Ақмолалықтар егін жинау науқанын еңсеріп барады

Ақмолалықтар егін жинау науқанын еңсеріп барады

Біздің газетіміздің дәстүрлі «Ауыл экспедициясы» бар. Биыл да «Ауыл тағдыры – ұлт тағдыры» деген атаумен жолға шығамыз. Өңірлермен тығыз байланыс орнатқан экспедициямыздың барысында жаңа үрдіс қалыптасты. Бізге етене жақын облыстарға, қалаларға бет арнап сол өңірлермен тығыз байланыс орнатамыз. Осы қоңыр күздің басында Ақмола облысы әкімінің қабылдауында болған газетіміздің басшысы Сәуле Мешітбайқызы өзара тығыз байланыс келісімге келді. Бүгін міне «Жер шоқтығы – Көкшетау» деген арнайы бет ашып отырмыз. Алдағы уақытта да бұл бетіміз айына бір мәрте шығып тұрады.

 

Егін жинау науқанын  Ақмола облысының ауыл еңбеккерлері қарқынды бастаған еді. Сол қарқынан танбаған алқап иелері 5 млн гектар алқаптан  5 млн тоннадан астам  астық жинап үлгерді. Жалпы  егін себілген алқап 4681,4 мың га болса, қазіргі жағдайда оның 61,1 пайызын игерді. Гектар түсімі 15,6 центнерді құрады. Жиналған астықтың басым бөлігі жоғары сапаға сәйкес дейді.  Өңірде жауын-шашын соңғы күндері көбейіп тұр. Осыған сай алқап иелерінің басты мақсаты – жайлы күндерді тиімді пайдаланып,  жиын-терімді уақытында аяқтап, сапалы өнім алу. 

 

Сонымен қатар, сапалы тұқым дайындауда басты назарға алынып, келесі жылғы егінге астық және бұршақ дәнді дақылдардың шамамен 486 мың тонна тұқымы дайындалды. Тұқым дайындау жоспар бойынша  539,8 мың тонна болса, оның 90 пайызы дайын болыпты.  

Биылғы  егін себілген алқап көлемі 5,5 млн га болса, 2024 ж. – 5,2 мың га.  Бұл өткен жылғы деңгейден 300 мың га артық.

Биын облыс диқандары минералды тыңайтқышты енгізу көлемін үш есеге арттырды, онда 2023 жылы – 111 мың тн, 2024 жылы – 258,5 мың тн, 2025 жылы – 336,1 мың тн. Жоғары өнімді тұқым 51 мың тоннаға артық егілдіп, 2024 ж. – 488,4 мың тн, 2025 ж. 539 мың тоннаға жеткізіпті.   

Салыстырмалы есеп бойынша  майлы дақылдардың көлемі 2,5 есеге артып, алғаш рет 495 мың гектарды құрады. Нақтыласақ,  2023 жылы – 197,8 мың га,  2024 жылы – 267,7 мың га, 2025 жылы 495,4 мың га болды.

Озық үлгідегі техникалармен қатар, тәжірибелі мамандардың тыңғылықты еңбектенуі   ауылшаруашылығы дақылдарының түсімін арттырумен қатар сапасына жақсы әсер етіп, егінді ысырапсыз жинауға зор  ықпал етуде дейді мамандар. 

Егін жинау науқанына қазіргі заманғы жоғары өнімді техникалармен қатар,  7 мыңнан астам астық жинау комбайны, оның ішінде: қазіргі заманғы жоғары өнімді комбайндар – 4,8 мың, шамамен 2,7 мың орақ және 4,8 мың жүк көлігі алқапта жүрсе керек.  Фермерлер үшін 94 мыңнан астам тонна  жеңілдетілген дизель отыны бөлініп, арнайы  кесте бойынша жеткізіліп, науқан барысына  еш кедергі келмеген.   

Жаңа өнімді қабылдау және сақтау үшін қамбалар  жеткілікті көлемде дайындалғаны мәліметте анық көрсетіліпті.  Қамбалардың  жалпы сыйымдылығы 7,2 млн тоннаны құраса, оған   4,3 млн тонна өнім сиятын – 66 АҚП, 2,9 млн тонналық  АШТӨ  және 1,5 мың астық сақтау қоймалары қамтылады екен.

Жиналған астықты 264 кептіргіш кептіретін болса, олардың жалпы өнімділігі сағатына – 9,7 мың тн, тәулік  өнімділігі – 235 мың тонна. 

Сондай-ақ, ылғалды және құрғақ астықты сақтауға арналған, ұзын астық қаптары пайдаланылады. 264 астық кептіргіш қолданылуда. Осы қарқыннан таймаса, ақмолалық алқап иелері, егін жинаудың межелі мерзіміне жақындап қалды.  

 

Диқандар еңбегі биыл да нәтижелі болмақ

Ақмола облысы еліміздің ауылшаруашылығы саласында үздік үштікке кіреді. Өткен жылы өңір рекордтық көлемде өнім жинап, аграршыларға мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілді – жеңілдетілген несие, арзандатылған жанар-жағармай, ауылшаруашылығы техникасын лизингке алу, сондай-ақ сүт-тауарлы фермалар салу қолға алынған-ды. 

2024 жылы өңір диқандары соңғы жылдардағы ең жоғары нәтижеге қол жеткізіп, 6,6 млн тонна астық жиналды. Қазіргі таңда бұл қарқын бәсеңдеген жоқ, өңірдің жетістіктерін нығайту және рекордтық көрсеткіштерді сақтау бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Осы нәтижелі істің  есесіне, ауа райы қолайлы болса, шамамен 6,6-6,8 млн тонна астық жиналады деп күтілуде.

Ақмола облысы  еліміздегі бидайдың төрттен бір бөлігін – шамамен 5,2 млн тоннасын өндіреді. Сонымен қатар, республикада өндірілетін құс етінің 30 пайызы, (жылына 125 мың тн),  жұмыртқаның 16 пайызы ( 690 млн дана) Ақмола облысының үлесінде. Жыл басынан бері ауылшаруашылығы өнімінің көлемі алғашқы жарты жылда 149 млрд теңгеден 161 млрд теңгеге  артқан.

Егін шаруашылығын дамытуға  облыс айрықша көңіл бөліп отыр. Атап айтсақ, «Дала жұмыстарын қаржыландыру өткен жылдың желтоқсан айынан басталып, 900 шаруашылыққа 117 млрд теңгеден астам жеңілдетілген несие беріліпті. Бұл ел бойынша бөлінген қаржының үштен бір бөлігіне шақ екен.  Жалпы, 2025 жылы агроөнеркәсіптік кешенге көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың жалпы көлемі 230 млрд теңгеден асыпты. Бұл субсидиялар жеңілдетілген несиелер мен техника лизингіне арналыпты. 

Ақмола облысы – елорда маңындағы өңір әрі Астананың негізгі азық-түлік белдеуі. Бұл ретте өңір тек өндіріспен ғана емес, өңдеумен де айналысуда. «Aqmola» индустриялық аймағында қытайлық «Dalian» компаниясымен бірлесіп, астықты терең өңдейтін ірі зауыттың құрылысы басталды. Жобаны жүзеге асыру үш кезеңге жоспарланған. Зауыт толық қуатына шыққан кезде жылына 3 млн тоннаға дейін астық өңдейді. Ал алғашқы кезеңде 1 млн тонна өнім шығарылып, мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылады.

Ақмолалықтардың бүгінгі мақсаты – өңірдің көшбасшылық   орнын   сақтап   қоймай, алда жүрген   Алматы   мен   Түркістан  облыстарын оза шабу.

 

Бас жоспар жарты млн тұрғынға арналған

Облыс орталығы Көкшетау қаласын өркендетудің  2050 жылға дейінгі жаңа бас жоспары әзірленді. Қаланың бас жоспарын әзірлеу – қай қала, елді мекеннің  келешекте  қалай дамытуды  айқындайтын маңызды стратегиялық қадам. Бас жоспар әзірлену   барысында  Президент Қ. Тоқаевтың  тапсырмасы сай, Көкшетауда жылу электр орталығы, көпсалалы облыстық аурухана, азаматтық қорғау академиясы және көпфункционалды спорт кешендері салына бастаған.   

Сонымен қатар, өңірдің экономикалық дамуына қуатты серпін беретін  60 астам өнеркәсіп нысанын қамтитын «Kokshe Industry» индустриялық аймағы құрылған.  Облыс орталығының аумағы 7 мың гектарға ұлғайып жаңа құрылыстар, көшелер бой көтеріп, абаттандырылады. Жоспар бойынша Қопа көлінің жағасында заманауи іскерлік орталық бой көтеретін болады. Онда тұрғын үй кешендері, бизнес және сауда орталықтары, әлеуметтік нысандар мен қоғамдық кеңістіктер орналасады.

Межелі уақытқа дейін қала халқының саны 500 мыңға жетіп, тұрғын үйлер салу қарқын алады. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін жаңа тұрғын үй  құрылыстары және реновация бағдарламасы аясында 10 млн шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға беріледі.

Жобаның негізгі мақсаттарының бірі  – апатты үйлердің тұрғындарын заманауи, жайлы әрі қуат үнемдейтін пәтерлерге көшірумен қатар, инженерлік желілерді, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді кешенді түрде жаңғырту. Аталған бағдарламаның операторы – Kokshe әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы. Осыған дейін  13 ескі ғимарат сүріліп, орнына  тоғыз қабатты  екі,   бес қабатты төрт көп пәтерлі үй салынды. Жаңа баспанаға 365 отбасы қоныстанды. 2029 жылға дейін 175 ескі үйді сүріліп,  орнына 3500 пәтерге шақ  заманауи 35 тұрғын үй бой көтереді. Нәтижесінде 11 мыңға жуық адам жаңа қонысқа көшеді деп жобаланған бас жоспарда. Жуырда Ақмола облысына іссапармен келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы жоспар бойынша салынып жатқан тұрғын үйлерді аралап көріп, жаңа қонысқа көшкен   отбасылармен әңгімелесіп, көңіл күйлерін біліп, оң бағасын берген.

 

Өңір басшысы астықты аудандарды аралады

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов облыстың астықты өңірі Есіл, Жақсы аудандарын аралады. Бірінші кезекте әкімнің Есіл ауданының халқымен кездесуі Заречное ауылдық клубында «сұрақ-жауап» сипатта  өтті.

Өңір  басшысы   ауданның      әлеуметтік- экономикалық дамуында ауылшаруашылығы басымдық ие екенін атап өтті. Ауданның егіс алқабы – 486,6 мың гектар.  Бұл – облыс бойынша үшінші орын. Ауылшаруашылығы дақылдарын әртараптандыру аясында биыл майлы дақылдардың көлемі екі есеге жуық артып 25 мың гадан 45 мың гектарға жетті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, ауылшаруашылығы – ел экономикасының драйвері. Биыл біз астықтың рекордтық өнімін – шамамен 7 млн тонна күтіп отырмыз. Өңір кәсіпорындарына бұрын-соңды болмаған мемлекеттік қолдау көрсетілуде. Бүгінгі басты міндет – орақты дер кезінде жүргізіп, астықты сақтау, өңдеу және өткізу». 

«Президент инвесторлармен жұмысты қайта құруды тапсырды. Оның ішінде шағын және орта бизнесті белсендірек қолдау, жаңа преференциялар беру, ұзақ мерзімді инвестицияларға жағдай жасау бар. Келесі жылдан бастап жергілікті бюджеттерде қаржы көбірек қалады: шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығы мен жеке табыс салығы сіздердің бюджеттеріңізге бағытталады. Бұл – ауданның дамуының негізгі көзі әрі әкімдік жұмысының нәтижесін айқындайтын көрсеткіш»  –  деді облыс әкімі.

Қазіргі уақытта Есіл ауданында жалпы құны 1,7 млрд теңге болатын 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, кездесуге қатысқан инвестор ауданға құрама жем зауытын, майлы дақылдарды қайта өңдеу зауытын және сыйымдылығы 100 мың тонна болатын астық элеваторын салуды жоспарлап отырғанын жеткізді. 

Кездесу алдында  әкім Марат Мұратұлы Ақмола облысында өз алқаптарын аграрлық өндіріске алғашқылардың бірі болып цифрландырған кәсіпорын –  «Заречное» серіктестігінің диқандармен кездесіп, әңгімеге тартқан болатын.

Шаруашылық 45 мың гектардан астам жер игерсе, оның 42 мыңы егістік. Негізгі өнім – бидай, ол 26 мың гектар жерге егілген. Цифрландыруды енгізу алқаптардың жағдайын нақты  бақылауға және өнімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Алайда бұл қарапайым еңбек адамдардың рөлін кемітпейді. Орақ науқаны тәулік бойы жүргізіледі, ал механизаторлардың еңбегі жоғары бағаланады – науқанның қызған шағында машинистердің жалақысы күніне 120 мың теңгеге дейін жетеді деген мәліметтерде. 

 

Жақсы ауданындағы жағымды жүздесу

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Жақсы ауданының тұрғындарымен кездесуінде: 

– Ақмола облысы еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің орталығы болып саналады. Жақсы ауданында биылғы жазғы егіс 517,2 мың гектар аумақта жүргізілді. Бұл облыстың жалпы егіс алқабының 10%-ын құрайды және барлық өңірлер арасында екінші көрсеткіш, бұл – қуанарлық жағдай. 

«Мемлекет агроөнеркәсіптік кешен саласында қайтарымсыз субсидиялар мен жеңілдетілген несиелер түрінде қолдау көрсетуде. Бұған дейін аудан диқандары егіс жұмыстарына 7,8 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие алды. Бұл агротехникалық іс-шаралар кешенін сапалы жүргізуге мүмкіндік берді. Ағымдағы жылы диқандар егіс алқаптарын әртараптандыру аясында майлы дақылдардың көлемін 3,3 есеге арттырды. Қазір басты назар – егін жинау науқаны. Бұл жай ғана көмек емес, өнімділікті арттыруға және бизнесті ынталандыруға арналған құрал екенін естен шығармау керек», – деді облыс әкімі.

Өңір басшысы әлеуметтік салада іске асырылып жатқан жобаларды да атады. Онда жаңа блок-модульді қазандықтың жабдықталуы, Калининское, Чапаевское, Ишимское, Перекатное және Тарасовка ауылдарындағы бес мектептің күрделі жөндеуі, «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен «Қамқорлық» оңалту орталығының ашылуы, сондай-ақ биыл Кировское ауылында фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы аяқталатынын атап өтті. Кездесу соңында облыс әкімі азаматтарды жеке қабылдады. 

Біртұтас орта қалыптастыратын  «Көк Шалғын»  жобасы

Облыс орталығы Көкшетауда біртұтас ортаны қалыптастыруға арналған «Көк Шалғын»  жобасы игеріліп жатыр. Жобаның басты мақсаты  –  Мәңгілік алау, Даңқ аллеясы, Тәуелсіздік алаңы және Сағдиев көшесі секілді қаланың ең көрнекті жерлерін үйлесімді сәулетімен және дизайнерлік шешімдерімен ерекшеленетін бірыңғай туристік бағытқа біріктіру көзделген. Жоба аясында аумақты көгалдандыру, сондай-ақ автоматты суару жүйесі, құрғақ субұрқақ, декоративті шамдар мен сәнді орындықтар орнату жұмыстары жүргізіледі. Қазірдің өзінде  Қопа көлімен және жаңа жағалаумен ұштасатын кеңістік қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы ортаға айналды. Жалпы  7,5 гектар аумаққа  жасыл желек отырғызылып, қала жұрты таза саф ауамен  тыныстайтын болады. Биыл  «Таза Қазақстан» жалпы республикалық акция  аясында Көкшетауда 7 мыңнан астам ағаш отырғызылса, жыл соңына дейін ағаш саны 11 мыңға жеткізіледі деп межеленген. Жоба кезең-кезеңмен пайдалануға беріліп жатыр. Соның бірі – маусым айында тұрғындар игілігіне  берілген жаңа жағалау аймағы. 

«Көк Шалғын» жобасы – жасыл, заманауи тұрғын мен қонақ үшін қолайлы жаңа Көкшетаудың жарқын символына айналып, қаламыздың болашағын айқындайтын нысан болады.

Дахан ШӨКШИР,  Ақмола облысы  

(Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) 

 

 

 

25.09.2025

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 176
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 190
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 458

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18365
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18228
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33415
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31968
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35730