«Аманат» арқалаған ауыр жүк

«Аманат» арқалаған  ауыр жүк

14 қаңтарда премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен жиынға «Аманат» қоғамдық комиссиясы қатысып, бүгінге дейін атқарған жұмыстарымен таныстырды.

Сонымен қатар комиссия мүшелері мемлекеттік органдардың қызметі мен қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу туралы нақты ұсыныстарын ортаға салды.  

Үкімет тарапынан ҚР ІІМ-нің бірінші орынбасары М.Ш.Қожаев, ақпарат министрінің орынбасары А. Данилов, әділет министрінің орынбасары Н. Пан, Ұлттық экононмика министрінің орынбасары А. Абдыкаримовтар қатысты. Жиын барысында «Аманат» комиссиясы ұсынған тізім бойынша Шымкент тергеу изоляторынан 14 азаматтың бас шарасы өзгертіліп, бостандыққа шыққан белгілі болды. Бұған дейін дейін комиссияның араласуымен 85 азамат бостандыққа шыққан еді.

12 ақпанда елордада өткен брифингте «Аманат» қоғамдық комиссиясының төрағасы Абзал Құспан: – «Жұмыс барысында жүрекке із қалдырып, бізді қатты күйзеліске түсіргені – мылтықтан, автоматтан жараланған алматылық азаматтарды көрген сәтіміз. Әрине, оларға тергеу изоляторында, оның ішінде «санчаста» жағдай жасалып жатыр. Дегенмен көбінің жағдайы ауыр», – деді. 

Негізінен Қазақстан адамды азаптауға қарсы халықаралық құжатқа қол қойған бірақ, қаңтар оқиғасынан кейін, яғни 8-10 қаңтар күндері биліктің пәрменімен алаңдағы азаматтарды жаппай ұстау, ұрып-соғу күшпен абақтыға жабу әрекеті жүргізілді. Кейін ұсталғандарға қылмысты мойындату үшін азаптау, қорлау, денесіне үтік басу, ыстық су құю, аяусыз ұрып-соғу фактісімен әлеуметтік желілерде және тәуелсіз ақпарат кеңістігінде видеолар, үндеулер, арыз-шағымдар жария бола бастады. Халықтың жанайқайы құлаққа жеткенімен, билік әлі де болса, террорист, мемлекетке қауіп төну секілді мәселелерге көбірек басымдық беріп отыр. Президент халыққа көңіл айтқанымен, кешірім сұрамады. Саяси режимнің бұл әрекетіне Санжар Боқаев  «Азаматтарды азаптауға жол берген Қазақстан билігі халықаралық конвенцияны белден басты» деген баға берді. Дегенмен, Абзал Құспан бастаған комиссия азаматтардың жазықсыз қудаланбауына, «шелек жалаған тұтылып, айран жалаған құтылып» кету қаупіне қарсы сауатты түрде әрекет етіп жатыр. – «Қазір негізінен жастар қамауда. Ұсталғандардың арасында 11-12 кәмелетке толмағандар болды. Жастары 15-16-да. Олардың қоғамға қауіп төндірмейтініне прокуратура органдарын сендіре алдық және біз кездескен кәмелетке толмағандардың бұлтартпау шарасы жұмсартылды – үйлеріне жіберілді», – дейді комиссия мүшесі Мәди Мырзағараев. Брифинг барысында «Назарбаевтың ескерткішін құлатуға қатысы бар» деп айыпталған Азамат Батырбаев туралы да айтылды. – «Талдықорғанда Азамат Батырбаевтың арқасына үтік басқанынан бастап қандай қиындық көргенін, қандай ауыр халде жатқанын бірінші біз тәптіштеп отырып жазып бергенбіз. Өзімен кездесіп, арқасын шешіп тұрып көрдік, көзіміз жетті. Сол кезде-ақ, мейлі қандай кінәсі болса да, оған емделуге мүмкіндік беру керегін, бас шарасын (бұлтартпау шарасын – авт.) өзгерту керегін айтып, облыс прокурорына ұсыныс бердік. Әрине бүкіл талабымызды орындай бермейтіні анық. Десе де, «жоқ, оны шығармаймыз» деген үзілді-кесілді жауап та алмағанымызды айта кетейін. Қазір оған нақты қандай шешім қабылданатыны белгісіз», – дейді Абзал Құспан. 

Cонымен қатар прокурор кінәлілердің видеосын жеке-жеке көрсетіп беруге уәде бергені де мәлім болды. Білуімізше, «Аманат» комиссиясының жұмысына ашық кедергі болмаған. Тек кейбір аймақтарда комиссияның ойдағыдай жұмыс істеуіне шектеулер әсер еткен. Алайда комиссия мүшелері кез келген жағдайды бас прокуратураға жазып, нақты талап қойып отырғандарын мәлімдеді.

 

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
17.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 145
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 143
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 657
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 777
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 690
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 700

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8839
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8237
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11464
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9221
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10448