"Ауыл - ел бесігі" жобасы аясында Ұ.Сыздықбайұлы ауылында "Ауылым - алтын бесігім" атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Мәдени іс-шарада ауыл жастары әуелетіп ән салса, бишілері мың бұрала би билеп, күйшілер күмбірлете күй төкті.


Сондай-ақ тұрғындар назарына аудандық "Жастар ресурстық орталығы" КММ жастары қазақтың ұмыт боп бара жатқан салт-дәстүрлерінің бірі "бастаңғы" жасап, қызықты қойылым қойды.


Ұлттық салт-дәстүрді ұлықтаған іс-шарада ауыл тұрғындарының қолөнер еңбектері таныстырылып, арнайы кітап көрмесі жасақталды.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
18.07.2022