Бейтараптық, бейбітшілік – жаһандық бастаманың ең ұтқыры

Бейтараптық, бейбітшілік –  жаһандық бастаманың ең ұтқыры

Қазақстан Республикасы көк туды төріне ілген сәттен бастап, бармағын тістеп, сан соқпаған бір ғана саясаты бар. Ол – бейбітшілікке ұмтылу. Көрінгенмен ұстасып, бір ғана планетада шоғырланған аздаған елмен қырық пышақ болу елді жалпы қоғамдық дамудан шеттетіп тастайтын да еді. Атом бомбасынан өз еркімен бас тартып, өзге де мемлекет басшыларына сол үлгімен жүру керек деп насихаттап, алғашқылардың бірі болып жаппай қырып-жою қаруын қолданбаймын деген құжатқа қол қойған да Қазақстан Республикасы еді. Әзірге дейін де бұл жолдан тайқақтамай, сыртқы саясатамыздың оңтайланып тұрғаны қуантады, әрине. 

Әр жерден бір жарқ еткен оқ отынан аман тұрғанымыз да содан шығар. Бейтараптық – жақсы таңдау. Өздігінен біреу соқтығыспаса, қандай да бір ұрынуға себеп таппасы анық. Оған мысал – Швейцария. Әлбетте, Швейцарияның әлеуметтік жағдайы мен өмір сапасы мен енді аяққа тұрған Қазақстанды салыстыруға келмес. Мұсылман болу әсте-әсте демекші, Швейцарияның деңгейі бір аттап жететін саты емес. Біздің айтып отырғанымыз, осындай жаһандық, расымен адамзатқа пайдасы бар, гуманистік, бейбітшіл басталамалар көтерілгенде, кейде тіпті Қазақстанның өзі осындай бастамаларды көтеріп, басы қасында жүретіні көңіл қуантады. ЕҚЫҰ-ға бір жыл басшы болып, БҰҰ Еуропадағы кеңсесін басқарып, әлем тарапынан сенімге ие болғанымыз да жаман емес. Украина мен Ресейді бітімге шақырып, үшінші тарап ретінде келіссөз жүргізуге орын беруге дайын екенін білдірген де біздің ел. Айта берсек бұндай бастамашыл идеялар жетіп артылады. Мысалы жақында, 19 сәуір күні ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко ЕҚЫҰ-ның Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі Арнайы өкілі мен үйлестірушісі Валиант Ричимен кездесу өткізді. Ол ЕҚЫҰ Нұр-Сұлтан қаласындағы Бағдарлама офисі ұйымдастырған «Жұмыс күшін пайдалану үшін адам саудасы – халықаралық сауда және бизнесті басқару заңнамасындағы соңғы өзгерістер туралы жаңарту» пікірталас форумына қатысу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласына сапармен  келген болатын. Кездесу барысында тараптар ЕҚЫҰ-ның 2003 жылғы Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі іс-қимыл жоспарын іске асыруды, Ұйым шеңберінде осы мәселені халықаралық аренада шешу үшін күш-жігерді, сондай-ақ соңғы жылғы Ауғанстан мен Украинадағы оқиғаларға байланысты көші-қон жағдайының нашарлауын талқылады.

«Қазақстан Орталық Азиядағы экономикалық көшбасшы деп ойлаймыз. Осыған орай, ЕҚЫҰ-да алғашқы пікірталас форумын Қазақстанда өткізу туралы шешім қабылданды. Осындай форматтағы іс-шаралар болашақта өңірдің басқа астаналарында да өткізілетін болады», – деп атап өтті В. Ричи. 

Өз кезегінде, Р.Василенко 2016 жылы күшіне енген ҚР Ішкі істер министрлігі мен ЕҚЫҰ Нұр-Сұлтан қаласындағы Бағдарламалар офисі арасындағы Адам саудасына қарсы күрес туралы меморандум аясындағы бірлескен жұмысты атап өтті. «Қазақстанның күш-жігері халықаралық деңгейде байқалатынымен, бұл біздің қол жеткізген жетістіктерімізде тоқталуға болады дегенді білдірмейді. Керісінше, осы ұят және қылмыстық құбылысқа қарсы күресте, оның үстіне халықаралық аренадағы жағдайдың ушығуы аясында бірлескен күш-жігерімізді арттыруымыз қажет», – деп атап өтті қазақстандық дипломат. Бұл да өз кезегінде осындай адамзаттың дертті, әлі де жабысып, қалмай келе жатқан кеселімен күресуде бастамашыл елдердің қатарынан табылып отырған Қазақстанның дұрыс саясаты деген ойымызды растайды. 

 

Абзал СҮЛЕЙМЕН
28.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 106
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 105
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 624
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 742
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 654
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 664

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8799
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8199
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11425
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9179
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10411