Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік туымызға қатысты пікір білдірді.
«Жастардың отаншылдық рухын күшейту керек.
Қазір әлеуметтік желіде Мемлекеттік туды қадірлеу туралы көптеген ой-пікірлер айтылуда. Өкінішке қарай, қасиетті көк туымызға байланысты орын алған жағымсыз жағдайлар азаймай тұр.
Сондықтан байрағымызды пайдалану тәртібін қайта қарау керек деп ойлаймын. Қажет болса тиісті заңдарға өзгертулер енгізуге болады. Өйткені көк туымыз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің символы.
Мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеу – әр азаматтың перзенттік парызы»,– деді Президент.