Бекасыл әулиені білесіз бе?

Бекасыл әулиені білесіз бе?

Түркістан облысы – тарихи-мәдени ескерткіштерге бай,  «тасын түртсе, тарихы сөйлейтін» киелі өңір.  Осындай киелі өлкенің бірі – Төлеби ауданы  Керегетас  ауылындағы  Бекасыл Биболатұлының кесенесі.

Бекасыл Биболатұлы өз заманында тарихи шежірелерді терең білген,  ілім-білімді игеріп,  жұлдыздар  сырын  ашқан,  дұғалардың құпиясын  меңгерген  ғұлама шипагер,  болжаушы болған.  Ол 1822-1915 жылдар  аралығында өмір сүрген  данышпан, теолог,  астролог,  математик,  философ.  Сайрам,  Ташкент,  Сарқант,  Бұхара,  Қарнақ,  Сирия еліндегі білім ордаларын  түгел меңгерген білімпаз.  Бекасыл әулиенің шөбересі Ботагөз Мамытбекова  бүгінде Шымкент қаласындағы Әл-Фараби қалалық кітапханасының кітапханашысы.  Ауданда да Сахара ғұламасы атанған  жан туралы білмейтіндер кемде-кем.  Ботагөз апай бүгінде арғы атасы туралы құнды деректерді қағазға қаттап,  қасиетті мекендерге саяхаттап,  мақалалар  жазып,  әлеуметтік  желілерге жүктеп  жүреді.  

Мен күн емеспін, 

Жұрттың бәрін жылытар.

 Мен құл емеспін, 

Ата-тегін ұмытар,  – деген  ол туған ауылда  Бекасыл бастауы бар.  Ол бастауда әулие ғұламалармен  бірге дәрет алып,  намазға жығылатын  қасиетті мекен  болған.  Бұл мекенде көзге көрінбейтін  періштелер  ғайыптан  түсіп,  бірге намаз оқитын  болған  деседі.  Туған  қарындасы Көккөз әже бұл құбылыстарды өз көзімен  көрген екен.  Бірақ  әулие оны ешкімге айтпауын  ескертіп,  тыйым салып  отырған.  Көккөз әже кейін,  әулие өмірден  өткен соң оның қасиетін,  өзінің көрген-білгендерін  ұрпағына өсиет етіп  айтып қалдырған.  Ал, әулиенің өз ұрпақтары өсіп-өніп,  ел тұтқасын ұстаған  азаматтар  болыпты.  

Бекасыл әулиеден  бүгінге жеткен  ең құнды мұра өзінің өмір бойы жазған  қолжазбасы «Жұлдызнама» деп аталады.  Заманында бабамыз  өзінің шәкірті,  ақын  Қазанғап Байболұлына «Мұның иесі келіп сұрайды,  соған дейін  сақтарсыңдар» деп табыстаған  екен.  Бұл жазба Қазанғап ақынның әулетінде бес жүз жыл сақталған.  Ал, 2003 жылы Бекасыл әулиенің шөбересі Ержан  Исақұлов атамыздың қолына тиеді.  Көне қолжазбаны Мақсұт Шапиғи,  Сәрсенбі Дәуітұлы сынды шағатай тілінен  сегіз ай бойы аударып,  соның өзінде қасиетті дұғалардың көбінің кілті ашылмай, біразы аударылмай қалған.  Араб, парсы, түрік тілдері араласып,  ескі діни нанымға,  көне аңыз әңгімелерге құралған  еңбек біздің дәуірге осылай жеткен.  

Бекасыл әулеиенің кескін-болмысын  біз  Мәшһүр Жүсіп қолжазбаларында жазып кеткен суреттеулер  арқылы танып-біле аламыз:  

– Есік пен төрдей күрең төбелден  басқа ат алып жүре алмас,  алып денелі,  бойы ұзын,  салалы саусақтары,  еңбектеген  бала түгілі жасы үлкенге көлеңке болғандай ірі. Үстінен  ақ киімін  тастамайтын,  сұрағандар  болса:  «Ақта қара жоқ,  қараға шара жоқ.  Шырағым,  ішің қандай ақ болса,  сыртың да солай болсын,  аққа Құдай жақ» деп отырушы еді.  Сонша ірі болса да асқа,  тамаққа қомағай емес.  Ішетін асының түрі – сүтке қосылған  жеміс талқаны,  қысырақтың қымызы,  ет біткеннен  қойдың құйрығын  турап,  араластырып  жатқаны.  Қанағатшыл адам,  – деп сипаттайды Мәшһүр Жүсіп  әулие абызды.  

Бүгінгі таңда елімізде мәдени-тарихи жерлерді қорғауға айрықша көңіл бөлуде.  Түркістан облысы да мұндай көне ескерткіштерге бай өлке. Бүгінде өлкеде барлығы 900-ге жуық ескерткіш тізімге алынған. Олардың ішінде ежелгі ғасырлардан қалған  оба қорымдары мен  елді мекендер,  қалалар мен  бекіністер,  қарауыл төбелер  мен  кәріздер бар. Сондай-ақ,  киелі мекен саналатын,  500-ге жуық  кесене тізімге алынып, ерекше қорғауға кірген.  

 

Д.ТОЙЛЫБАЙҚЫЗЫ
18.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 150
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 148
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 660
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 780
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 693
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 703

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8843
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8240
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11467
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9224
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10451