Болмысты тірілту. Қолөнерді өнеге еткен ана

Болмысты тірілту. Қолөнерді өнеге еткен ана

      Қазақтың мәдени-эстетикалық өмірімен бірге өрнектелген қол өнері ата-бабамыздан келе жатқан ата мұра десек артық айтқандық емес. Дархан даламызда емін-еркін көшіп-қонып жүрген көшпелілердің өнері табиғатқа иек артады. Сол сұлулықты көркемдеп жеткізген талай ісмер, шеберлердің өнеріне үңілер болсақ, көрпе, алаша, сырмақ беттерінде төгіліп жатқан қалың көріністерді, қызғалдақтар мен жан-жануарларды көреміз. Жабелова Майнұр анамыз жас кезінен қазақтың тұрмыс-тіршілігімен етене таныс жан. Құрт-ірімшік қайнатып, кигіз басып, ою ойып, құрақ көрпе тігіп қана қоймай, ат жалын тартып мінген ұлтымыздың кешегі аруларындай талай тұлпардың құлағында ойнап өскен қазақтың алымды қызы. Қазақтың салт-дәстүрін дәріптеп, жоғары өреге көтерсек деген ниетпен ісмерлігімен көненің көзіндей болған әжеміз жайлы мына сұхбатымызды назарларыңызға ұсынбақпыз. Ендеше анамыздың өнегесіне үңілейік.

 

– Майнұр апа, қолөнерді сізге алғаш үйретіп, кімдер үлгі бола білді?

 

– Мен жылқышының қызы болған соң ат үстінде көп жүрдім. 18 жасымнан жылқы бақтым. Анам ісмер адам болды. Қасында отырып түйме қадаудан бастап, көрпе тігуге дейін үйрендім. Бірте-бірте ұзатылған қыздардың жасауын, төсек орнын өзім жасап беріп отыратын дәрежеге жеттім. Маған ши құрақ, жұлдыз құрақ құраған, қошқар мүйіз, мүйіздің түр түрін ойып, бастырып әртүрлі реңдердің үйлесімін тауып көрпе жасаған ұнайды.

 

– Қазіргі қазақтың жастарына бұл өнерді үйрету үшін, дәстүрімізді жалғастыру үшін не істеу керек деп ойлайсыз?

 

– Жастар дәстүрді бала кезінен, тіпті бесіктен бастап бойына сіңіруі қажет. Қазақ өнерінің маңызын ұғынуы үшін мектепте арнайы сабақтар қосылуы керек. Бала шақтан бастап ұлттық нақышты ұғындыру – әр баланың бойында ұлтына деген махаббатын оятады. Ал арнайы осы ісмер мамандығын алып шығамын деушілер түстердің үйлесімін, суреткерлікті, шеберлікті ЖОО-да үйрене жатар.

 

 

– Қазіргі ұлттық киноларымызда көрсетіліп жүрген дәстүрлер мен киімдердің нақышына не дейсіз?

 

– Киім үлгілерін таңдайтын мамандар барынша сол кезеңге және рудың киіміне сай киіндірсе жақсы болар еді. Мысалы қарапайым кимешектің түр түрі бар. Әр ру әр түрлі тымақ киеді дегендей. Дәстүрімізді көз алдымызға әкелетін қазіргі шығып жатқан сериалдар мен кинолардың ұлттық нақышына өз басым ризамын.

 

– Шетелдің мысалы кәрістердің, қытайдың, тіпті кейбір Еуропа елдерінің тарихи киноларында қазақтың кигіз үйін көріп қалып жатамыз. Кейіпкерлерінің жаға-жеңінде қазақтың қошқар мүйізі т.б. ою-өрнегі жүреді. Бұған көзқарасыңыз қандай?

 

– Әрине, дүниежүзі біздің дәстүрлі киімдеріміз бен нақыштарымызға таңқалып жатса, оған тек қуанамын. Бірақ кәріс пен қытай ұлтында ондай ою-өрнек болған жоқ. Б.з.б. II ғасырда сонау Еуропаға дейін жалғасқан Ұлы Жібек жолының арқасында мәдени байланыс орнап, қазақтың ұлы суреткер, ісмерлерінің еңбектері түрлі мемлекеттерге тараған. Бұл өте ертеден келе жатқан, негізінен осы Орта Азияда бастау алған өнер екені баяғы да тарих беттерінде тайға таңба басқандай жазылып қойған және оны мұра етіп отырған осы қазақ. Біз өз дәстүрімізді бағалап, қастерлеуіміз керек. Себебі ерекшелігіміз, болмысымыз осында жатыр.

 

– Қазіргі заманауи киімдер, сөмкелер, тақиялардың дизайнының өзгеруіне қалай қарайсыз?

 

– Өзгерістерге мен қарсы емеспін. Бірақ біздің ұлттық өнердің әдемі бір мәнері бар. Соны жоғалтпау керек және оның үйлесімін таба білу керек. Оны  өзгерту, өзге ұлттың киімдеріне еліктеу мүлдем дұрыс емес. Мысалы ұлттық бас киім деп қыз балаларға заманауи тақиялар тігіліп жатыр. Жастардың ұлттық нақышқа қызығып, оны брендке айналдырып жатқаны бізді қатты қуантады.

 

– Құрақ құрағанды ұнатамын дедіңіз. Құрақ жайлы айта кетсеңіз? Құрақ құрау көк инені түрпейтін қыз-келіншектерге қаншалықты қиынға соғады?

 

– Шын ықылас қояр болса, кез келген қазақтың қызы үйреніп алады. Құрақ құрауда оның әр сантиметр, миллиметріне дейін өлшеу, сәйкес келмесе қайта жасау үлкен шыдам мен төзімді қажет етеді. Ою-өрнекке келгенде дүниетанымы мен қиялына ерік беретін суреткер қыздар бар. Олар істі қызығушылық ретінде тез-ақ алып кетеді. Ал алғаш ісмерлікке келген қыздар икемі келе бермесе, белгілі дайын үлгілерге қарап жасаса болады.

 

– Жалпы қазақ халқы үшін қазіргі таңда дәстүрлі өнердің маңызы жайлы айта кетсеңіз?

 

– Біз дүниежүзін тек өз ұлтымыздың болмысымен, ерекшелігімен таңқалдыра аламыз. Салт-дәстүр мен ұлттық киімдерге, ұлттық қолөнерге мән беру бабамыздан келе жатқан болмысты тірілтумен тең. Ұлттық қол өнерге өнер деп қарасақ, оның маңызын ұғынғанымыз деп ойлаймын. 

 

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан – Дидар ҚАЙРАТ
31.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 109
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 109
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 625
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 743
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 655
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 666

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8802
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8201
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11427
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9181
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10412