«Әулиеата» ауданына жаңа әкім тағайындалды

«Әулиеата» ауданына жаңа әкім тағайындалды

Тараз қаласы мәслихатының келісіммен, Тараз қаласы әкімінің өкімімен «Әулиеата» ауданы әкімі болып Төреханов Барлық Әдепханұлы таныстырылды.

Барлық Әдепханұлы 1979 жылы туған, білімі жоғары. 2012 жылы Мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Мемлекеттік саясат ұлттық мектебін бітірген, 2013 жылы «Қоғамдық саясат және менеджмент» мамандығы бойынша Дюк университетін (Солтүстік Каролина штаты, АҚШ) аяқтаған, Заңгерлер қауымдастығының мүшесі.

Еңбек жолын 2000 жылы «Ақнұр» ЖШС директорының орынбасары болып бастады. Әр жылдары жеке ұйымдарда және Астана қаласы бойынша «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМҚК-да түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2007 жылдан бастап 2012 жылға дейін Түрксіб аудандық әділет басқармасының басшысы болып жұмыс істеді. 2012 жылдан 2018 жылға дейін Алматы облысының әділет департаменті басшысының орынбасары лауазымын атқарды. Сондай-ақ, үш жыл бойы «Samruk – Kazyna Trust» АҚ Жобаларды басқару департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

Алматы облысының Талғар ауданы əкімінің орынбасары қызметінде 2021 жылдан бастап 2022 жылға дейін жұмыс атқарған. 2022 жылғы маусым айынан бастап осы уақытқа дейін Жамбыл облысының табиғи монополияларды реттеу департаменті (ТМРКД) басшысының орынбасары қызметін атқарды.
https://turaninfo.kz/ulieata-audanyna-zha-a-kim-ta-ajyndaldy/
08.05.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 6569
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 6696
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 21678
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 20292
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 23780