Енді цифрлық теңге айналымға енеді

Енді цифрлық теңге айналымға енеді

Елімізде бюджет қаражатын ұтымды пайдалану мәселесінде қолға алынып жатқан шаралардың қатарына тағы бір жаңалық қосылды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады. Таратылған ақпаратта: «Бюджет қаражатының жұмсалуын таңбалау үшін цифрлық теңгені пайдалану бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Цифрлық теңгені бағдарламалау технологиясы Ұлттық қордың қаражатынан қаржыландырылатын жоба аясында тестілеуден өтуде», – делінген. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Ұлттық қордың қаражатынан цифрлық теңге (бұдан әрі – ЦТ) платформасын пайдалану бойынша пилоттық жобаның сәтті іске қосылғаны туралы хабарлайды. Ұлттық цифрлық валютаны енгізудің екінші кезеңі аясында бағдарламаланатын цифрлық теңге «Достық-Мойынты» теміржол учаскесін салуға жұмсалады. Цифрлық теңгені бағдарламалау технологиясы қаржы иесіне оны өз бетінше бақылауға және тиімді жұмсауға мүмкіндік береді. Пилоттық іске қосу барысында цифрлық теңге платформасында жобаны қаржыландыруға бөлінген ақшаға таңба қойылды. Таңбаланған цифрлық теңге қажетті міндеттемелерді толық көлемде орындаған ұйымдардың атына ғана төленеді. Таңбаланған ЦТ-мен есеп айырысу түпкілікті өнім берушілер мен мердігерлерге дейін бүкіл тауар жеткізу тізбегі бойынша жүргізіледі. Барлық тұтынушының цифрлық теңгедегі шоттарға қол жеткізуі нарыққа қатысушылардың қолданыстағы интерфейстері арқылы әдеттегі форматта ұйымдастырылған. Осылайша, таңбалау технологиясы бөлінген қаражаттың нысаналы жұмсалмау тәуекелдерін азайтады. Сондай-ақ мемлекеттік қаржы жұмсаудың айқын және тиімді болуын қамтамасыз етуге ықпал етеді», – делінген құзырлы мекеме таратқан ақпаратта. Қанатқақты жобаны ең алдымен «Самұрық-Қазына» АҚ бастаған алпауыттар бірлесе қолға алмақшы. Мұнда жобаны дамыту үшін бірқатар жоспарлар бекітілген екен. Пилоттық жобаны дамыту аясында цифрлық теңгені таңбалауда ақпараттық жүйелерді кемелдендіру, екінші деңгейлі банктерді де қатарға тарта отырып, қатысушылардың цифрлық теңгелерді қолданушыларды көбейту, сонымен бірге Ұлттық қордан қаржыландырылатын жобалардың платформасын пайдалану көзделген екен. Тағы бір маңызды тұсы, Үкімет пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірлесіп, ауылшаруашылығы, құрылыс салаларында бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қадағалау әрі мемлекеттік қолдау шараларын цифрландыру бойынша өзге де пилоттық жобалар іске асырылуда екен. «Салықтық әкімшілендіруді цифрландыру, ұлттық цифрлық валюталардағы трансшекаралық есеп айырысу және цифрлық активтер саласындағы есеп айырысу бойынша пилоттық жобалар да жоспарланған. Цифрлық теңгені енгізудің екінші кезеңінің нәтижесі 2024 жылдың аяғында қорытынды есеп (blueprint paper) форматында ұсынылады», – дейді Ұлттық банктің баспасөз қызметі. Қазіргі таңда цифрлық валюта, криптовалюта секілді ұғымдар қолдынысқа ене бастады. Цифрлық валюта мен криптовалюта – екі түрлі ұғым, бірақ олар бір-бірінің орнына жиі қолданылады. Цифрлық валюта цифрлық нысанда бар кез келген валютаға жатады. Бұл – орталық банктің цифрлық валютасы, виртуалды валюта немесе цифрлық төлем әдісі болуы мүмкін. Криптовалюта – қауіпсіздік пен анонимділікті қамтамасыз ету үшін криптографиялық технологияны пайдаланатын цифрлық актив болып табылатын цифрлық валютаның бір түрі. Сондықтан, криптовалюталар дәстүрлі цифрлық валюталарға қарағанда үлкен қауіпсіздік пен құпиялылықты ұсынатын сандық валюталардың ішкі жиынтығы болып табылады. Басқа сандық валюталар транзакцияны тексеру және пайдаланушының жеке басын қорғау үшін шифрлауды міндетті түрде пайдаланбауы мүмкін. Қазақстанда цифрландырудың қарқын алуына байланысты көптеген жаңалықтар өмірге еніп жатыр. Солардың ішінде тұтас ТМД аумағында алғашқы болып 2021 жылы желтоқсанда криптовалюта алмасу пилоттық жүйесін іске қосқан еді. Енді цифрлық теңгені айналысқа енгізу пилоттық жобасын бастады. Жоғарыда айтылғандай, мұның негізгі мақсаты бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалануды, бюджеттік басқаруды кемелдендіру, сондай-ақ қаржы секторын дамыту екені белгілі. Мұндай бастаманың ТМД елдері арасында қазірше Қазақстанда ғана қолданыла бастағанын айта кету керек. Ал ТМД-ның басқа елдерінің арасында Ресей де цифрлық валюталарды дамыту мүмкіндігін белсенді түрде зерттеп жатыр, бірақ қазіргі уақытта нақты іске асыру жоспары туралы нақты ақпараттарды кездестіре алғанымыз жоқ

25.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 229
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 226
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 728
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 851
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 764

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8921
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8314
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11541
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9298
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10526