертең палатка  үстімен  өткен автокөліктің дөңгелегі  Асекеңнің белінен басып, жақ сүйегін сындырған. Асекең 19 күн ауруханада жатады.  Жамбас пен жақтың сынығы, мертіккен бел омыртқа  зардабынан  аяғын нық басып  жүріп кету үшін  2 жыл қажет болды. Қатарынан қалмау үшін өзінің ауыр жарақат алғанын жасырып 1955 жылы әскерге кетеді. Онда да тыңбай шыңдалады. Ленинград қаласында, Инженерная көшесі, 8 номерлі ғимаратта әскери округ бойынша  спорттық жарыста спорт шебері, КСРО-ның 10 дүркін жеңімпазы Ширяев деген пал- уанды 15 секундта алып ұрып, жеңімпаз атанған. Асекеңді жарыста үнділік- тер аспанға көтеріп, бас киім кигізіп, құрметтеп дәріптейді.  Бұл ғимаратта кезінде  дүниежүзілік жарыстарда 48 алтын медальды жеңіп алған Қажымұқан атамыз да күрескен екен. Асекең 1963 жылы Көкшетау облысы  Қызылту ауданында  Кеңес Одағының Батыры Қ.Мұсаев жүлдеcі үшін болған республикалық жарыста  жеңімпаз болып, қазақша күрестен спорт шебері атағын  алған еді. Жалпы 16 жыл бойы жас палуандарды жаттық- тырған, күрестің түрлерінен Алматы облысының 35 дүркін жеңімпазы, ал республикалық жарыстарда 20 рет жеңімпаз атанған Асекеңе өткен жылы  қазақ елі бойынша 17 атақты палуанның бірі ретінде Қ.Байдосов атындағы алтын медаль  тапсырылған еді.     

 

Орыс  академиктерін мойындатқан Асқарбек

20  қазан  2013 жылы Москва қаласында  17 мемлекеттен дүниежүзіне та- нымал атақты 580 ғалым  қатысқан «Ұлттың денсаулығы – ұлттың қауіпcіз- дігінің негізі» атты халықаралық  конференцияда  аты аталып, марапаттауға 

А. Рахимовты  шақырғанда  президиумда отырған академик В. Царевский

орнынан тұрып, төмен түсіп залда Асекеңді өзі қарсы алып, құшақтап, қол- тықтап қолынан ұстап, cахнаға шығарып, Асекеңнен ем алып  сауыққан Ресей Ғылым академиясының  3 академигі, оның ішінде  академик фармацевт  Никонов:   «А. Рахимов  Москваға бір келеді, сонда есте қаларлықтай бағалы затты ескерткішке тапсыруды аманаттаған еді», – деп конференцияға қатысып отырған адамдарға жария етеді.  Конференцияда көне грек мифологиясындағы  қанатты  жеңіс құдайы  «Алтын НИКА»  статуэткасын, Францияның  Алтын Ордені және арнайы грамотасын, Дүниежүзілік психологтар, дәрігерлер, рухани және халық емшілерінің Ассоциациясының мүшесі – дүниежүзі бойынша емші куәлігін тапсырады және де бұған дейін «Алтын Ника» статуэткасын дүниежүзі  бойынша  бір халық батыры, олимпиаданың 5 дүркін жеңімпазы және баритон дауысты әнші ғана ие болғанын  айтады. Бұл атақтар Асекеңнің саналы  өмірінің 70 жылында  халқына  жасаған  қызметінің қорытындысы, бағасы  деп те айтуға болады.  

Асекеңнің тамыршы, науқастарды шөппен емдеп халыққа жасап жүрген көмегі өзінше бір төбе. Науқастың тамырын ұстап, бет-жүзіне, сөйлеген сөзіне, дем алысына, көз жанарына, тіліне қарап сырқатын анықтаған. 

Асекеңнің тамыршылық қасиеті және науқастарды емдеуде түрлі шөптерді пайдалануы әжесі Табиядан дарыған қасиет болса керек. Бүгіндері бойындағы  дарынның көзі ашылып, халық денсаулығы күзетінде тұрған Құртқа тәуіп, Өтебай Тілеуқабылұлы сияқты ұлы бабалардың ісін жалғастырған, шынайы ізбасары Асқарбек Рахимовтың өмір жолы небір қызықтарға толы. Үнемі көпшіліктің ортасында жүреді, жұртқа ерекше сыйлы. Асқарбек аға республиканың барлық өңірін жаяу жүріп аралап түрлі емдік шөптерді теріп, науқас адамдарға  көмек беріп, ғұмырларын ұзартқан адам. Іле Алатауы бөктерінен, Хантәңірі, Тянь-Шань тауларынан, Шәлкөде, Қарқара, Асы жайлауларынан, Шұбартау, Зайсан мен Тарбағатай өңірлерінен, Оңтүстік Қазақстан облысы тауларынан емдік шөптер жинап, кептіріп, тазалап дәрі, бальзам жасап, әуелі өзі ішіп көреді. Жетілдіре келе, шөп тамырынан «Бальзам №1» жасалып тұмауды емдеп, сыныққа, ісікке, басқа да жұқпалы ауруларға қолданады. Сырқаттың құлантаза жазылуына көмегі тиеді. Бальзамды Алматы фармацевтика зертханасында тексертеді. Олар пайдалы деген арнайы куәлік береді. Әрі бірнеше ауруға шипа болатыны да анықталынады. Бұл қадам оған қуат беріп «Бальзам № 2» жасайды. Емдік қасиеті бар бұл дәрілерге медицина ғылымдарының докторы, фармацевт К.Үшбаев пен ресейлік академик А.Никонов тарапынан оң баға берілді.

 

850 шөп түрінен көрме ашқан

Асқарбек ағамыз 1961-1970 жылдары  Алматы қаласы Горький атындағы  демалыс орнында 850  шөп түрін  жинап,  емдік шөп көрмесін, жасыл әлем гербарийін жасаған. Бұл көрмеге арнайы Москва қаласынан келіп қалысқан Халық университеті ректоры академик А. П. Каширина  үлкен  баға берген. 

Асқарбек Рахимовтың «Халық емшісі» деген кітабында дәрілері шипа болған, ауруларынан айыққан жандардың алғыс хаттарына да мол орын беріліпті. 225 түрлі емдік шөптің қазақша және орысша атауларын түгендеп, қасиетін жазған. 70  жылдың көлемінде  Асекең емінен сақайған мыңдаған адам өмірдің талай қуанышты сәттерін бастарынан өткізіп, балаларын тәрбиелеп, еңбек етуге мүмкіндік алған. Мәселен Нұрмұхамедова деген әйел күйеуіне бірнеше ота жасалып, бүйрегі алынып тасталғанын, 27 келі салмағын жоғалтып, шаштары түсіп, тамақ ішуден қалған кезде денсаулығын түзеуге Асекең ғана көмектескенін, оның емінен кейін 10 жыл бойы өздерін жақсы сезінетінін айтады. Ал өмірден мүлде түңілген латвиялық неміс әйелі миындағы ісіктің Асекеңнің дәрілерінен кейін жоғалғанын жазыпты, мұны Германияда жасалған диагностика дәлелдеген. Өткен жылы америкалық  демалыс аппаратымен ғана дем алып жүрген Түмен облысындағы бір мұнай өндіру заводы  директоры айығып шыққанын атап өтуге болады.

Асекең алдына келген адамға еш уақытта «жоқ» демейді. Білегін, саусақтарының ұштарын ұзақ уақыт ұстап отырып, үміт отын жағады. Адам көңіліне мұнан артық қандай демеу керек. Жүгінген науқасқа бірнеше диагноз қойғанда абдыраған жан емшіден шыға салып диагностикалық орталықтарға барып түрлі аппараттарға түсіп тексеріліп, үлкен, кіші дәреттері мен қан қысымын, тіпті, құрамын тексерте отырып дәрігердің алдына тоқтағанда қорытынды сөз Асқарбек Рахимовтың айтқанымен дәл келіп жатады. Берген дәрілерін уақытында ішсеңіз ауырған жерге бірден әсер етеді. Ол дәрілер химиялық заттардан емес, табиғи шөптен жасалған.

Аскарбек Рахимов 2013 жылы 4-5 шілдеде Алматыда өткен Дәстүрлі және рухани медицина қызметкерлерінің V съезіне қатысып өз тәжірибесімен бөлісті. Құртқа тәуіп атындағы Дәстүрлі және рухани медицина Академиясының мүшесі болды. Денсаулық сақтаудың дәстүрлі жүйесін дамытып, үлес қосқаны, саламатты өмір салтын насихаттағаны үшін «Қазақстанның Жұлдызды емшісі» атағымен, «Бәйтерек» қоғамдық қорының Алтын медалімен марапатталған. А. Рахимовтың осындай бейнетті де қажырлы еңбегі елге сіңірген еңбегінің арқасы.   Бүгінде Асекең – түрлі шөптен жасаған 49 дәріге патент алған фармацевт  ғалым.  «Гүлжапырақ»  атауымен тек табиғи шөптен жасалған Қаражоталық академиктің бальзамы өлімнен араша, шипа болған,  ауруларынан айыққан жандардың рахметі мол. 

Қазақша күрестің саңлағы, Халықаралық дәрежелі емші, Қазақстанның жұлдызды емшісіне   таусылмас қайрат, жігерлі жеңістер тілейміз!

 

Нұрлан ЕРДӘУЛЕТҰЛЫ, Журналистер одағының мүшесі
23.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 109
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 109
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 625
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 743
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 655
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 666

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8799
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8199
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11425
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9179
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10411