Қазақстан мен Ресейдің өзара байланысы нығая түспек

Қазақстан мен Ресейдің өзара  байланысы нығая түспек

2026 жылғы 27-29 мамыр аралығында Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Мәртебелі мейман мінген ұшақ қазақ елінің әуе кеңістігіне кіргеннен бастап ҚР Әуе қорғанысы күштерінің жойғыш ұшақтары серік болып, қорғап алып келді. Ресей көшбасшысын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзі шығып қарсы алды.

Сапар аясында екіжақты қатынастар мен бірқатар маңызды халықаралық іс-шаралар өтті. Мемлекет басшылары екіжақты келіссөздер жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды нығайту мәселелерін сөз етті.

28 мамыр күні Путин мен Тоқаев Ақордада ресми кездесу өткізді. Кеңейтілген және шағын құрамдағы келіссөздер барысында Қазақстан – Ресей стратегиялық әріптестігі, сауда-экономикалық байланыстар, энергетика, көлік дәліздері, өнеркәсіптік кооперация, халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері талқыланды әрі бірлескен құжаттарға қол қойылды. Сондай-ақ мемлекет басшылары бірлескен мәлімдеме жасады.

Ресей басшысы 28 мамырда V Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық отырысына қатысты. Форумның негізгі тақырыбы: «ЕАЭО-ның жаһандық цифрлық жарыстағы орны және жасанды интеллект» болды.

29 мамырда елордада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы болып өтті. Ресей басшысы Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері басшыларының қатысуымен өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы жұмысына қатысты. Бұл жиналыста ЕАЭО-ның алдағы даму стратегиясы, ортақ нарықтарды дамыту, көлік және логистика, энергетикалық интеграция, халықаралық серіктестермен ынтымақтастық мәселелері қаралды. Кеңес жұмысына ЕАЭО елдерімен қатар бақылаушы және серіктес мемлекеттердің өкілдері де қатысты.

Ресей басшысының соңғы бір жарым жылда қазақ еліне екінші рет қадам басуы жай ғана жұмыс сапары емес, мемлекеттік сапар мәртебесінде еді. Ол осының алдында ғана Қытайға сапарлай барып қайтқан болатын.

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
03.06.2026

Ұқсас жаңалықтар

122 МЛН КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ
Нұрсайын ШӘРІП, Солтүстік Қазақстан облысы - 04.06.2026 17
Орташа   жөндеу жұмыстары жоспарлануда
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ Тараз қаласы - 04.06.2026 17
Жазғы лагерь   маусымы басталды
А. ХАМИТТЕГІ - 04.06.2026 20

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25606
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25072
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42491
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38340
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42860