Басты мақсат – елдегі тұрақтылыққа, ұлтаралық татулыққа қызмет ету

Басты мақсат – елдегі тұрақтылыққа,  ұлтаралық татулыққа қызмет ету

Бүгінгі күні елімізде медиация жүйесінің дамуы қоғамдық сананы жаңғыртудың, рухани жаңғырудың бір жолы саналады. Қоғамда медиация жүйесінің жан-жақты тиімділігі дәлелденіп отыр. Әсіресе медиация ұғымын дамытуда, оның қолданыс аясын кеңейтуде Қазақстан халқы Ассамблеясының орны ерекше.  Алматы қаласы ҚХА жанындағы Медиаторлар кеңесі құрған медиация кабинеті оңтайлы жұмыс жүргізуде. Кеңес қалалық деңгейде семинарлар өткізіп, медиаторлар мыңға жуық келушілерге кеңес берді. Екі жүзден астам қоғамдық-құқықтық істерді, сонымен қатар үш жүзге жуық азаматтардың сотқа дейінгі істерін қарастырды. Жиырма жеті кәсіби медиатор соттарға қатысты. Алғаш Ассамблеяға медиация жүйесін дамыту жүктелгенде, бітімгершілік істерінің негізінен ұлттар арасын жарастыру мақсатында, араздасқан ұлт өкілдерін бітімге шақыруға орай қолданылады деп есептегендер көп болған еді. Алайда бүгінгі күні Ассамблеяға қатысты медиация жүйесінің ауқымы кеңейіп, тек ұлттар арасындағы татулықты ғана қаузап жүрмегенін көз көріп отыр. «Медиация» латынша  ортада тұру, әділ, бейтарап, арада жүру, делдалдық ету деген мағынаны білдіреді. Тараптар өзара қолайлы шешімге келу мақсатында медиатордың көмегімен тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі. Медиация – тараптарға сөйлесу кезінде дауды бейбіт жолмен шешуге бейтарап адам көмек беретін процесс, бұл ретте тараптар дауласып жүргендер жанжалды шешу шарттарын өздері таңдайды. Медиация өмірдің барлық саласында ойдағыдай қолданылуда. Ассамблеяға қарасты Алматы қаласында Достық үйлерінің жанынан ашылған медиация кабинеттерінде бүгінгі күнге дейін дүрдараз болып қалған ұлттарды жарастыру мақсатында медиацияны қолдану тәжірибесі сирек кездеседі. Медиацияның бүгінде этносаралық дауларды шешу құралы емес, қоғамдық үлкен ауқымды істерде қолданылуы қуантады. Алматы қаласында бірлігі жарасқан жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілі тату өмір сүріп жатыр. Мегаполис аумағында 19 республикалық және 37 қалалық этномәдени бірлестіктердің орталық кеңселері орналасып, жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамында. Бүгінгі күні медиация арқылы қаралатын істердің қатарының арта түсуіне қарап, қоғамда азаматтардың құқықтық сауаты жетіле түскенін, құқықтық мәдениет қалыптасып, азаматтық жауапкершіліктің де артқанын байқауға болады. Медиация жүйесі негізінен қоғамның басқа мәселелерін шешу мақсатында қолданылып отыр.

 Медиацияны татулық, бірлік, ауызбіршілік, ұлттар достығы сөздерінің синониміне айналып отырған Ассамблея арқылы дамытудың маңызы зор. Өйткені Ассамблея десе ұлттар бірлігінің, достығының символына айналған ұя елестейтініндей медиация жүйесінің де осы институт арқылы дамытуда қоғамға тезірек сіңісуі байқалады. Жалпы Ассамблея институтының қайырымдылық, медиация секілді игі істерді дамытуға қатысты өзіндік дамыту әдісі бар екені аңғарылады.

Бүгінгі күні еліміз бойынша медиациялық кабинеттер жұмыс жасап жатқаны белгілі болып отыр. Бұл – қоғамымыз үшін үлкен жетістік. Өйткені қоғамымызда қоғамдық сананың жетілуі, құқықтық мәдениеттің қалыптасуы тұрақтылықтың сақталып, бүкіл әлеуметтік құрылымның беріктігін қамтамасыз етуіне әсер етеді. Медиация жүйесінің қоғамымызда дендеп енуі дау-жанжалдардың тиімді шешілуіне мүмкіндік берді. Әсіресе отбасылық мәселелер, ерлі-зайыптылардың ажырасуы көбейіп тұрған кезеңде медиация жүйесі өте тиімді. Алматы қаласының Ассамблея Хатшылығының мәліметінше, Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту шеңберінде Алматы қаласының этномәдени бірлестіктері мен жұртшылығының қатысуымен, Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен қала және республикалық этномәдени бірлестіктері қоғамды біріктіру, толеранттылықты, қоғамдық келісімді, бейбітшілік және жақсылық идеясын дамытуға бағытталған 135 іс-шараны ұйымдастырып, өткізген. Ассамблея – әмбебап институт. Оның қол астынан Аналар кеңесі, Әкелер кеңесі, ғылыми-сарапшылық ұйым, Журналистер клубының құрылуы осыны аңғартады. Мұның барлығы заман сұранысына сай туындап отырған қызметтер.

Медиация қызметінің негізгі мақсаты  қос тарапты да қанағаттандыратын, даудың ортақ шешімін табу, «алтын аралығын» табу болып табылады. Медиация бүгінде негізінен азаматтық істерде, еңбек келісімшартына қатысты дауларда, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ, онша ауыр емес және ауырлығы орташа істерге қатысты дау-дамайларда қолданылып жүр. 

Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасында көрсетілгеніндей, Ассамблея қызметінің жаңа бағыттарының бірі елдегі медиация институттарын дамыту болып табылатыны алғашында көп мамандардың таңырқауын туғызды. Әрқашан ел бірлігін көксеп жүретін ұлттық этномәдени бірлестік өкілдері енді ел ішіндегі даулы мәселенің де оңтайлы шешімін табуға атсалысуы алғашында күмән тудырғанымен, уақыт өте мұның оңтайлы шешім болғанын аңғардық. Ассамблея бұл қызметті де ойдағыдай алып кетті. Жалпы алғанда, негізінен, Ассамблея жұмысының арқасында біздің елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделі, әрбір азамат этникалық және діни ерекшелігіне қарамастан Конституцияда кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалана алатындай ерекше сенім, ынтымақ, өзара түсініктік ахуалы, тұрақтылық қалыптасқан. Оның ішінде өзге елдерде медиация негізінен халықаралық, этносаралық дау-жанжалдарды шешу кезінде қолданылғанын тарихшылар растайды. Ежелгі Вавилонда, Грекияда осындай мақсатта қолданылған медиацияның біздің елімізде Ассамблеяның бір жұмыс бағыты ретінде белгіленуі тегіннен-тегін емес. Сондықтан біздің елімізде Ассамблеяның Достық үйлерінен ашылған медиация кабинеттері этносаралық келіспеушіліктердің де алдын алуда үздік тәжірибе болып отыр деп айта аламыз.

Қазіргі таңда бүкіләлемдік тәжірибеде медиация ірі бизнеске тән даулардан бастап, отбасылық дау-жанжалдарда, ажырасу барысында, ортақ мүліктерін бөлу кезінде, азаматтық істерде тиімді қолданылып жатыр. Медиация тәжірибесі бүкіл өркениетті әлемде кең таралған. Халықаралық статистикаға жүгінетін болсақ, әлем бойынша бүкіл келіспеушіліктердің 30-40 пайызы медиация арқылы шешіледі екен. Адами қағида бойынша тараптардың өзара бір-біріне кек сақтамауына, азаматтардың адамгершілік қасиеттерін арттыруға зор ықпалын тигізетін жүйе қазір әлем бойынша үлкен сұранысқа ие. Ұлтымыздың дәстүрінде бұрыннан бар билер институты қазақ қоғамына жат емес екенін уақыт өткен сайын дәлелдеп келеді. Медиацияның қоғам үшін пайдалы екенінің бір дәлелі – тараптар қаржылық шығындарға ұшырамай, уақыттарын да үнемдеп, өзара достық қарым-қатынасты сақтап қалуымен ерекшеленеді. Негізінен бұл жерде тәжірибелі медиаторлардың да маңызы зор. Сондықтан бүгінде елімізде тәжірибелі медиаторларды көбірек дайындауға күш салынуда. Ассамблея орталықтары да бүгінде медиаторларды дайындау ісіне ден қойған. Ассамблея арқылы медиацияның қолданыс аясын кеңейту тың тәсіл болып отыр. Медиацияны қолданудың оңтайлы үлгісін таңдау әр елдің өзіне байланысты деуге болады. Елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясы медиаторларының қызметі еліміздегі қалыптасқан тұрақтылық тұрғысынан бұл үлкен жетістік екені сөзсіз.

Г.ТҰРСЫН
04.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 58
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 31
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 59
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 23
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 168
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 172
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 388
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 353
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 970

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9048
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8444
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11671
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9435
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10652