Ерекше балаларға ерек қолдау

Ерекше балаларға ерек қолдау

Қазіргі біздің қоғамда бойында кемтарлығы бар балаларды мүмкіндігі шектеулі деп атайды. Әрине, бұл мүгедек дегеннен әлдеқайда жақсы. Десе де, жаратылысы ерекше осындай жеткіншектердің қоғам өміріне араласуда расымен де мүмкіндіктері шектеліп отыр.

 

Лайықты білім алып, көшеде жүріп тұру, өз бетінше қалаған жеріне қатынау деген дүниелер мұндай балалар үшін қиынның қиыны. Көшеге шыға қалса, көпшіліктің назары өзіне телінетін кемтар баланың қоғамға бейімделіп кетуі, арнайы балалар арбасымен білім алып, өздері сынды жеткіншектер мен қатар мектепке барып, қоғамда ешқандай алалау көрмеу олардың кейбіреуі үшін тіпті мүмкін емес нәрсе. Елімізде мүмкіндігі шектеулі адамдарға мүлде жағдай жасалмаған деуден аулақпыз. Мемлекеттің қолдауымен елімізде мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы оңалту және бейімдеу орындары баршылық. Сондай шағын орын аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұсынысымен 2021 жылдың 1 5 қарашасында «Биназар» қонақүйінің екінші қабатынан Айымбекова Қаламқас Сыдыққызы жетекшілік ететін «Жамбыл облысының мүгедектерін әлеуметтік қорғау» қоғамдық бірлестігі ашқан болатын. Ол Мойынқұм ауданының «Тірек-қимыл аппараты бұзылған және психологиялық ауытқушылығы бар мүгедек балаларға арналған сыйымдылығы шағын үйі» деп аталады. Аталған шағын үй 10 мүмкіндігі шектеулі балаға арналған. Шағын үй халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты бойынша мүмкіндігі шектеулі балғындарға әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік- тұрмыстық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік- экономикалық, әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсетеді. Шағын үйге 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балалар жеке оңалту бағдарламасы арқылы келеді. Шағын үй халықты әлеуметтік жағынан қорғау құрылымы болғандықтан, аудандағы кемтарлығы бар балаларды қоғамға бейімдеу, өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын үйрету, түзете отырып оқыту және жан-жақты тәрбиелеу, сонымен бірге қарапайым еңбек дағдыларына баулу сынды қызметтер көрсетіп, сол арқыл балалардың болашаққа деген ынтасын оятады. Шағын үйдің тағы бір басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған ата-ананы күйзеліске түсуден құтқарып, ел қатарлы еңбек етіп, қоғамға өзінің пайдасын, ел экономикасының дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік беру болып табылады. Шағын үй арқылы Насихат Шикетаева, Тоғжан Дүйсебек, Айсұлу Абдуалиева, Бақыткүл Мақұлбековалар сондай мүмкіндікке ие болып отыр. Бір айта кетерлігі, мұнда қабылдану үшін балалардың қолында мүгедектің жеке оңалту бағдарламасы болуы шарт. Бұл дегеніміз – мүмкіндігі шектеулі әр баланың кәсіптік оңалту бағдарламаларының орындалуын іске асыратын мүгедектігі туралы құжаты болуы керек дегенді білдіреді. Шағын үйдің қызметкерлері балалармен жұмыс нәтижелі жүру үшін алғаш келген баланың ең бірінші құжаттарымен танысады. Әр жеткіншекке жеке тұлға ретінде қарап, төмендегідей жеті бағыт бойынша жұмыстарын жүргізеді. Атап айтқанда, педагогикалық, психологиялық, медициналық, мәдени, құқықтық, экономикалық және әлеуметтік тұрмыстық бағыттар. Қабылданған бала орталыққа он күн бойы бейімделеді. Сол аралықта әр бала жеке-жеке қызметкерлердің бақылауында болады. Осы уақытта әр маман түрлі әдістемелер арқылы толық тексеру жүргізеді. Тәрбиешілер баланың өз-өзіне қызмет көрсетуін, тазалық дағдыларын және әлеуметтік бағдарлауын анықтаса, әлеуметтік маман олардың психикалық даму деңгейін жан-жақты мүмкіншіліктерін анықтаумен айналысады. Сондай- ақ, музыкалық және еңбек ұстаздарымен бірге педагог, психолог мамандар да әр баламен жеке-жеке жұмыс істейді. Мысалы, Айсұлтан баспалдаққа мініп түсуді, Әбубәкір амандасуды, аяқ- киімін шкафқа қоюды, Рауан билеуді, ортамен араласып кетуді, Әйгерім, Бексұлтан, Өмірзақтар жазу жазып, тақпақ жаттауды үйренді.

 

– Шағын үйдегі ерекше жаратылысты балалар қоғамнан алшақтап кеткендіктен, оларды ортаға бейімдеу біздің міндетімізге кіреді. Олардың өз бетінше қол жуып, киім киюлері де ортаға бейімдеуге жатады. Қазіргі кезде 10 балаға әлеуметтік қызмет көрсетудеміз. Ата-аналарға қаржылай көмек ретінде Мойынқұм ауылындағы шағын үйде қызмет алушы балғындарды жеңіл көлікпен күнделікті алып келіп, апарып тастаса, А.Назарбеков, Жамбыл, Хантау ауылдарынан балаларды «Инватакси» таңертеңгісін алып кетіп, кешке үйлеріне апарады.

 

Балаларға үш мезгіл тамақ беріледі. Тамақты келісімшартқа сай «Шайбани» жеке кәсіпкерлігі гигиеналық талапты сақтай отырып, арнайы контейнерлік ыдыспен алып келеді. Балаларды бір мезгіл далаға алып шығып серуендетеді. Жаңа жыл, Наурыз, балалар күндері ата-аналардың қатыстырылуымен мерекелік шаралар өткізіледі. Мойынқұмдық жас кәсіпкерлер Еркебұлан Ерланұлы мен Ернар Жұмажан өздерінің «аюларын» алып келіп, балаларды ойнатады. Сондай-ақ, «Бек» сауда орталығының бір бөлмесін жалға алып, түрлі ойын алаңшасын орнатқан Айтбай Отыншиев сынды жас кәсіпкерлер аптасына бір рет шағын үйдің балаларына тегін ойнау мүмкіндігін ұсынады.

 

Таңертеңгісін шағын үйге келген балалар еліміздің Әнұранын шырқайды. Жеңіл әуен қойылып бір мезгіл би де ұйымдастырылады. Шағын үйде мүмкіндігі шектеулі балғындарға жүргізуші Марат Рысбеков, әдіскер Шолпан Бақыбаева, медбике Бейбіткүл Асылбекова, музыкант Кенже Тажибаева, массажист, дене шынықтыру жаттықтырушысы Еркебұлан Сейдакбар, педагог-психолог Фарида Тыныштықбаева, әлеуметтік қызметкер Аида Әбілдаева, тазалықшы Айгүл Жұманова, вахтер Гүлбақыт Битанова өз салалары бойынша қызмет көрсетеді, – дейді «Жамбыл облысының мүгедектерін әлеуметтік қорғау» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Салтанат Тәуекелқызы Аутенова.

 

– Осы шағын үй ашылғанда қатты қуандым. 12 жасар мүмкіндігі шектеулі қызым бар. Таразда арнайы мектепте оқитын. Шағын үй ашылған бетте қызымды осында ауыстырып алдым. Қызым сонда өтетін мәдени шараларға белсене қатысады. Үйге келіп оқыту бағдарламасы бойынша мұғалімдер келіп қызымды оқытады. Қызыма орта ұнады, кешке үйге қайтқысы келмейді, – дейді Камшат Буласова.

 

Шағын үй қызметкерлерінің атқарып отырған жұмыстарынан мүмкіндігі шектеулі ерекше балалардың қарапайым ортаға бейімделуі және олардың ел қатарлы өмір сүруіне үлкен ықпал жасайтынын аңғардық. «Бала тағдыры – ел тағдыры» деп қарап, ұрпақтың өмірге келген сәтінен бастап, тәлім-тәрбиені бойларына сіңіріп, мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік өмірге даярлап, еліміздің дамуына өз үлесін қоса алатын азамат тәрбиелейтін кез келді.

 

Бұл талапты біздің мақаламызға арқау болып отырған «Тірек-қимыл аппараты бұзылған және ауытқушылығы бар мүгедек балаларға арналған сыйымдылығы шағын үй» мекемесінің ұжымы мүлтіксіз орындап, мүмкіндігі шектеулі балғындардың өмірге деген құштарлығын арттыруға зор үлес қосуда. Ұжым алда да жеткіншектерді тәрбиелеуде педагогика-психология ғылымының соңғы жаңалықтарын молынан пайдалануды ұйғарып отыр.

 

Жолдыбай ДӘМЕТОВ. Мойынқұм ауданы
27.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 137
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 57
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 174
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 171
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 137
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 282
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 284
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 500
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 457

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9155
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8554
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11781
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9549
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10762