Әскери қызметтің беделін қайтсек көтереміз?

Әскери қызметтің беделін қайтсек көтереміз?

Әскери қызметтің беделін арттыру қажеттігі туындап тұр. Себебі Отан қорғау ісі – ұлы міндет. Әр жас Отан алдындағы борышы мен әскери қызметтің беделіне нұқсан келтірмеуді ойлауы тиіс. Әскери қызметтің беделін қайтсек көтереміз? Осы жылдың 7 қаңтар күнгі халыққа Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы сұрақты төтесінен қойды. Атап айтқанда, ол: «Көптеген жас азаматтарымыз Қарулы күштер қатарында әскери борышын өтеуден қашады. Әскери билетке ие болу жастардың мақтанышын тудырмайды және Отанға қызмет етудің белгісі саналмайтын болды. Жастарымызды әскери борышын өтеуге қалай ынталандыруға болатынын біз бүкіл қоғам болып ойластыруымыз керек», – деді. «Караван» газетінің 2021 жылғы 12 қазандағы санында «Қазақстандық армияның жаңа келбеті қандай болады?» деген тақырыпта Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери-техникалық саясат департаментінің бастығы, полковник Руслан Олжабаевтың сұхбаты жарияланды. Онда тілшінің қандай-қандай кезек күттірмес міндеттерді шешуге тура келеді деген сұрағына былай дейді:

«Иә, мұндай міндеттердің қатарында армияның ұтқырлығын, қажетті әскер санын қысқа мерзімде тиісті аймақтарға шоғырландыру мүмкіндігін арттыру да бар. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі әскери-көлік ұшақтарының паркін арттыру бойынша жұмыс жүргізуде, бұл дағдарыс аймақтарына әскери қызметкерлерді ғана емес, қажетті қару-жарақты да тасымалдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ соңғы оқу-жаттығу барысында Ми-17 тікұшақтарының сыртқы жүктемесіне тиеп жекелеген қару-жарақтарды тасымалдау мәселелері пысықталды».

Үстіміздегі жылдың қаңтарындағы Үндеуінде Қазақстан Республикасының Президенті тағы да: «Біз сарбаздарды, әскери техника мен қару-жарақты қажетті жерге жедел жеткізу үшін әскери-көлік авиациясы паркін толықтыру ісін қолға аламыз», – деп нақтылады. Сондай-ақ, «Армияның жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыру керек» деді.

Жыл сайын өткізілетін сансыз жаттығулардың сапасыз болғаны ма? Бұл сұрақтардың бәріне біз көп ұзамай жауап аламыз деп үміттенеміз. Жоғарыда айтылған жайттар, түптеп келгенде, жылдан-жылға өскелең ұрпақтың көз алдында әскери қызметтің мәртебесі мен беделін түсіргені анық. Жалпы жастар тәрбиесінің тізгіні қолдан шығып кетті. Ақпарат тасқынының астында қалып, оған лайықты тосқауыл да қоя алмадық

Тағы бір өзекті мәселе. Еліміздегі жоғары әскери оқу орындарының бүгінгі деңгейі қандай, ол қазіргі заман талабына жауап бере ме, білікті мамандар даярлау үшін не істеу керек? Осы сұрақтарға қатысты «Әскери ғылымдар академиясы» республикалық қоғамдық ұйымының бас ғылыми хатшысы, әскери ғылымдардың кандидаты, запастағы полковник Әлібек Мұқышовтың пікіріне құлақ түрейік: «Менің ойымша, оқу бағдарламаларын, мамандарды даярлаудың ерекшеліктерін, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техниканың дамуын және жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу әдістемесінің өзгеруін ескере отырып, қайта қарау қажет. Теориялық мәселелерді практикалық тұрғыдан игеруге баса назар аударған жөн.

ҚР Қорғаныс министрлiгi жоғары оқу орындары мен басқа да күштік құрылымдар жоғары әскери оқу орындарының өкiлдерiмен бірлесе отырып, әскери мамандарды Болон жүйесі бойынша оқыту ұтымды ма, жоқ па – сол жағын талқылау керек. ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамын іріктеу, олардың практикалық дағдыларын, педагогикалық және ғылыми қызметке бейімділіктерін зерделей келе, қатаң және әділ түрде жүргізілуге тиіс. Сондай-ақ олардың кәсіби тұрғыдан өсуіне қолайлы жағдай жасалса деген тілек бар. Оқытушылар өзінің тікелей міндетімен айналысу керек, оларды педагогикалық және ғылыми қызметтен басқа жұмыстарға жегудің қажеті жоқ.

Қазіргі заманғы әлемдік және аймақтық геосаяси өзгерістер мен қауіп-қатерлерді ескере отырып, ҚР Қарулы күштерін дамыту тұжырымдамасына өзгерістер енгізу керек және оны ғылыми тұрғыдан негіздеп, талқылау үшін білікті мамандарды, ғалымдарды, мемлекеттік институттардың өкілдерін қатыстырған жөн».

Ұлттық қорғаныс университетінде Қарулы күштерді дамытудың бүгіні мен болашағы талқыланып, онда келелі мәселелер көтерілді. Әскерилердің тәрбие, идеологиялық және психологиялық жұмысын жетілдіру жолдары айтылды. Конференция «Өміріңді сақта» бағдарламасына да байланысты. Конференцияға тек Қорғаныс министрлігінен ғана емес, басқа да әскери құрылымдардан қатысқандар көп. Қоғам қайраткерлері де атсалысып, өз ой-пікірлерін ашық айтты. Психологиялық зерттеу орталықтарының да мамандары келіп, өз ойларымен бөлісті. 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
29.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 104
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 104
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 622
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 740
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 652
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 661

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8796
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8197
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11424
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9178
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10410