Ардақты ана, жанашыр дос, аяулы әріптес еді

Ардақты ана, жанашыр дос, аяулы әріптес еді

Өмірдің жолы күрделі, әрі бұралаң.  Жаратушымыз оны ақ-қарадан құраған. Қарасына пенде қамығып, кейде қан жылап, тағдыр талқысына еріксіз көніп шыдаған. Сондай қаралы күн тура 1 жыл бұрын біздің ортамызға да келді. Сұм ажал арамыздан ардақты ана, асыл әже, жанашыр дос, керемет әріптес бола білген Гауһар Исақызын алып кетті. Ол өмірге құштар еді... Мінезі қайсар, жаны жомарт еді... көңілі ақпейіл, құшағы кең еді... Былтыр қасиетті Рамазан айының жұмысында кетті.  Әлі де сене алар емеспіз. Көңіліміз құлазып, қайғырып еске аламыз. Алланың бұйрығының алдында шара бар ма? Алдыңыз бейіш, артыңыз нұр болып, шапағатыңыз тисін деп, дұға қылып өзіңізге, тағдырға біз де бағындық. 

Сезім шіркін көңілдерді кернеген, 

Қимастықтың күйін шертіп тербеген. 

Сағыныштан жүрек тулап алқынды, 

Жылағаннан көз жасымыз сарқылды. 

Жаман ауру жайлаған сол сәуірде 

Мәңгілікке жоғалттық қой біз Сізді. 

Дейді, бақыт бар ма жалғанда? 

Алла алды, өзі берген жанын да, 

Көнеміз ғой тағдыр басқа салғанға. 

Өзімізді санаушы едік бақытты, 

Өзіңіз бір ортамызда болғанда.

Жаныңыз жәннатта болсын! Жарқын бейнеңіз мәңгі есімізде!

Гауһар Исақызы 1951 жылы 10 қаңтарда Алматы облысы, Шелек ауданындағы «Қазақстан» кеңшарында туған. Ж.Қайыпов атындағы қазақ орта мектебін бітіргеннен кейін ҚазМУ-дің журналистика факультетіне оқуға түскен.  Ұзақ жылдар «Қазақ радиосында» жұмыс істеген. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер Одағының Кемел Тоқаев атындағы сыйлықтың лауреаты, БҰҰ «Жыл волонтері» байқауының жеңімпаз. Соңғы жылдары «Қылмыс әлемі» газетінің құрылтайшысы әрі бас директоры болды. Бірнеше кітаптың авторы.

Еске алушылар: баласы Алмас, келіні Айнұр, 

немерелері, туған-туыстары, әріптес-шәкірттері Нұргүл, Гүлшат.

 

01.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 101
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 101
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 619
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 737
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 649
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 658

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8793
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8194
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11421
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9175
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10407