Полигон зардаптарын жою үшін әлеуметтік шаралар қабылдану керек

Полигон зардаптарын жою үшін әлеуметтік  шаралар қабылдану керек

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2019 жылы ел тізгінін қолға алған кезде алғашқы сапарларының бірін қазақтың біртуар ұлы перзенттері Абай, Шәкәрім, Мұхтар туған Семей өңіріне арнаған еді.

Ұлыларға тәу етуге Жидебайға келіп, ел ақсақалдарымен кездесу барысында 40 жыл бойы ядролық жарылыстардың құрбаны болған халыққа арнайы әлеуметтік жағдай жасалатынын өз аузынан айтқан болатын.

 

 

Абай елі бұл ұсынысты аса зор қамқорлық деп қабылдап, үлкен қуанышқа бөленгені рас. Өйткені, радиацияның 3 ғасыр бойы адам ағзасына тигізетін әсерін білетін жұрт көңілдеріне медеу тапқандай болған. Ал осыған дейінгі «Полигон туралы» Заң өз миссиясын аяқтаған еді. Бірақ содан бері 5 жыл өтсе де, Үкімет үнсіз отыр. Үш жыл болды осы мәселемен шұғылданып келемін. Атап айтсам, Президентке, Парламентке, «АMANAT» партиясына, экология, денсаулық, әлеуметтік сала министрлеріне, жекелеген Парламент депутаттарына арнайы хаттар жазылды. Тұщымды жауап болмады.

Осы тақырыпта 3 рет «Қазақстан» ұлттық арнасынан, 4 рет «Евразия» мен Семей телеарнасынан сұхбат бердім. «Абай» журналында, «Ертіс өңірі», «Ана тілі», «Абай Елі» газеттерінде мақала шығардым. Полигонға байланысты өткен республикалық форумда 4 рет мәселе көтердім. Түрлі жиындарда сөйлеп жүргенімді жұрт біледі. 

 

Мынаған назар салыңызшы:

 

1. Ресейдің Алтай аймағында тұратын азаматтарына Семей ядролық полигонынан зардап шеккендер қатарында ай сайын ең төменгі жалақы мөлшерінде ақша төленетін көрінеді. 1993 жылы Ресей Президенті Б.Ельцин қол қойған заң әлі күшінде екен.

 

2. Ал 2002 жылы В.Путин шығарған федералдың заңы бойынша бұрынғы Семей облысының Бородулиха, Жаңа – Семей аудандарының 49 елді мекендерінде тұрып, Ресейге көшіп барған азаматтары және олардың балалары мен немерелері зейнетке 10 жыл бұрын шыға алады.

Сонымен қатар оларға 23 түрлі жеңілдіктер қарастырылған!

Бізде де осыған ұқсас әлеуметтік көмектер қарастырылса деп ұсыныс-талаптар айтып жүрміз. Оның ішінде полигон аймағында тұратын әйелдер – 55 жаста, ерлер – 58 жаста зейнетке шығу керек, дәріханаларда дәрі-дәрмектер 30% жеңілдікпен берілуі керек. Курорттар мен санаторийлерге, радиологиялық емханаларға, сауықтыру орындарына берілетін жолдама саны 50 пайызға көбейтілуі қажет.

 

3. Қызылорда облысының Арал, Байқоңыр аймағының тұрғындарына Аралдың тұзы мен Байқоңырдың ғарыш айлағының адам ағзасына тигізетін зияны үшін еңбекақы мен зейнетақыға 30 пайыз үстемеақы көлемінде беріліп отырғаны сияқты, полигон аймағының тұрғындарына да сол көлемде әлеуметтік қосымша қаражат ай сайын төленсін. «Жедел жәрдем» қызметі Семей қаласынан ауданның құзырына қайтарылып берілуі қажет. 

Полигон аймағының ауылшаруашылығына жарамды 9 мың шақырым жері Абай ауданының Саржал ауылдық округінің аумағына заңдастырылып берілсін.

Бұл айтылғандар біз қозғап жүрген мәселелердің ең бастылары ғана! 

 

Сондықтан «Семей ядролық полигонындағы сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі тиіс. Ең абзалы – жаңадан заң қабылданса, нұр үстіне нұр болар еді.

Осы аталған мәселелер қамтыла отырып, полигон аймағының тұрғындарына арналған кең көлемді шаралар жүзеге асатынына сенеміз.

Ұлылар елі «Жаңа Қазақстан» құру жөніндегі бағдарламаларды қолдайды. Еліміздің бай, қуатты мемлекетке айналатынына зор үмітпен қарайды.

 

Абай елінің атынан:   Аманғазы Төлеубек Аманғазыұлы,

Абай аудандық Қоғамдық  кеңесінің төрағасы, Әлеуметтік еңбек саласының үздігі, 

ҚР мәслихаттарының  Құрметті депутаты, Абай ауданының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері

 

Төлеубек Аманғазыұлы
21.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

Төбет – қазақтың ұлттық бренді
Жасұлан АБДИҒҰЛОВ, Қуат НҰРҒАЛИЕВ, әуесқой итбегілер - 09.12.2024 81
  Алтын қолды дәрігер
Аяужан ЖАЙЛАУҚЫЗЫ, Алматы қаласы - 08.12.2024 31
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 90
Шығыста шаруа қазаны қаз-қаз қайнап тұр
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 94
АБАЙ ЕЛІНДЕ АЛАШТЫҢ РУХЫ БАР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 100
Шығыста шаруа қазаны қаз-қаз қайнап тұр
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 94
АБАЙ ЕЛІНДЕ АЛАШТЫҢ РУХЫ БАР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 100
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 90
Ақмола астық жинаудан рекордтық көрсеткішке жетті
Дайындаған – Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 07.12.2024 87
РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨКСЕГЕНІ НЕ?
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 07.12.2024 84
Ән өнерінің саңлағы
Саяжан ҚАЙДАР - 06.12.2024 95
ТҮРЛЕНГЕН ТҮРКІСТАН, ҒИБРАТЫ МОЛ КИЕЛІ МЕКЕН
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 06.12.2024 94
Тоқсанның төріндегі театр
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 06.12.2024 89

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 10373
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9353
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12593
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11565
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 16576