ЦИФРЛАНДЫРУҒА АРНАЛҒАН КЕЛІСІМДЕР НЕ БЕРЕДІ?

ЦИФРЛАНДЫРУҒА АРНАЛҒАН КЕЛІСІМДЕР НЕ БЕРЕДІ?

Мәселен қазірге дейін чиптегі графикалық процессорлар мен жүйелерді (SoC) жасаушы Американдық технологиялық компания Nvidia-мен (NVIDIA Corporation) келіссөздер жүргізді. Қорытынды бойынша алдағы уақытта «Deep Learning Institute» бағдарламасы аясында Қазақстанның оқу орындарында жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламаларын іске қосу туралы келісімге қол жеткізілді. Сондай-ақ, білім беру мазмұнын қазақ тіліне локализациялау жүргізілетін» болды. Бұдан бөлек Жаслан Мәдиевтің басшылығымен атақты Сиэтлде Boeing компаниясының өкілдерімен кездесу өткенін де айта кету керек. Бұл кездесуде қазақстандық авиакомпанияларға ұшақтар жеткізу мәселелері талқыланған. Таратылған ақпаратқа сенсек, 2025 жылы Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейс ұшатын болмақ. Министрдің сапары аясында Andreessen Horowitz және Lightspeed Ventures ірі венчурлық қорларының өкілдерімен кездесулер өткен. Онда венчурлік инвестициялар саласындағы әлеуетті ынтымақтастық мәселелері талқыланған.

Министр Жаслан Мәдиевтің тағы бір маңызды кездесуі Google компаниясының өкілдерімен болды. Онда «тараптар бұлтты технологияларды, жасанды интеллектті және автоматтандыруды дамыту сияқты ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын талқылады. Сонымен қатар, бірлескен бастамаларды іске асыру бойынша жоспарлар белгіленді», – дейді министрліктің баспасөз қызметі. Бұлардың барлығы еліміздің цифрлық саласын, экономикасын дамытуға таптырмас мүмкіндіктер еді.

Енді қазақстандық мамандар Кремний алқабында оқитын болады

Күні кеше ғана министрліктің баспасөз қызметі тағы бір маңызды жаңалығымен бөлісті. Біз кәсіби мамандар үшін де, цифрлық саланың игілігін көріп отырған отандастарымыз үшін де маңызы зор деп танылған бұл ақжолтай хабардың өңін өзгертпей беруді жөн көрдік. «Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Alchemist X, Stanford Healthcare Innovation Lab, Draper University және Silkroad Innovation Hub-пен төрт келісімшартқа қол қойды. Олардың көмегімен Орталық Азияның 50 стартапы биыл Кремний алқабында оқыту және резиденттік бағдарламаға қатысу мүмкіндігіне ие болады. Бұл Цифрлық даму министрлігі, Astana Hub, Дүниежүзілік банк және FPIP жобасының қолдауының арқасында мүмкін болды. Alchemist-тің Кремний алқабындағы бес айлық интенсивті бағдарламасы «жетілген» B2B стартаптарына арналған және олардың АҚШ нарығына сәтті шығуына қолдау көрсетуді мақсат етеді. Бағдарлама қатысушылары клиенттермен алғашқы келісімшарттарды жасауға, инвестиция тартуға, клиенттердің қажеттіліктерін зерттеуге, тәжірибелі спикерлер мен менторлармен байланыс орнатуға, сондай-ақ АҚШ-тағы тұрғын үйге және Silkroad Innovation Hub қауымдастығына қол жеткізуге жан-жақты қолдау алады. Alchemist X бағдарламасына қатысуға 81 өтінімнің ішінен Кремний алқабына акселерацияға 10 стартап таңдалды. Олардың қатарында: cybernet.ai (Қазақстан), Parqour (Қазақстан), Axellero.io (Қазақстан), Workly (Өзбекстан), Relog.ai (Қазақстан), LoadConnect (Қырғызстан), Flowsell. me (Қазақстан), JobEscape (Қазақстан), Biometric.vision (Қазақстан), PointAI (Өзбекстан) бар. Сондай-ақ, 20-дан астам стартап Silicon Valley Residency Program бағдарламасына қатысады, ол онлайн пре-акселерациялық бағдарламадан тұрады. Осы бағдарламаның нәтижесінде стартаптар Silkroad Innovation Hub-та, Пало-Альто, Калифорния, оффлайн бағдарламасына қатысу үшін іріктеледі. Министр Draper University өкілімен кездесті және 10 қазақстандық стартаптың күзгі Hero Training бағдарламасына қатысуы туралы ниет хатқа (LOI) қол қойды. Кездесу Қазақстан мен Draper University арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін белгіледі, ол инновациялық жобаларды дамытуға және жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Бағдарлама жаңа бастап жатқан (early) стартаптарға арналған. Өткен жылы 27 қазақстандық стартап Hero Training бағдарламасынан өтіп, айтарлықтай жетістіктерге жеткенін еске саламыз, мысалы, Citix жобасы Тим Дрейперден 100 миллион доллар бағасымен инвестиция алды. Сонымен қатар, Жаслан Мәдиев Стэнфорд медициналық мектебінің кафедра меңгерушісі, ғылым кандидаты Майкл Снайдермен денсаулық сақтаудағы терең технологиялар саласындағы 10 қазақстандық стартап үшін жаңа бағдарламаны іске қосу туралы меморандумға қол қойды. Бағдарлама Stanford Healthcare Innovation Lab-те өтіп, алты аптаға созылады. Ол денсаулық сақтау, геномика, биоинформатика, биологиялық ғылымдар, дәлме-дәл медицина, нейроғылым және психология салаларында жұмыс істейтін стартаптарға арналған.

Бағдарлама қатысушылары Стэнфорд ғалымдарымен бірге өз өнімдерін жетілдіруге, АҚШ нарығына шығу стратегияларын қалыптастыруға, сату арналарын құруға және негізгі хабарламалар мен маркетингтік материалдарды оңтайландыруға мүмкіндік алады. Воркшоптар мен кездесулер бетпе-бет форматта өткізіледі, ал стартаптар тәжірибелі кәсіпкерлер мен инвесторлардан топтық воркшоптар мен іс-шаралар, сондай-ақ жеке коучинг алады», – делінген таратылған ақпаратта. 

Тарқатып айтар болсақ... 

Министр Жаслан Мәдиев «Alchemist X, Stanford Healthcare Innovation Lab, Draper University және Silkroad Innovation Hub-пен төрт келісімшартқа қол қойды, олардың көмегімен Орталық Азияның 50 стартапы биыл Кремний алқабында оқыту және резиденттік бағдарламаға қатысу мүмкіндігіне ие болады», – деген жаңалық елімізді қойып, тұтас Орталық Азияның цифрлық саласына қарқын беретін маңызды келісім екені даусыз. Осындағы аталған Alchemist X, Stanford Healthcare Innovation Lab, Draper University және Silkroad Innovation Hubтар туралы аздап тоқтала кетейік. Аталған институттар инновациялар және технологиялармен байланысты субъектілер болып табылады. Alchemist X – инновациялық өнімдер мен қызметтерді дамытуға және ілгерілетуге көмектесу үшін кәсіпкерлер мен инноваторларды қолдауға бағытталған акселератор және инкубатор. Олар стартаптардың өсуіне және табысқа жетуіне көмектесу үшін ресурстарды, нұсқауларды және қолдауды қамтамасыз етеді. АҚШ әлемдегі бизнес-инкубаторлардың бесігі және ең жетілген инкубатор индустриясы бар ел болып табылады. Жарты ғасырдан астам эволюциядан кейін бұл салада ең мықтылардың өмір сүруінің бірегей үлгісі мен тәжірибесін жасалып шықты. Қысқаша айтқанда, инкубаторға кіретін стартап-компаниялар ондаған доллардан жүздеген мың долларға дейінгі аралықтағы инвестицияға айырбастау үшін меншікті капиталының аз бөлігін айырбастауы керек. Қазіргі уақытта инкубаторлардың көптеген түрлері бар, олардың кейбіреулері жеке және мемлекет тарапынан қолдау табады, ал кейбіреулері белгілі бір салаға немесе технология саласына бағытталған, ал кейбіреулері бірлескен жұмыс орындарын қамтамасыз етеді; кәсіпкерлік тәлімгер ресурстары, сонымен қатар көптеген танымал университеттер бар. Міне, оның маңыздылығы да осы нарықтан игіліктене алуында жатыр.

АҚШ-тағы Ұлттық бизнес-инкубаторлар федерациясының статистикасына сәйкес, жоғары сапалы бизнес-инкубаторлармен инкубацияланған компаниялардың өмір сүру деңгейі жыл өткен сайын арта беруі мүмкін. Алайда басқа деректер көрсеткендей, егер инкубацияны бітірген компания акселерация бағдарламасынан қолдау ала алмаса, оның бір жыл ішінде белсенді болып қалу ықтималдығы тек 20% құрайды. Сондықтан бизнес-акселераторлар инкубаторлардың жалғасы ретінде пайда болады.

Stanford Healthcare Innovation Lab-Стэнфорд денсаулық сақтау инновациялары зертханасы. Ол медициналық инновацияларды ілгерілетуге және инновациялық шешімдерді бірлесіп әзірлеу және денсаулық сақтау саласының дамуын жақсарту үшін стартаптармен, ғалымдармен және салалық серіктестермен ынтымақтасуға бағытталған әлемдік деңгейдегі бірегей орталық. Дрэйпер университеті (Draper University) – кәсіпкерлер мен инноваторлардың келесі ұрпағын тәрбиелеуге арналған Калифорнияда орналасқан кәсіпкерлік мектебі. Олар студенттер мен кәсіпкерлерге өздерінің кәсіпкерлік армандарын жүзеге асыруға көмектесу үшін кәсіпкерлік курстарын, инкубатор бағдарламаларын және ресурстық қолдау көрсетеді. Кремний алқабында студенттерге бизнесті қалай бастау керектігін үйрететін көптеген мектептер мен мамандықтар болса да, Дрэйпер университеті деп аталатын бұл оқу бағдарламасында ерекше оқыту әдісі бар. Сонымен қатар бұл мамандықты құрудың мақсаты студенттерге бизнестің қиындықтарына қарсы тұруға психологиялық тұрғыдан дайындалуға көмектесу. Silkroad Innovation Hub – инноваторларды, бизнесті және инвесторларды байланыстыруға және инновациялар мен кәсіпкерлік экожүйені дамытуға жәрдемдесуге бағытталған бас кеңсесі Сингапурде орналасқан инновациялық хаб. Олар дамып келе жатқан бизнес пен кәсіпкерлердің өсуі мен табысына қолдау көрсететін инкубаторларды, акселераторларды және инновациялық іс-шараларды ұсынады.

PS: Кәсіби сала мамандары үшін таптырмас мүмкіндік болып табылатын бұл келісімшарттар алдағы уақытта өз жемісін береді деп ойлаймыз. 

ЕРҚАЗЫ СЕЙТҚАЛИ
31.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 74
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 596
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 712
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 625
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 635

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8767
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8166
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11395
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9149
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10380