Әскердегі суицидке кім жауапты?

Әскердегі суицидке кім жауапты?

Иә, әскердегі сарбаздардың өлімі күн санап жиілеп барады. Өз-өзіне қол салу, асылып өлу, атылу, секіру, зорлық-зомбылық... Болашағынан үміт күтіп үкілеп отырған балаларының өлімі  ата-аналарға өз әсерін қатты тигізуде. Қазір кез келген адамдардан  «Балаңызды әскерге жібергіңіз келе ме?» деп сұраңызшы, «Жоқ!» деген жауап аласыз. Өйткені олар балаларын жоғалтып алудан қатты қорқады. Ешкімнің де бауыр еті баласын әскерге жібергісі келмейді. Халық «қайтыс болған сарбаздардың өлімі үшін шенділер жауап беру керек» дейді.  Әскердегі сарбаздардың  өз-өзіне қол салуына байланысты Қорғаныс министрлігі ресми хабарлама жасады.  «Соңғы кездері еліміздің күштік құрылымдарында орын алған өзіне-өзі қол жұмсау фактілерінің жиілеуі түсіндіруді қажет етеді» деп жазылған онда.

Халық Қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев  әскерде жиі болатын сарбаздардың өліміне байланысты пікірін білдірді. Генерал азаматтық борыштың бұрынғыдай 2-3 жыл емес, 1 жылға қысқарса да, сарбаздардың өлім-жітімі тоқтамай тұрғанына күйініп отыр. Өзіне-өзі қол жұмсау сияқты шарасыз қадамға бару ол адамның туыстары мен жақындары үшін үлкен қайғы. Командирлерге де жауынгерден айырылу ауыр шығын. Қаралы тізімнің жалғасы әлі де толастар емес.

2018 жылдың қараша айында Шығыс Қазақстан облысындағы шекара заставасына қайтып келе жатқан 19 жастағы сарбаз өзін атып өлтірген. Себебі анықталмай, жұмбақ өлім болып қалды. 

2019 жылдың қазан айында Таразда 20 жастағы әскери қызметкер Батырхан Болат қайтыс болды. Өз белдігінде асылып қалған. Бұл ретте бөлімше басшылығы сарбаздың өз-өзіне қол жұмсауына «дедовщина» себеп болуы мүмкін дегенді жоққа шығарады. Олардың айтуынша, Батырхан бөлімдегі әскерге шақырылғандардың бірі болған, барлық шараларға қатысқан. Арада 2 ай өткенде, яғни желтоқсанда Батырхан Болат қызметін аяқтап, елге оралуы тиіс еді. 

  2020 жылдың 2 наурызында Қонаев қаласындағы (ол кезде Қапшағай) 65476 бөлімшесінде 19 жастағы қатардағы жауынгер Дмитрий Ганчлевский 26 метрлік мұнарадан секірді. Оны құтқару мүмкін болмады. Ресми деректерге сәйкес, қайғылы оқиға қарсаңында әскерде сарбазға қатаң сөгіс берілген. 

  2021 жылдың жазында Оралдағы Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінде әскерге шақырылған 21 жастағы сарбаз Қолғанат Ашыров өзін-өзі атып өлтірген. Бөлімше командирінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жәнібек Сәрсеновтің айтуынша, сарбаз қарауылда жүріп басынан оқ атқан. Ата-анасы ұлының өлтірілгеніне сенімді. 

2021 жылдың қазан айында Теміртауда орналасқан №5516 әскери бөлімнің сарбазы басындағы оқ жарақатымен өлі күйде табылды. Ауруханаға түскеннен кейін бір сағаттан соң 20 жастағы Сержан Оңғар жансақтау бөлімінде көз жұмды. Марқұмның анасы Гүлжан Қасымбекова суицидтің болғанына сенбейді. Оның айтуынша, жігіттің басынан бес оқ табылған. Ол ұлын әлдекімдер өлтірді деп есептейді. Оның үйіне оралуына екі айдан аз уақыт қалған еді.

2021 жылдың қараша айында дәл осы Жамбыл облысының Отар ауылында Гвардиялық гарнизонның сарбазы жүрегіне оқ атып, қаза болды.

   2022 жылы 4 маусымда Еділ Тешебаев Бейнеу ауылындағы шекара заставасында асылып қалған күйінде табылды. Ол өткен наурызда 19 жасқа толған еді. ҰҚК сарбаз әскери қызметке қатысы жоқ, тек отбасылық жағдайға байланысты өз-өзіне қол жұмсады деп санайды. Алайда марқұмның туыстары бұған сенбейді. Себебі қайғылы оқиға орын алардан бұрын сарбаз үйінен ақша сұраған. Сонымен қатар, Еділдің соңғы хаты өз қолымен жазылмаған деп есептейді сарбаздың отбасы.

Жуырда  Жамбыл облысында әскер қатарына шақырылған сарбаз қайтыс болды. Әлібек Қалбай таңертең сапқа тұрған сәтте есінен танып, көз жұмған. Кейінірек оның денесінде түрлі жарақаттардың ізі қалғаны анықталды. Бір күн бұрын Еділ Тешебаевтың оқиғасы сияқты Әлібек те отбасына дәрі-дәрмек үшін 4000 теңге аударуды сұраған. Ол небәрі 18 жаста еді. Әлібек Қалбай жас сарбаздың курсын аяқтап, әскери ант қабылдауға да үлгермеді.

  2022 жылдың сәуір айында Жамбыл облысы Мерке ауданындағы Андас батыр шекара заставасында әскери борышын өтеген 19 жастағы сарбаз Ұлықбек Бердішов қайтыс болды. 2 наурызда Ұлықбек жоғалып кетті, ал оның денесі 10 сәуірде ғана Қырғызстаннан табылды. Сарбаздың туыстары суицидтің орын алғанына сенбейді.

Осы жағдайдан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай істерді тергейтін арнайы комиссия құруды ресми түрде тапсырды. 

– ҚР Конституциясының 36-бабында «Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті» деп айтылған. Яғни отбасылық жағдайға, қорқақтығына байланысты бармай-ақ қойса болады деген сөз жоқ. Әрбір азаматтың қасиетті парызы екенін ұғу керек. Бұл – Отан алдындағы, отбасы алдындағы парыз. Әскер – соғыс майданы емес, шыңдалу ортасы. Ел басына күн туған шақта туған жерді қорғай білуге баулитын орта. Жігіттік жігері жоғынан әскерден қашқандар Отанына адал қызмет ете алмайтыны анық, – дейді Қорғаныс министрлігі басшылығы.

«Әлімжеттік барлық жерде жойылған десек те болады. Барлық казармалар әскери бөлім бойынша кезекшіге шығарылған бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған, бұл жағдайды үнемі қадағалап отыруға мүмкіндік береді. Сарбаздарға бас және өңірлік әскери қолбасшылары, тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс бойынша орынбасарларының ұялы телефон нөмірлері беріледі. Ол нөмірлерге кез келген уақытта қоңырау шалып, SMS хабарлама жазуға болады. Сондай-ақ анонимді түрде хабарлай алады. Келіп түскен әр өтініш бойынша тексеріс жүргізіледі. Егер тәртіп бұзушылық анықталса, жедел шара қолданылып, кемшіліктер жойылады» дейді министр.

Қорғаныс министрлігімен Азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеу қағидаларының жобасы әзірленуде. Аталған жоба Қазақстан Республикасының азаматтарына әскери патриоттық тәрбие беруді ұйымдастырудың және жүзеге асырудың тәртібін айқындайды, – делінген жауапта. Қазіргі кезде Қорғаныс министрлігінің бастамасымен әскери ортада орны толмас шығындарды барынша азайтуға және суицидтің алдын алуға бағытталған «Өмірді сақта» кешенді бағдарламасы әзірленуде. Десе де әскерде әлімжеттік пен зорлық-зомбылық көріп, аяғы суицидке апаратын сарбаздардың өлімі неге жиілеп кетті? Себебі неде? Отанын қорғаймын деп үлкен үмітпен, асқақ рухпен барған ұландарымыз неге еліне табытпен оралып жатыр? Олардың ата-аналары мен жақындарының көз жасына кім жауапты? Қабылданып жатқан заңдар тек сөз бен қағаз жүзінде қалмай ма? Сұрақтар көп, бірақ әзірге нақты шешімі жоқ.

 

ШАРГҮЛ ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
28.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 102
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 114
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 205
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 205
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 343
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 344
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 574
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 518

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9221
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8617
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11843
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9613
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10826