Бойкот жасағандар кімнің мүддесін қорғап жүр?

Бойкот жасағандар кімнің мүддесін қорғап жүр?

Президент сайлауына өз ортасынан кандидат ұсынбаған оппозиция сайлауға бойкот жариялап, өздерінің осы қадамын ерлікке санайтын сияқты. Менімше, мәселе басқада. Нағыз оппозиция болса, халықтың мүддесін қорғап, сол сайлауға қатынасып, өз көзқарастарын көрсетіп, билікке ықпал жасайтын тактикамен биліктің қателіктерін жұртқа көрсетулері керек еді ғой. Өйткені, өздері айтып отырған, осы жедел ұйымдастырған сайлау демократиялық ұстанымдарды өрескел бұзып отыр деген пікір халық арасында кең тарауда. Яғни сайлау кезінде көпшілік жұрттың сеніміне ие болатын еді ғой. Егер билік үйреншікті өз ресурстарын пайдаланып жеңсе, халық онда оппозицияның соңына еретін жолды таңдап, биліктің келешегіне күмән туғызатыны ақиқат болатыны белгілі еді. Бұл – қателескен билік жеңісінің ғұмырының қысқаруына әкелетін жол. Өйткені сайлау кезінде биліктің ұсынған кандидатына халықтың мүддесін қорғайтындай, еліміздің келешегіне қатер төндіретін мәселелерді қойып, соның қалай шешілетініне жауап сұрау керек еді. Бұл жерде, бойкот жасауымен сайлау кезінде қарсы пікір болмайтын жағдайға әкеліп, билікке үлкен көмек жасап, оларға барша жұрттың қолдауын алды дегенге жол ашып отырғаны аян. Бұлар НАН-ның бағытын қолдағандар ма деген сұрақ туады.

Нағыз халықтың мүддесіне қызмет ететін оппозиция сайлауға қатынасып, биліктің кандидатына мынадай сұрақтарға нақтылы жауап талап ету керек еді:

Бірінші, отыз жыл ішінде табиғи байлықтың қызығын көріп, ауқатты болудың орнына кедейленген қарапайым халықтың әлеуметтік мәселесін шешетін (декларация емес) нақты қандай шаралар жасалатыны;

Екінші, халқымыздың менталитетін ескеріп, ауылшаруашылығын көтеретін, (ауылдың әлеуметтік, медициналық жағдайын жақсарту, мәдени өмірін қала өмірі деңгейіне көтеру, әр ауылда қалдықсыз ет, сүт, көкөністерді өндіретін шағын технологиясы жетілген цехтар ашуға жергілікті бизнеске нақтылы көмек жасап, сол өнімдерді тұтынушыларға делдалсыз жеткізуге бағытталған Ұлттық Бағдарламасы бар ма? Бар болса, соған жұмсалатын қаржының нақтылы көлемі;

Үшінші, қысқа мерзімде орташа өмір сүретіндер мен кедейлердің қымбатшылықтан көріп отырған қиыншылығын шешу үшін арзан, сапалы тұтыну тауарларымен халықты қамтамасыз ету үшін жұмыс істейтін кәсіпорындарды іске қосу туралы әр аймақтың ерекшелігіне байланысты Ұлттық Бағдарламасы бар ма және оны іске асыратын орта және шағын кәсіпорындарды қаржылық қолдау туралы нақтылы шаралары қандай;

Төртінші, еліміздің келешегі жас ұрпақты өз халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу үшін (ашқарын, жоқшылық көрген жан өз елінің патриоты бола алмайды) дүниеге келуі мен азамат болғанға дейін оларға мемлекеттік қамқорлық жасайтын, нақты орта және кедейшілік деңгейде өмір сүретін отбасына көрсететін шараларға жұмсалатын қаржы көлемі (келешек ұрпаққа деген ұлттық қордың пайдаланылуы).

Бесінші, Қазақ елінің Кеңес дәуірі кезіндегі жүргізген ядролық және әскери полигондарды дамыту империялық саясаты әкелген экологиялық зардабы, еліміздің бар аймағында тұратын адамдарды ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын қасіретке (қатерлі ауруларға) душар етуіне байланысты әр отбасына жасалатын қаржылық тұрақты көмек көрсететін нақтылы шаралары бар ма? Осы барша халықтың ұрпақтарының денсаулығын сақтауға байланысты қазақ жерінде қандайда бір себеппен Атом электростанциялар салуға және басқа да зардап әкелетін өндірістер мен әскери жобаларға тыйым салатын шаралар туралы нақтылы ұсыныстары бар ма?

Алтыншы, адамзат өркениетінің тәжірибесі мен әлемдік қоғамтану тарихының заңдылығы, дүниежүзіндегі мемлекеттердің мемлекеттер қоғам өмірінде өз мемлекеттік тілінде өмір сүріп, оның мәртебесін заңмен қорғайды. Біздің тәуелсіз елімізде өзінің Ата Заңында көрсетілген мемлекеттік тіл мәртебесін заңмен бекітпей, бұрынғы империяның колониялық саясаты ықпалынан шыға алмай, барлық билік сатылары және заң қабылдау жүйесі жоғарыдан төмен қарай өз тілінде жұмыс істемеуі қашанға дейін созылатын мерзімін атауы қажет. Халыққа отыз жылдан асса да, жауабын таппай созылған осы мәселенің себебі неде? Ұлттық мемлекет (классикалық) құру үшін азаттықты қорғайтын қоғамдық сана қажет. Ол тек ұлттық идея негізінде өз тілінде және өзіндік ұлттық сана негізінде ғана қалыптасады. Осыған жауап бар ма?

Жетінші, мемлекеттің мықты болуы, әділеттілік пен теңдікті сақтап, елімізде тұратын халықтарының бірлігін сақтау үшін, биліктегі кадрлердің халыққа адал қызмет етуіне қажет білім мен өмірдегі тәжірибесіне байланысты жасалатын істер. Жоғары оқу орны білім бергенмен, халықпен жұмыс істеуді үйрете алмайды. Ал ел билеуге алдыңғы қатарлы елден білім алған деп, өз елінің менталитетін ескермей, тәжірибесіз жас кадрлерді билік сатыларына тарту үлкен қатер. Бұл автократиялық басқару жүйесіне пайдалы айтқанын орындайтын салдафон қызметкерлерді қалыптастырып, сол басқару жүйесінің мұрагері болып қалыптасады. Билік жүйесінде егде (аға), орта, жас буындар болуы бұл өмір заңдылығы, қоғамның демократиялық дамуына өте қажет. Дарынды жастарды егде, орта буындарға консультант (кеңесші емес) ретінде пайдалану ұтады, келешекте тәжірибе алған дарынды жастардан мемлекет қайраткерлері өседі. Жоғары билік сатыларына мемлекет тілін меңгермеген кадрді алу қоғамға зиян, бұл қадам өз халқына опасыздық әкелуі ықтимал. Осы мәселе қалай шешіледі?

Осы сұрақтардың бірін көтермеген азаматтар енді ойлануы қажет. Әлі де кеш емес, алда он күн бар. Аз ғана топтың мүддесін ойлап, халқының тағдырын, намысын қорғай алмағандар келешекте мемлекетшіл билік, не болмаса оппозиция болады деуге бола ма? Жоқ, ондай келте пікір тумауы керек. Оппозиция мен биліктің бағытын ұстағандардың бәрі халықтың намысын қорғамайды деген пікірді қолдауға болмайды. Оппозиция ішінде де, билікте де халықтың тағдырына жүрегі ауыратындар көп. Бірақ олар әртүрлі себептермен адасуы мүмкін. Әр адам өз ар-ұятына жүгініп қадамдар жасау қажет. Ол ұрпақтың келешегі үшін керек.

PS: Белгілі қоғам қайраткері, газетіміздің тұрақты авторы Болат Дүйсембі ағамыздың бойкот жариялағандарға арнаған 7 ұсынысы тек оларға ғана емес, болашақ президент болуға талпынып жатқандарға қарата айтылған тамаша ұсыныстар. Сондықтан біз мақала айдарына осындай жүк артып отырмыз. Ойлан, толған, жаңа болатын Президент! 

БОЛАТ ДҮЙСЕМБІ
10.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 40
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 116
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 34
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 49
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 41
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 111
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 116
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 308
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 302
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 925

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8998
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8393
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11618
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9376
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10602