ЕҢБЕК ПЕН БІРЛІКТІ НАСИХАТТАҒАН «ШАҢЫРАҚ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

ЕҢБЕК ПЕН БІРЛІКТІ НАСИХАТТАҒАН «ШАҢЫРАҚ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Түркістан қаласындағы «Алатау медиа» орталығында 28 маусым – ҚР Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай облыстық «Шаңырақ» байқауының жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті.
Журналистер мен әлеуметтік желі қолданушылары арасында өткен байқаудың негізгі мақсаты - өңіріміздегі этносаралық достықты қалыптастыруға атсалысу, қоғамдық келісім мен бірлікті бекемдеу, еңбек адамдарының өмірін дәріптеу.
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен ұйымдастырылған байқауға облыстық, аудандық, қалалық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері және әлеуметтік желі қолданушылары қатысып, олар түрлі этнос өкілдерінің арасындағы мызғымас бейбітшілік пен еңбек адамдарының тыныс-тіршілігін жан-жақты насихаттады.
Байқаудың марапаттау шарасында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і басшысының орынбасары Ерназар Баетов БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтап, байқауға қатысып, белсенділік танытқан қаламгерлерге алғысын жеткізді.
Бірлікке үндеген байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен белгілі журналист Роза Нарымбетова І орын иегері атанып, қаржылай 150 000 теңгеге ие болды. Жүлделі ІІ орын иегері атанған әлеуметтік желі белсендісі Ақжүніс Қасымхан қаржылай 120 000 теңгені жеңіп алса, «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің аға тілшісі Бауыржан Ерман ІІІ орынды иеленіп, қаржылай 80 000 теңгені қанжығасына байлады.
Мұнан бөлек байқауға белсене қатысқан басқа да БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларына Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Е.Күзембаевтың атынан Алғыс хаттар мен қаржылай 30 000 теңге ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Жиын соңында «Шаңырақ» байқауына қатысқан авторлардың шығармаларына шолу жүргізілді. Бұл байқаудың қанаты кеңге жайылып, еліміздегі татулық пен бірлікті насихаттауда рөлі жоғары болғандығы атап өтілді.
 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
27.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕ
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі - 01.04.2025 142
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
Жамбыл облысы әкімдігі - 01.04.2025 192
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ ГҮЛМЕН КӨМКЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 66
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ  ТӨЛЕБИЛІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 246
ШАРДАРАЛЫҚ ЗІЛТЕМІР ШЕБЕРІ ТҰҢҒЫШ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 55

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3570
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 3778
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 18700
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17384
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 20805