ДАРХАН САТЫБАЛДЫ КЕНТАУДАҒЫ ЖЫЛУ ЭНЕРГО ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРДЫ БАҚЫЛАДЫ

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ КЕНТАУДАҒЫ ЖЫЛУ ЭНЕРГО ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРДЫ БАҚЫЛАДЫ
Кентаудағы Жылу энерго орталығының қазандықтарын жөндеу, жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр. Стратегиялық маңызы бар нысанның құрылысы қатаң бақылауға алынған. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жексенбі күні кезекті рет Кентаудағы Жылу энерго орталығына барып, құрылыс барысын қадағалады. Мердігерлердің есептерін тыңдап, тиісті тапсырмалар берді. Одан кейін дәстүргей сай Жылу энерго орталығында жиналыс өткізді. Жұмыстар сараланып, кемшіліктер айтылды.
Жиынға Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов, мердігер компания басшылығы мен жауаптылардың есептері тыңдалды. Жұмысты жылдамдату жөнінде тапсырма берілді. Сонымен бірге әрбір қазандық сапалы болуы тиіс екені тағы да ескертілді.
Айта кетейік, Кентаудағы Жылу энерго орталығында жыл басынан бері "ЭМ-холдинг" ЖШС "Қазандықтарды реконструкциялау" жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуде. Бекітілген кестеге сәйкес №8, №11 қазандықтар бойынша жұмыстардың аяқталуы биылғы 30 тамызға, №9, №10 қазандықтар қыркүйектің екінші онкүндігіне, ал №7, №12 қазандықтардың құрылысын аяқтау 30 қарашаға жоспарланған. Сондай-ақ №5 және №6 қазандықтарда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Тапсырыс беруші тарапынан бақылау және уақтылы ден қою мақсатында штаб құрылған. Штабтың кеңесінде жұмыс кестесінен артта қалу, сапа бойынша ескертулер анықталады және тәуекелдер туралы алдын ала ескертіледі. Тапсырыс беруші тарапынан жабдықтар мен материалдарды жеткізу жөніндегі мердігерлік ұйым шарттарының орындалуына бақылау жүргізіліп жатыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
23.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

28 мың орындық  мектеп салынады
Ш. МЕКЕНБАЙ, Шымкент қаласы - 04.09.2024 244
Жолдауға шынайы қолдау керек
Шолпан ҒАББАСОВА, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласы - 04.09.2024 314
Конституция күні аталып өтті
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 04.09.2024 267
Жаңа қонысқа ие болды
Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО Орал қаласы - 04.09.2024 303

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 4132
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 3561
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 5776
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 4536
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 5721