Ақтөбеде ат баптайтын азаматтар көп

Ақтөбеде ат баптайтын азаматтар көп

Ақтөбе ауылдық округіне де арнайы бардық. Талғат Тойшыбеков деген кәсіпкер жігіт бастаған ауыл азаматтарының қолдауымен осы ауылда «BAKESH – ARENA» атты күрес залы ашылғалы жатыр екен. Мұнда бір мезгілде қырық баланың еркін күреспен айналысуына мүмкіндік бар. Аталған ауылдық округ әкімі Көбейсін Қайроллаев та істің басы-қасында жүр екен. Бұйырса, бұл күрес залының қызығын ауыл балалары көретін күн де алыс емес. Осы Көбейсіннің тынымсыз еңбегінің арқасында ауылға кіреберіс саябаққа биыл көктемде 600 түп арша талының көшеттері отырғызылыпты. Қазір көгеріп тұр. Оны суарып, баптап, күтімін жасап отырған мамандар бар. Күтімі болған жерде іс жеміс беретіні рас.

Біз одан әрі қарай аталған округке қарасты Жаңаталап ауылына аялдадық. Мұндағы «Тасжарған» шаруа қожалығының төрағасы Мұхамеджан Сәрсенбаевтың жемісті жұмыстарының куәсі болдық. Мұхамеджан «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 2,5 пайызбен 3 миллион теңге несие алған екен. Әрине, шаруа қожалық болған соң, оған дейін де тірлігін біршама тіктеп алған жағдайы бар. Бұл қожалықтың бұрыннан ұсақ малдары, сиырлары және 23 гектар егістік жері бар. Бұл дегеніңіз – мал өсіруге деген мүмкіндік. Енді 3 миллион теңгеге 7 жылқы алып, Қамбар ата тұқымын өз төлінен өсіруді көздейді. Осы мақсатқа жету үшін Мұхамеджанның жасап жатқан қадамдары құптарлық. Техникалары сай, қора-жайлары жылы, жайлы. Жем сақтайтын қоймасы, шөп сақтайтын базасы көңілімізден шығады. Шөп төбесі жабық жерде тұрғандықтан, бір талшығына дейін пайдаға асады. Кейбір шаруаларды білеміз, ашық қораға жинаған шөбінің 60 пайызы су тиіп, шіріп кетіп жатады. Ал, бұл шаруа қожалықта ондай кемшіліктерге жол жоқ.

Бір айта кетерлігі, аталған ауылдың әр азаматы көкпарға, ат баптауға құмар екен. Біз барған күні де әр үйдегі азаматтар көкпарға жиналып жатты. Ал, Мұхамеджан Сәрсенбаев нағыз көкпаршы болып шықты. Біраз жыл «Әулиеата» көкпар клубында өнер көрсеткен. Тіпті, Қазақстан Ұлттық көкпаршылар құрама командасының да белсенді мүшесі болған. Ол туралы өзі: «Көкпар ойыны десе елеңдеп тұратынымыз рас. Әкем Тасжан, анам – Алтыншаш малшы болған кісілер еді. Ата-анадан 8 ұл-қыз тарадық. Біраз жыл көкпаршы болдым. Ұлттық құрамада өнер көрсетіп жүрдім. Үйдегі асыл жарым екеуміз төрт перзент тәрбиелеп отырмыз. Үлкен балам Алдияр көкпарға және боксқа құмартады. Бокстан жасөспірімдер арасында облыс чемпионы. Ал, Арсланбек деген балам күрес түрлеріне қызығады. Менің мақсатым – шаруашылығымды дамытып, жылқы санын көбейтіп, туған ауылыма қызмет ету. Қолымнан келгенше ат спорты өнерін қолдау. Шаруа қожалықтағы малдың саны өсіп, тірлігіміз оңға басып жатса, мемлекетке тамшыдай пайдамыздың тигені деп ойлаймын», – деді.

Есет ДОСАЛЫ
11.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 73
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 110
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 111
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 73
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 219
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 224
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 438
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 402

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9096
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8495
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11722
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9488
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10703