Бес бірдей су қоймасы салынады

Бес бірдей су қоймасы салынады

Біздің мемлекеттің агросалада әлеуеті өте зор. Күллі Еуропа мен Орта Азия жұртшылығы да Қазақстанды астықты ел ретінде таниды. Қазақстан бидай өнімін экспорттауда әлемдегі озық елдердің санатына кіреді. Экспорттың көлемі артқан сайын мемлекеттің де даму структурасы кеңейе түсетіні анық. Дегенмен, ғалымдардың айтуынша, 2050 жылға қарай жалпы жер бетінде су тапшылығы орын алуы бек мүмкін. Ол дегеніңіз ауылшаруашылығы саласына айтарлықтай кедергісін тигізеді. Сондықтан осы бастан мемлекетіміз сол мәселелердің туындамауын мықтап қолға алуда. Соның алғашқысы ретінде Президенттің пәрменімен Су және ирригация министрлігінің құрылуын атап өтуге болады. Аталмыш министрлік жайдан-жай құрылған жоқ. Өткен жылы аймақтың алты бірдей ауданында құрғақшылық орын алып, төтенше жағдай жарияланған болатын. Жалпы, бұл жағдай билік басындағыларға үлкен сабақ болып, олар да өз кезегінде тиісті шешімдер қабылдай бастады. Нәтижесінде облыс бойынша 18 су қоймасын салу жоспарға енгізілді. Соның бес бірдей су қоймасы Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының аумағында салынады. Әрине, бұл – қуантарлық жағдай. Атап айтсақ, Қарақыстақ, Шөңгер, Көкдөнен, Өрнек және Тереңөзек ауылдарының тау бөктерінде тіршілік нәріне тоспа қойылмақ. Өткен аптада аталмыш су қоймаларының орналасу аймағын айқындау үшін облыстық табиғи ресурстар және табиғатты қорғау басқармасының басшысы Олжас Баққараев пен «Жамбыл су қоймалары» мекемесінің басшысы Нартай Ергебеков ауданымызға арнайы келіп, аудан басшысы Ернар Есіркепов бастаған атқарушы билік өкілдерімен бірге әлгінде біз атаған тау бөктеріне ат ізін салды. Су шаруашылығына тікелей жауапты басшылар мен ауданымыздың атқамінерлері су қоймалары салынатын аймақтардың басында тұрып, таудан келетін ағын судың келу жылдамдығын, көлемін өз көздерімен көріп, өзара пікір алмасты. Сонымен қатар, бар мүмкіндікті саралап, туындап қалуы мүмкін мәселелерді де жан-жақты талқылады. Шыны керек, бұндай баянды бастамалар бұрын-соңды аудан тарихында болмаған. Ернар Есіркепов ауданның тізгінін ұстағалы бері көп мәселенің түйіні шешілуде. Соның бірі – тау басынан келетін ағын судың жетіспеушілігі. Әр округке барған сайын аудан әкімі «Қарақат» каналына қатысты мәселені жиі қозғайды. Бәрі бекер емес екен. Биыл аты аталған каналдың құрылыс жұмысына жұмсалатын қаржының жартысына жуығы бөлінген. Жоба келер жылға өтпелі. Дәл қазір мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Егер сәтін салып, жұмыстар ойдағыдай аяқталатын болса, тұрғындар ағын судан еш таршылық көрмейтін болады. 

«ҚҰЛАН МЕДИА» АҚПАРАТ
04.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 18
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 24
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 6
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 11
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 15
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 13
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 26
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 24
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 251
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 246
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 870

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8943
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8335
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11563
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9321
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10547