Ана мен баланы қорғау – мемлекеттің негізгі міндеті

Ана мен баланы қорғау – мемлекеттің негізгі міндеті

Ана мен баланы қорғау кез келген мемлекеттің ішкі саясатының басым бағыты ретінде қарастырылады. Сонымен қоса ана мен баланы қорғау – мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығының да өзекті саласы. Ана мен баланы қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігі құқықтық база мен іске асыру механизмдеріне келіп тіреледі. Бүгінгі таңда осы саланы тиімді реттеуге мүмкіндік беретін нормативтік-құқықтық база қалыптасқан. 

Тарихқа жүгінсек, ана мен баланы қорғау саласындағы құқықтық база БҰҰ құрылғанға дейін қалыптаса бастаған. Ал ұйым құрылуымен бұл мәселе жаһандық мән берілді. 1948 жылғы қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында «Ана мен бала ерекше қамқорлық пен көмек алуға құқылы» делінген. Халықаралық Еңбек Ұйымының Бас конференциясы 1952 жылы ананы қорғау туралы Конвенцияны қабылдады. Ал 1959 жылы Бала құқықтары жөніндегі арнайы декларация қабылданды.  1989 жылғы Бала құқықтары туралы Конвенция балалардың денсаулығына кепілдік береді. Дүниежүзіндегі статистика бойынша күн сайын 1500-ге жуық әйел мен жасөспірім қыз жүктілік пен босанудың проблемаларынан қайтыс болса, жыл сайын 10 млн-ға жуық әйел жүктілік кезінде қиыншылықтарға душар болып, соның салдарынан түрлі инфекциямен ауыратын және мүгедектігі бар балаларды тастап кетіп жатады екен. Жыл сайын шамамен 3 млн нәресте өлі күйінде туылып, 3,7 млн нәресте туылғаннан кейін немесе бір айлығында қайтыс болатын көрінеді. Әлем мемлекеттері үкіметтерінің көпшілігі әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияны ратификациялады. Кейбір елдер ананы қорғау туралы халықаралық келісімдерді ратификациялап, оларды қорғау туралы тиісті заңдар да қабылдады. Әйелдердің құқығын қорғауға арналған халықаралық келісімдерге жүкті әйелдер мен аналарға медициналық қызмет көрсету, жұмыс орнында қорғау туралы заңды міндеттемелер кіреді. 

 

Жалпы алғанда әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерінде, Орталық Азия аумағында және Қазақстанда да ана мен баланы қорғау саласында реформалар кезең-кезеңімен іске асырылып келеді. 2020 жылғы қыркүйектегі Жолдауында ҚР Президенті Қ.Тоқаев отбасылық-демографиялық ахуал алаңдаушылық тудырып отырғанын айтып, отбасылардың бала сүйе алмауы, ажырасу санының артып кетуі, толық емес отбасы, некесіз бала туу, балалардың қауіпсіздігі мен құқығын қорғау мәселесі әлі де өзекті екендігін алға тартты.  Президент балаларға қатысты жыныстық әрекеті үшін қылмыстық жазаны қатаңдатуды  тапсырды. Сонымен қоса әлеуметтік саясаттың жаңа парадигмасы керек екенін алға қойды. Ана мен баланы қорғаудың заңнамалық негіздері көптеген мемлекеттердің Конституцияларында, арнайы қабылданған Еңбек кодексі, Отбасы  кодекстерінде, бірқатар заңдарда, атап   айтқанда, «Денсаулық сақтау туралы», «Бала құқықтарының кепілдіктері туралы» Заңдарда және өзге де заңнамалық актілерде көрсетілген. Ана мен баланың құқығын қорғау, әлеуметтік және денсаулық жағдайын жасау туралы түрлі қорлар, кеңестер мен  қозғалыстар, қоғамдық ұйымдар жұмыс істейді. Соңғы уақытта қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде көптеген елдерде  өмір сүрудің орташа жасы өсіп, аналар мен балалар арасындағы өлім-жітім көрсеткіштері төмендеп, Covid-19 есептемегенде санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығы, аурулардың алдын алу және тиімді емдеу шараларымен қамтамасыз етіліп келді. Денсаулық сақтау жүйесін реформалау шеңберінде аналар мен балалардың денсаулығын қорғаудың ұлттық моделдері қалыптасты, оның жоғары тиімділігін түрлі елдердің сарапшылары атап өтуде. Осылайша Ана мен бала құқықтарын қорғау жөніндегі кешенді іс-шаралар ел тұрақтылығының негізін қалайды, отбасылық дәстүрді сақтауға бағытталған шаралар жалпы қоғамның дамуына оң әсер етеді. Оған елімізде іске асырылып жатқан құқықтық заңдар дәлел бола алады деуге толық негіз бар. 

 

Ермек САХАРИЕВ
28.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

 ШАРДАРАЛЫҚ 9 ОҚУШЫ РОБОТОТЕХНИКА БОЙЫНША ИСПАНИЯДАҒЫ ЖАРЫСҚА ЖОЛДАМА АЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.04.2024 18
СОЗАҚТА «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ӨТУДЕ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.04.2024 27
Бақылау шараларының нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қалпына келтірілді
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті - 24.04.2024 54

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 990
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7041
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10884
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7109
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7251