Ақтау ауызсумен толық қамтылады

Ақтау ауызсумен толық қамтылады

Ақтау шаһарының аумағы солтүстік-батыс бағытқа қарай ұлғайып келеді. Жаңа шағынаудандарда қарқын алған тұрғын үйлердің құрылысы – осының айқын айғағы. Үдемелі даму мен өрісті өркендеуге бет бұрған ақмаржан қалада жаңа қоныстанған халықтың қарасы да қалың. Сәйкесінше қала өркениетінің негізгі көрсеткіші – инженерлік инфрақұрылым желілерімен сапалы қамту саласына жүктеме мол. Ал қала халқын, әсіресе жаңа шағынаудандардың тұрғындарын толғандыратын ең басты мәселе – ауызсумен үздіксіз қамтуды үйлестіру.

Қазіргі таңда тұрғындарды сумен ұдайы қамтуға, әрі су қысымының төмендігін жоюға жұмыстар жүргізіліп жатыр. «Ақтау қаласы мен қалаға іргелес елдімекендердегі жалпы халық саны – 205 мың адам. Ал «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» кәсіпорнының қуаты тәулігіне 52 мың текше метр суды тұщытуға бағытталған және бұл халықты толық қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз. Әсіресе, 31, 32, 33, 36-40 шағынаудан аралығында судың тапшылығы байқалады. Бірақ бұл су көлемі азайды деген сөз емес. Жыл сайын жаз мезгілінде кәсіпорынның су өндіру қуаты жетімсіздігінен ауызсу халыққа кестеге сәйкес және төмен қысыммен беріледі. Айта кетейік, зауыттан шыққан су тек қала тұрғындарымен қоса өнеркәсіпке де жөнелтіледі, сондықтан қаладағы коммуналдық қызметтер су қысымын шектеуге мәжбүр, бірақ бұл белгілі бір уақытқа ғана», – деді Бекбол Орынбасаров. Жуық арада «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС «Доу-9» деген қондырғыны қоспақшы. «Каспий» су тұщыту зауыты да 5 мың текше метр өндіретін қосымша қондырғысын орнатады. Бұл – Ақтау қаласының халқы үшін ауызсу тапшылығы мәселесі толықтай шешіледі деген сөз. 

Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы
23.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

Аудан әкімі ардагер спортшыларды марапаттады
Талас аудан әкімдігі - 06.07.2022 33
АУЫЛАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Жамбыл ауданы - 06.07.2022 24
164 түлек ауылға жолдама алды
Сейсен ҚОЖЕКЕ. Меркі ауданы. - 06.07.2022 21
Ардагер аяқдопшылар алтыннан алқа тақты
Нарбол ҚАШАҒАН, журналист. Талас ауданы. - 06.07.2022 21
Әділ Қазақстан: Әлібидің азабы
Анықтама жасаған – Абзал Құспан, заңгер - 30.06.2022 182
Абылай хан туралы ащы щыңдық
Самат ӨТЕНИЯЗОВ, Мадрид және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, т.ғ.к. - 30.06.2022 189

Топ жаңалықтар

1
Басты мақсат – жас спортшылар қатарын көбейту
Show more
Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы - 2022-07-06 64
2
«Алтынордалықтардың» алтыншы қойылымы
Show more
Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО Орал қаласы - 2022-07-06 95
3
Оң баға берілді
Show more
Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы - 2022-07-06 66
4
Еңбектенемін деген жасқа мүмкіндік мол
Show more
Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы - 2022-07-06 65
5
Дәстүрлі спартакиада
Show more
Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы - 2022-07-06 68