Экстремизм мен терроризм – ғасыр індеті

Экстремизм мен терроризм – ғасыр індеті

Терроризм мен экстремизм қазіргі заманның ең өзекті мәселелерінің бірі ретінде танылды. Экстремизм мен терроризм адамзат қауіпсіздігіне төнетін басты қауіп болғандықтан, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен бастап аймақтық халықаралық ұйымдарға дейінгі ең жоғары алаңдарда айтылады. Елімізде тәуелсіздік алған күннен бастап конфессияаралық қатынастар саласында салмақты мемлекеттік саясат жүргізілуде. Қоғамдағы экстремизм мен терроризмнің кез келген көріністеріне және біздің азаматтарымыздың конституциялық құқықтарына қысым жасауды көздейтін әрекеттерге қарсы қатаң әрі дәйекті қарсы тұру қаралды. Қазақстан Республикасының басқару тәртіптері мемлекетіміздің Ата Заңы Конституцияда белгіленгендіктен, ол талаптар қоғамның әрбір мүшесі тарапынан орындалуы тиіс. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылған. Іс-әрекеті мен мақсаты Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік, топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделген әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынады. Алматы облысы Дін істері департаменті мен оның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысының маңызды бағыттарының бірі – экстремистік және террористік қылмыстар бойынша түзеу мекемесіне қарасты мекемелерде жазасын өтеген және жазасын өтеп жатқан тұлғалармен ақпараттық-түсіндіру және оңалту жұмыстары. Бұл бағытта жазасын өтеп жатқан тұлғалармен жұмыс тәжірибесі бар теологтарды, дінтанушыларды, психологтарды тарта отырып, жоспарлы түрде жұмыстар жүргізілуде. Алға қойылған тапсырманың маңыздылығы мен жауапкершілігін ескере отырып, «Діни экстремизм құрбандарын және деструктивті ағымдарды ұстанушыларды оңалту орталығының» діни саладағы тұрақтылық пен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясындағы тиімділігі әрқашан да жоғары, өзекті және сұранысқа ие. Дін бостандығы көптеген дәстүрлі емес ағымдардың таралуына әкелді, олардың арасында деструктивті, тоталитарлық сипаттағы ағымдар бар. Дін туралы түсінбеушілік адамдарға зиян тигізуі мүмкін. Алматы облысы бойынша мемлекеттік қызметкерлер үшін діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл туралы профилактикалық дәрістер жиі өткізіледі. Алматы облысында «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» бағытында жұмыстар жүргізіліп келеді. Нәтиже жаман емес, дегенмен теріс ағымның жетегінде кеткендермен күресті бір сәтке тоқтатуға болмайды дейді мамандар. Аталмыш топтардың қатарын қоғамда өз орнын таба алмаған азаматтар мен діни сауаты қалыптаспаған жастар толықтырып келеді. Алматы облысында деструктивті діни ағымдардың таралу ошақтары Қарасай, Еңбекшіқазақ, Панфилов, Іле және Жамбыл мен Талғар аудандарында орналасқан екен. Алматы облысында мемлекеттік қызметкерлер деструктивті діни топтардың уағызын тыңдап келген. Экстремистік ағымдардың насихатына ілескендердің арасында студенттердің де бар екендігі айтылады. 2023 жылғы 5 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен және полиция органдарымен әрекеттесе терроризмді интернет желісі арқылы насихаттағаны үшін Алматы облысының тұрғынын ұстаған. Оның тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізу кезінде діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленген. Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-тармағы бойынша ол айыпты деп танылды. Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында орналасқан терроризм тұрғысынан осал аса маңызды нысандар ретінде танылған Полиция департаменті мен «Жылу орталығында» тәжірибелік оқу-жаттығу өткізілген. Іс-шара шартты сценарий бойынша жүзеге асырылды. Аталған күзетілетін нысандарға белгісіз адамның кіруі мен жарылғыш заттарды қалдыру жағдайлары қарастырылған. Оқу-жаттығу барысында ден қою дайындықтарының деңгейі тексеріліп, тиісті баға берілген. Алдағы уақытта Алматы облысында көптеген объектілік тәжірибелер өткізілу жоспарлануда. Діни экстремизм мен радикализм – бұл жалпыға ортақ проблема. Бұл проблемамен тек кейбір мемлекеттік органдар ғана жұмыс жасайды деп айтуға болмайды. Әрбір мемлекеттік орган өзінің функционалдық ерекшеліктерінің негізінде өз үлесін қосуы қажет. Терроризмге және экстремизмге қарсы тұру – бұл әлемде құқық пен тәртіпті қамтамасыз етудің маңызды бағыты. Тіркелген қылмыстардың жалпы санының террористік және экстремистік сипаттағы қылмыстардың шамалы бөлігі болып табылатындығына қарамастан, олар қоғамның, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының теріс реакциясын тудырады. Алматы облыстық ұлттық қауіпсіздік комитеті мен дін істері департаментінің қызметкерлері Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйымдар туралы, реттелмеген экспансия сипаты бар тоталитарлық секталар туралы, олардың білім беру, денсаулық сақтау саласына және Үкіметке белсенді түрде енуге тырысып жатқандығын айтады. Мұндай ағымның ықпалына шахид ретінде өлім қабылдауға ниет білдірген радикалды қыздар, жасөспірімдер тез түсетіндігі, мұндай діни бірлестіктердің негізгі мақсаты мен бағыты – өздерінің діни көзқарастарын көпшілікке тарату, жақтастардың санын толықтыру, шариғат басқармасын орнату, іргелі Ислам принциптерімен қоғам құру. Мұндай шаралардың мақсаты – балаларға, отбасы мүшелеріне, туысқандары мен таныстарына проблемалық мәселелер туындаған жағдайда көбірек көңіл бөлуге шақыру. Өйткені өмірдің қиын кезеңінде адамдар дәстүрлі емес діни бағыттарға еріп кетуге бейім. Елімізде 30 террористік акцияның дайындалу кезеңінде жолы кесілген. Әлеуметтік желілерде радикалды, экстремистік көзқарастағы бейнематериалдар мен жазбаларды таратқандығы үшін жүздеген азамат бас бостандығынан айырылған. Адамдар әлеуметтік желідегі пікірлері үшін де (комментарий) жауапқа тартылатындығын білгені дұрыс.

ЖАНСАЯ ТОЛҚЫНБЕК

03.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 6604
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 6731
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 21713
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 20328
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 23817